Кеңестік еңбек лагерлеріндегі әскери тұтқындар: №348 лагерь мысалында
https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.04
Аннотация
Мақалада №348 лагерьдің құрылуы, қызметі және оның Оңтүстік Қазақстандағы экономикалық рөлі жан-жақты зерттеледі. Кеңес Одағының соғыстан кейінгі кезеңдегі еңбекке мәжбүрлеу саясаты аясында әскери тұтқындар өндірістік, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында кеңінен пайдаланылды. Осы лагерьде негізінен жапон әскери тұтқындары ұсталып, олар Ащысай полиметалл комбинаты, Шымкент қорғасын-мырыш зауыты, Ленгер көмір шахталары сияқты өнеркәсіптік нысандарда ауыр жұмыс атқарды. Зерттеу барысында ғылыми айналымға енді ғана енгізіліп жатқан, бұрын «құпия» және «аса құпия» мәртебесіне ие болған архивтік құжаттар негізге алынды. Сонымен қатар, тарихи зерттеулер, ресми есептер және сандық мәліметтер кешенді түрде қарастырылды.
Зерттеу мақсаты - тарихи-салыстырмалы, жүйелік және сандық талдау әдістері негізінде, №348 лагерьдің Кеңес Одағындағы еңбекке мәжбүрлеу жүйесіндегі орны анықталды. Лагерьдің құрылымы, тұтқындардың еңбек жағдайлары, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу деңгейі, азық-түлікпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі мәселелері жан-жақты талданды. Лагерьдегі әскери тұтқындар ауыр еңбекке тартылып, олардың өмір сүру жағдайларының төмендігі, еңбек өнімділігіне әсері мен әлеуметтік жағдайлары сараланды. Сонымен қатар, №348 лагерьдің өндірістік дамуға қосқан үлесі қарастырылып, оның өңір экономикасындағы маңызы бағаланды.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан аумағындағы әскери тұтқындар лагерінің құрылымы мен оның әлеуметтік-экономикалық маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Алынған материалдар кеңестік еңбек лагерлерінің қызметін зерттеуге, сонымен қатар, соғыстан кейінгі кезеңдегі еңбекке мәжбүрлеу жүйесінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда қайта қарастыруға негіз болады.
Авторлар туралы
Л. С. ДинашеваҚазақстан
Лазат Динашева – негізгі автор, тарих ғылымдарының кандидаты, Гуманитарлық мектептің қауымдастырылған профессоры, Халықаралық туризм және меймандостық университеті.
Түркістан қ., 161200
Б. Қ. Исабек
Қазақстан
Баршагүл Исабек – тарих ғылымдарының кандидаты, «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті.
Шымкент қ., 160005
Әдебиет тізімі
1. Мотревич В. П., Старикова О. Н. Лагеря ГУПВИ НКВД (МВД) СССР на территории Казахской ССР в 1941-1950 гг. Материалы Международной научно-практической конференции, посвященной 25-летию Независимости Республики Казахстан. 2016. [Электронный ресурс] - URL: https://elar.urfu.ru/bitstream/10995/43711/1/03-ach-2016.pdf. (дата обращения 04.12.2023)
2. Дильманов С. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана (1930–1956 гг.). Диссертация на соиск.д-ра ист. наук. -Алматы, –2002. – 350 с.
3. Михеева А. Иностранные военнопленные и интернированные в Центральном Казахстане (1941 – начало 50-х гг. ХХ века). Дисер. – Караганда, –2007. – 190 с.
4. Елеуханова С. История Карлага: охрана, режим и условия содержания заключенных (1930–1956 гг.). - Караганда, – 2009. – 30 с.
5. Бекмагамбетов Р. Иностранные военнопленные в системе принудительного труда в Казахстане (1941–1950 гг.). - Алматы, – 2009. – 27 с.
6. Алтаев А., Жангутин Б. ГУПВИ: военнопленные и интернированные на территории Казахстана (1939–1951 гг.): Уч. пособие. В 3-х ч. Алматы: КазНПУ им. Абая, 2006. 104 с.; Жангутин Б. ГУПВИ: военнопленные и интернированные на территории Казахстана (1941–1951 гг.) // Отечественная история. 2008. №2. С. 107-114.
7. Сайлан Б.С., Құрбанбай Ә.Т. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қазақстан жеріндегі әскери тұтқындар жағдай. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің хабаршысы, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, No1(68), – 2021. – Б. 60-66 https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.09
8. Мырзатаева З.Б. СССР НКВД-МВД №348 жапон әскери тұтқындарының лагері және Ащысай полиметалл комбинаты тарихынан. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(69), – 2021. – Б. 23-33 https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5461.03
9. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті), 9 қор, 17 іс, 2 -п.
10. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 17 іс, 4 -п
11. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 96/521.Арх.61,48-49-п
12. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 17 -п
13. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 17 іс, 7 -п
14. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 28 іс, 11 -п
15. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 19 -п
16. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 18 -п
17. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 28 іс, 12 -п
18. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 17 іс, 14 -п
19. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 19 -п
20. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 17 іс, 21 -п
21. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 28 іс, 28 -п
22. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 21 -п
23. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 17 іс,34 -п
24. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 96/521.Арх.61, 71-п
25. ҚР БП ҚСжАЕК ТОД, 9 қор, 47 іс, 24 -п
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Динашева Л.С., Исабек Б.Қ. Кеңестік еңбек лагерлеріндегі әскери тұтқындар: №348 лагерь мысалында. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):45-55. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.04
For citation:
Dinasheva L.S., Isabek B.K. Prisoners of war in Soviet labor camps: the case of Camp No 348. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):45-55. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.04