АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.73.i2.19
Аннотация
Бұл мақаланың негізгі мақсаты адам өмірінде тумысынан берілетін, ажырамас, аса бағалы қазынасы танылатын адам құқықтарының халықаралық құқықтық теориясының бірнеше мәселелерін қарастыру болып табылады. Адам құқықтарының теориялары бастау алатын Ежелгі Грекия, Рим кезеңінен бастап, XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропа ұлы ғұламаларының адам құқығы жөніндегі теорияларын зерттеп, 1789 жылғы Француз революция кезеңі мен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында енгізілген өзгерістерге үңіліп, қазіргі күнге дейінгі адам құқықтарының дамуын түсіндіре отырып, халықаралық қатынастарда, халықаралық құқық саласында алатын орны қарастырылады. Халықаралық деңгейде ұлы философтардың адам құқықтары ұғымына берген әртүрлі түсініктемелері мен көзқарастары, оның ішінде иерархия, бірлік, біржүйелілік, тәуелсіздік, билік, әділеттілік және заңдылық мәселелері сияқты халықаралық құқықтың теориялық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, адам құқықтарының халықаралық құқық саласындағы құндылығы, ерекшелігі, тәуелсіздігі, өзара теңдігі және оларды қорғауда мемлекет және өзге де құқықтық институттарының міндеті туралы түсінік беріледі. Халықаралық қатынастарда утилитаризм, конструктивизм, либерализм, феминизм, космополотизм және басқа да теориялардың шығуы мен мәні, қазіргі замандағы адам құқықтары туралы түсінікке қосқан үлесі қарастырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропалық адам құқықтары Соты сияқты халықаралық ұйымдардың адам құқықтарын қорғау мен насихаттаудағы рөлі және аталған ұйымдардың нормативтік актілерді әзірлеп, оған мүше мемлекеттердің актілерді сақталуын бақылауы, адам құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарды қарап, реттеу секілді қызметтері көрсетіледі.
Автор туралы
С. СабикеновРесей
Салахиден Сабикенов – негізгі автор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық ғылымының жанындағы Сорбонна-Қазақстан институты, «Құқық» кафедрасының академигі.
Алматы қ., 050000
Әдебиет тізімі
1. История политических и правовых учений / под общ. ред. В.С. Нерсесянца. — 2000. — С. 44-50
2. Исаев И.А. «О противоречиях у стоиков»: естественное право и справедливость. История государства и права. — 2013. — 222 с.
3. Алексеев-Попов В.С. О социальных и политических идеях Жан-Жака Руссо / Руссо Ж.Ж. Трактаты. — 1969. — С. 487-554
4. Европейская конвенция по правам человека / Конвенция ЕКПЧ — СТ. 53 Гарантии в отношении признанных прав человека. [Электронный ресурс] — URL: https://www.coe.int/ru/web/compass/the-european-convention-on-human-rights-and-its-protocols (дата обращения: 20.05.2022)
5. Celicia M. (1990) The Inter-American Commission on Human Rights and The Inter-American Court of Human Rights: Reflections on a Joint Venture. 439 p.
6. Мовчан А.П. Права человека и международные отношения. — 1982. — 123 с.
7. Baylis Ch. (1944) Towards an International Bill of Rights. N.Y. P. 244-253
8. Всеобщая декларация прав человека и основных свобод: 45-я годовщина. — Париж. — 1994. — C. 43-63
9. Montgomery J.W. (1984) The Marxist Approach to Human Right: Analysis and Critique. California. P. 69-99.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Сабикенов С. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2024;73(2):212-220. https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.73.i2.19
For citation:
Sabikenov S. INTERNATIONAL LEGAL ISSUES IN THE THEORY OF HUMAN RIGHTS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2024;73(2):212-220. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2024.v.73.i2.19