Азаптау құрбандарын, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын шағымдар мен жазалау түрлерін оңалту саласындағы халықаралық стандарттар және Қазақстан Республикасындағы құқық қолдану практикасы
https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.41
Аннотация
Мақалада азаптаудың жауапкершілік шараларын қатаңдату мәселелері, енгізілген жаңашылдықтарды және қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану мүмкіндіктерін, азаптаудың алдын алу проблемасына қатысты өзекті мәселелер қарастырылады. Ғылыми зерттеудің мақсаты - аталған тақырыпқа сәйкес қоғамдық қауіптілігі зор болатын қылмыстардың аумақта жасалуының жиілілігі жоғары болуы мүмкін деген тұжырымдарды зерттеуді қамтамасыз етеді. Негізгі бағыттары азаптаудың алдын алу үшін қылмыстық құқықтық шараларды пысықтауды талдау, қылмыстық заңнамаға енгізілген толықтырулар салдарын орындау үшін құқық қорғау органдары қолданатын әдістерді пысықтау қажеттілігі бағыттарын анықтайды.
Ғылыми зерттеу идеясы қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануға арналған азаптаудың қоғамдық қауіптілік мәселелерін зерттейді деген гипотезаға негізделеді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызының қысқаша сипаттамасы. Жүргізіліп отырған жұмыстарды тиімді қолдана білу, бағалау, талдау, жүйелеу. Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы қорытындылары мен ұсыныстарындағы тұжырымдар қылмыстарға қарсы тұруға ықпал етуі мүмкін. Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы - эмпирикалық талдау. Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидаттарын бекіту, сот ісін жүргізу барысында орындалатын әрекеттердің құқықтық дәрменсіздігін көрсететініне байланысты ғылыми зерттеулерді ұсынады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері - жағдайды жақсарту үшін азаптау қылмысының қоғамдық қауіптілік мәселелерін, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, пәрменді шаралар қабылдауға, жолын кесуге, жауапкершіліктер туралы мәселені шешуге тиіс неғұрлым мақсатты шаралар қабылдау. Талдаулары - құқық қорғау органдары тарапынан қолданылатын шараларды жүзеге асыру барысында сотқа дейінгі тергеп - тексерудің жекелеген түрлерін қолдана білу, олардың тиімді алгоритмін көрсету.
Қорытындылары - азаптау мәселесі бойынша азаптауға және қатыгездікке тыйым салудың абсолюттілігі, жауапкершілікке тартудың маңыздылығын, жауапкершілікке тарту жүйесіндегі олқылықтарды анықтайтын құқықтық, практикалық проблемаларды айқындайды, жауапкершілікке тартудың, залалды өтеудің тиімділігін арттыруға ұсыныстар жасалады. Жүргізілген зерттеудің мәні - жедел-іздестіру іс-шаралары мен қылмыстық істі тергеу барысында азаптаулардың алдын алу, лауазымды тұлғамен азаптауларды қолдану туралы өтініштердің тексерілу тәртібін жетілдіру маңызды болып табылады. Зерттеу жұмысының практикалық мәні құқықтық базаны, профилактикалық жұмысты жандандыру үшін, сондай-ақ тергеу тактикасы мен әдістемесін оңтайландыру және осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға көмектесетін әдістемелік ұсыным дайындау және оны оқу процесіне енгізу қажет.
Авторлар туралы
З. З. НұрышҚазақстан
Нұрыш Зина – негізгі автор, заң ғылымдарының магистрі, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.
Ақтөбе қ., 030000
А. К. Нурлин
Қазақстан
Нурлин Акылбек - заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының меңгерушісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Ақтөбе қ., 030000
Е. И. Исибаева
Қазақстан
Исибаева Елизавета – тарих ғылымдарының кандидаты, құқықтану кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Ақтөбе қ., 030000
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған) (19.09.2022ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен). [Электронды ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ (қаралу уақыты 14.02.2024).
2. Қазақстан Республикасының Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияға қосылуы туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 247 Заңы. – [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000247_ ( қаралу уақыты 14.02.2024).
3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/O4800000001 ( қаралу уақыты 14.02.2024).
4. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңы. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000091 ( қаралу уақыты 14.02.2024).
5. Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы №4 нормативтік қаулысы. [Электрондық ресурс] – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P150000004S (қаралу уақыты 14.02.2024).
6. Human Rights Watch, Advocacy Forum, No Law, No Justice, No State for Victims — The Culture of Impunity in Post — Conflict Nepal, November 2020, 6 p.
7. Ростовщиков И.В., Гончаренко В.Д. О современном правовом понимании пыток и других жестоких, бесчеловечных или унижающих достоинство видов обращения и наказания // Вестник Волгоградского государственного университета. Серия 5: Юриспруденция. — № 2 (15). — 2021. — 18 - 20 с.
8. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 48-IV Заңы. [Электрондық ресурс] – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z080000048 (қаралу уақыты 14.02.2024).
9. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 10 желтоқсандағы 39/46 Қарарымен қабылданды). [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000247_ (қаралу уақыты 14.02.2024).
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 03.07.2014 ж. № 226-V ҚРЗ. (20.06.2024ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен).– [Электрондық ресурс] – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226_ ( қаралу уақыты 14.02.2024).
11. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы». [Электрондық ресурс] – URL:https://www.akorda.kz/ru/addresses ( қаралу уақыты 14.02.2024).
12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы «30» қаңтардағы №94 бұйрығымен бекітілген «Сотқа дейінгі сатыда және қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауларға және тергеу мен анықтаудың өзге де рұқсат етілмеген әдістеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған кешенді шаралар жоспары». [Электрондық ресурс] – URL: http://law.gov.kz/client/#!/doc/67387/kaz/14.08.2014/9866 (қаралу уақыты 14.02.2024).
13. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Пенитенциарлық жүйеде азаптау, суицид және өзіне зиян келтіру фактілерін тергеп-тексеруді ұйымдастыру туралы» 2019 жылғы 28 тамыздағы №4/12 Нұсқауы. [Электрондық ресурс] – URL:http://law.gov.kz/client/#!/doc/67387/kaz/14.08.2014/9866 (қаралу уақыты 14.02.2024).
14. Мутагиров, Д. З. Права и свободы человека. В 2 ч. Часть 1: Учебник для бакалавриата и магистратуры / Д.З. Мутагиров. — 2-е изд., испр. и доп. — М.: Издательство Юрайт, 2018. — 264 с.
15. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V. (20.06.2024ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен). [Электрондық ресурс] – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231 (қаралу уақыты 14.02.2024).
16. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арнаған құқықтық саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы. //http://online.zakon.kz. — [Электрондық ресурс] – URL:https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1500000167 (қаралу уақыты 14.02.2024).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Нұрыш З.З., Нурлин А.К., Исибаева Е.И. Азаптау құрбандарын, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын шағымдар мен жазалау түрлерін оңалту саласындағы халықаралық стандарттар және Қазақстан Республикасындағы құқық қолдану практикасы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):499-507. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.41
For citation:
Nurysh Z.Z., Nurlin A.K., Isibayeva E.I. International standards and law enforcement practice in the Republic of Kazakhstan in the field of rehabilitation of victims of torture, inhuman and degrading complaints and punishments. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):499-507. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.41