Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған жәдігерлер мотивтерін қайта жаңғырту жұмыстары

https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.07

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада Ортағасырлық Сарайшық бұйымдарын қайта жаңғырту жұмыстары туралы баяндалады. Қазақ халқының тарихын қайта жаңдаңдыру, мәдени мұра ескерткіштеріндегі ою-өрнектерді жаңа мотивте қайта жаңдаңдыру болып табылады. Тарихи қолөнер бұйымдарын заманауи этно-дизайн арқылы жаңғырту ғалымдар еңбектерде белгілі-бір дәрежеде көрініс тапқан. Мақалада Алтын Орда мемлекетінің ортағасырлық қаласы Сарайшық қаласынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер мен бұйымдарды қайта жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар туралы жазылған. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұра объектілерін ғылыми зерттеу, зерделеу, жаңғырту, қайта құру және олардың бүгінін өткен күнмен сәйкестендіру құралы ретінде сақталуын, халық өнерінің жинақталған көркемдік тәжірибесінің сабақтастығын қамтамасыз ету мәселесін қамтиды.

Мақала мақсаты - қазақтың ұлттық киімдері мен қолөнерінің тарихи дамуын, олардың заманауи дизайндағы қолданылуын, сондай-ақ, мәдениет пен дизайнның өзара әрекеттесуін зерттеу. Қолөнер бұйымдары мен мотивтерін жаңғырту - халықтың рухани азығы, оның өмірдегі тіршілігінің айнасы. Қолөнер халықтың өткен тарихы мен қазіргі дамуын сипаттайды. Халық өнерінің ерекше түрі ретінде ұлттық мәдениеттің адамгершілік мұраттарын сақтай отырып, ұжымдық және жеке көркем шығармашылықта, қолмен және механикаландырылған өндірісте бірегей тәжірибе жинақталды.

Өлке тарихына арналған еңбектер, соның ішінде Сарайшық қаласы туралы зерттеулер талданған. Ортағасырлық қолөнер дәстүрлері мен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, ұлттық нақыштағы жаңа бұйымдарды жасаудың мүмкіндіктері зерттеледі. Жаңа көзқарас негізінде жазылған мақалада соңғы жылдардағы монографиялық зерттеулер, құжаттар жинақтары пайдаланылды.

Авторлар туралы

Д. Ұ. Хамидуллина
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Динара Хамидуллина – негізгі автор, PhD, қауымдастрылған профессор, «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



Ғ. М. Әлжанов
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Ғаділбек Әлжанов - өнертану магистрі, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



Е. Б. Насипуллаев
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Еркебұлан Насипуллаев – өнер тарихы магистрі, Х. Досмұхамедов Атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



Э. М. Махметова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Эльмира Махметова – магистрант, Х. Досмұхамедов Атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. Қасенов М.С. Сарайшық қаласының тарихы. — Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы АМУ баспасы, – 2007. – 80 б.

2. Мұстафин Ж.Ж. Ортағасырлық Сарайшык. — Атырау: «Ағатай» баспасы, – 2015. – Б.85-88.

3. Золотарева Л.Р., Рева М.В., Кипшаков С.А. История материальной культуры и дизайна: Учеб. пособие. — Караганда: Изд-во КарГУ, – 2014. – С.124-130.

4. Адамкулов Н.М., Кыстаубаева Б.К., Жаскиленова А.С. Заманауи дизайн.: / Оқу-әдістемелік құрал. — Алматы: Эпиграф, – 2020. – Б.54-57.

5. Ералин Қ. Қазақстандық этнодизайнерлер // Жаңа қоғамдық формациядағы білім берудің көкейкесті мәселелері. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Түркістан. – 2016. - Б.234-240.

6. Hall D. Ethnic by Design. London, Mitchell Beazley, — 2002. – 110 p.

7. Blomberg J., Karasti H. (2012) Positioning Ethnography within Participatory Design. Routledge international handbook of participatory design. London: Routledge. P. 86–116.

8. Blomberg J., Karasti H. (2012) Positioning Ethnography within Participatory Design. Routledge international handbook of participatory design. London: Routledge. P. 73–79.

9. Асанова С.Ж., Птицина А.П. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы: Оқулық, 2-басылым. – Астана: Фолиант, – 2011. – Б.98 – 99.

10. Шоқпарұлы Д. Қазақ қолөнері. – Алматы, 2005. – Б.100-103.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Хамидуллина Д.Ұ., Әлжанов Ғ.М., Насипуллаев Е.Б., Махметова Э.М. Ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған жәдігерлер мотивтерін қайта жаңғырту жұмыстары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):80-88. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.07

For citation:


Khamidullina D.U., Alzhanov G.M., Nassipullayev Y.B., Makhmetova E.M. Reconstruction of artifacts found in the medieval city of Sarayshyk. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):80-88. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.07

Қараулар: 62


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)