Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Мектепішілік бақылау - білім беру орнын басқару жүйесінің бөлігі ретінде

https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.20

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада білім беру орнын басқару жүйесінің бір бөлігі ретіндегі мектепішілік бақылау туралы түсінік беру көзделген. Кез келген мектептің педагогикалық қызметі жинақталған жұмыс тәжірибесін түсінумен, жаңа идеяларды іздеумен, оқу-тәрбие қызметін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейіне жетуімен, педагогикалық, ата-аналық, басқарушылық ортада пайда болуымен және таралуымен, өскелең ұрпақтың өмірінде білім басымдыққа айналған кезде білім құндылықтарын жаңаша түсінумен сипатталады. Ал әрбір мектепте мұндай дамудың нақты бір тұтқасы – мектепішілік бақылау аппараты. Мектепішілік бақылау оқу үдерісіне барлық қатысушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын білуге негізделген уәжді және ынталандырушы болуы керек. Бір жағынан, оның нәтижесі белгілі бір топ ішіндегі және олардың арасындағы қарым-қатынастардың сапалы жақсаруы, екінші жағынан, мұғалімдер мен оқушылардың кәсіби өсу дәрежесі мен жетістіктерінің болуына септігін тигізеді.

Мақала мақсаты - мектепішілік бақылауды білім беру орнын басқару жүйесінің бөлігі ретінде жан-жақты қарастыру. Зерттеу барысында контекстік-түсіндірмелі, салыстырмалы, концептуалды талдау, сипаттау, оның ішінде бақылау, салыстыру, жалпылау сынды методологиялық әдістер қолданылды. Жүргізілген зерттеулердің негізінде автор тарапынан білім беру саласындағы мектепішілік бақылау ұғымының мәні ашылды, қазіргі отандық және шетелдік ғылыми білім парадигмасындағы «мектепішілік бақылаудың» типтік сипаттамалары анықталды, педагогикалық аспектідегі мектепішілік бақылаудың маңызды белгілері қарастырылды, мектепішілік бақылаудың білім беру орнын басқару жүйесі ретіндегі мақсат-міндеттері, формалары мен әдістері, принциптері мен кезеңдері тұжырымдалды.

Авторлар туралы

З. А. Мәдениетова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Зульфия Мәдениетова - негізгі автор, Білім берудегі менеджмент мамандығының ІІ курс магистранты, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



А. М. Утешкалиева
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Айгуль Утешкалиева – Инновациялық білім беру факультеті, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. Астана. – 2023. – [Электрондық ресурс] — URL: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/2 (қаралу уақыты 16.10.2023).

2. Портнов М.П. Азбука школьного управления. –1981. – 191 с.

3. Третьяков П.И. Управление школой по результатам: Практика педагогического менеджмента. – 1997. – 288 с.

4. Конаржевский Ю.А. Менеджемент и внутришкольное управление. – 2000. – 222 с.

5. Шамова Т.И., Третьяков П.И., Капустин Н.П. Управление образовательными системами. Учебное пособие. – 2002. – 25 с.

6. Пидкасистый П.И. Педагогика. Учебное пособие для студентов пед. вузов и пед.колледжей. – 1995. – 332 с.

7. Курачицки А. Менеджмент в начальном образовании.Учебное пособие. – 2020. – 108 с.

8. Искакова Л.Т., Есімханова Р., Дауылбаева Р. Мектепішілік бақылау: түрлері, формалары, жоспарлары. Әдістемелік құрал. – 2014. – 53 б. [Электрондық ресурс] — URL: https://agartu.kz/news/?pkid=1526717847597382 (қаралу уақыты 16.10.2023).


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мәдениетова З.А., Утешкалиева А.М. Мектепішілік бақылау - білім беру орнын басқару жүйесінің бөлігі ретінде. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):233-243. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.20

For citation:


Madeniyetova Z.A., Uteshkalieva A.M. Intra-school control - as part of the management system of an educational institution. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):233-243. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.20

Қараулар: 27


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)