Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

МИКРОТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР САЙРАМ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫ МЫСАЛЫНДА

https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.72.i1.02

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада Сайрам ауданының микротарихы мысалға алына отырып жаңа бір қырынан танылады. Сонымен бірге микротарих ұғымына түсінік беріліп, микротарих бағытының даму жолдарына шолу жасалды. Осы тұрғыда итальяндық ғалымдар К.Понидің, Э.Грендидің, Дж.Левидің микротарихтың қалыптасуындағы көзқарастары талданады. Қазақстандық К.К. Абдрахманова, Л.А. Бисембаева сынды басқа да микротарих әдісімен ұжымдық зерттеулерге шолу берілді. Мақала барысында Сайрамның өткен XX ғасырдың басындағы тұрмыс-тіршілігіне жалпы сипаттама берілді. Бұл тұрғыда тарихшы С.Жолдасовтың зерттеулері алға тартылды. Белгілі ғалым Дж.Левидің өз дереккөздерінен ашпақ болған сұрақтары демографиялық көрсеткіштерден бастап, отбасылық құрылымдар мен байланыстар, жерге байланысты операциялар Сайрам ауданындағы демографиялық жағдай мен тұрғындардың құрамы, рулық құрам, жерге байланысты қатынастар ұқсастығы салыстырмалы түрде атап өтілді. Сайрамдағы Кеңес үкіметінің Жерге салық саясатындағы салықтық нормативтердің кемшілігі салдарынан шаруалардың жаппай наразылығы орын алды. Соның салдарынан толқулар тіпті көтерілістер пісіп жетілді. Мақалада архивтік дереккөз ретінде 1922 жылғы Шымкент уезі тұрғындарының тізімі мен құрамы туралы «Императорлық орыс-географиялық қоғамының» Түркістан бөлімінің мәліметтері келтірілді. Сайрам ауданындағы Қарабұлақ, Манкент елді мекендерінің атауы турасында да пікірлер қозғалды. Сондай-ақ осы елді мекендердің тұрғындары болған түрлі этностардың өздерін қалай атайтыны, өзара ерекшеліктерін қалайша сақтауға тырысқанына талдаулар жасалынды. Қарабұлақ, Манкент өзбек этностарының сөйлеу мәнерінің Ташкенттік өзбектерден ерекшеліктері мен олардың дыбыстық фонеміне салыстырмалы баға берілді.

Авторлар туралы

Ж. Таштанов
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Жаңабек Таштанов – негізгі автор, тарих ғылымдарының магистрі, PhD докторaнты «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының аға оқытушысы

Шымкент қ



С. Жанболатов
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Қазақстан

Саттар Жанболатов – педагогика ғылымдары кандидаты, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасының аға оқытушысы

Шымкент қ



Әдебиет тізімі

1. Кром М.М. Тарихи антропология. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры: — Алматы. — 2020. — 204 б.

2. Гинзбург К. Микроистория: две-три вещи которые я о ней знаю. Современные методы преподавания новейшей истории: Материалы из цикла семинаров при поддержке ТАСIS. — Москва. — 2004. — С. 287-320

3. Poni C. (1978) Agricultural company and microhistory. Historical notebooks. Vol.39. P. 801-805

4. Grendi E. (1977) Microanalysis and social history. Historical notebooks. Vol.35. P. 506-520

5. Абдрахманова К.К. Повседневная жизнь городов Центрального Казахстана в 1945-1953 гг. – Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук: — Караганда. — 2009. — 30 с.

6. Қойгелдиев М.Қ. Жамбыл облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945 жж. — Алматы: — «Арыс» баспасы. — 2015. — 584 б.

7. Қойгелдиев М.Қ. Қоғамның тарихи жады: ХХ ғасыр Алматы облысы Ескелді ауданы тұрғындарының өмірбаяндық әңгімелерінде. Ғылыми басылым. — Алматы: — «Дәстүр» баспасы. — 2015. — 244 б.

8. Бисембаева Л.А. Жетісу облысы ауыл және село тұрғындарының күнделікті өмірі (1867-1917 жж). – Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. — Алматы. — 2019. — 179 б.

9. Cochran G. (1988) Inheriting Power: The Story of an Exorcist. Engl. transl. Chicago: London. 85 p.

10. Жолдасов С., Жолдасов Б. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің очерктері (XVIII-XIX ғасырлар). — ҚазАқпарат: — Алматы. — 2007. — 358 б.

11. Түркістан облыстық мемлекеттік архиві. 1169-қор. 2-тізбе. 3-іс. Б.1-33

12. Түркістан облыстық мемлекеттік архиві. 1169-қор. 2-тізбе. 3-іс. Б. 2-10

13. Түркістан облыстық мемлекеттік архиві. 1169-қор. 2-тізбе. 3-іс. Б.11-24


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Таштанов Ж., Жанболатов С. МИКРОТАРИХИ ЗЕРТТЕУЛЕР САЙРАМ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫ МЫСАЛЫНДА. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2024;72(1):17-25. https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.72.i1.02

For citation:


Tashtanov Zh., Zhanbolatov S. MICROHISTORICAL STUDIES ON THE EXAMPLE OF RESIDENTS OF THE SAIRAM REGION. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2024;72(1):17-25. https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.72.i1.02

Қараулар: 455


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)