Google Docs арқылы студенттердің жазылым дағдыларын өзгерту: коллаборативті және интерактивті әдістер
https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.13
Аннотация
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) жүргізілген бұл зерттеу жұмысы грамматика мен сөздік қорын дұрыс пайдалануға баса назар аудара отырып, Elementary деңгейіндегі бірінші курс студенттері арасында Google Docs платформасының жазылым дағдыларына әсерін зерттейді.
Зерттеудің мақсаты Elementary деңгейіндегі бірінші курс студенттерінің жазылым дағдыларын дамытудағы Google Docs-тың тиімділігін сандық бағалау. Зерттеуге әрқайсысында 15 студенттен тұратын төрт топ таңдалды, барлығы 60 қатысушы болды. Сандық әдістер тек объективті және өлшенетін нәтижелерді қамтамасыз етеді. Мұғалімдер студенттердің жазылым дағдыларын эксперименттік жұмыстан кейінгі алынған нәтижелерін бағалау үшін алдын ала және кейінгі бағалау тестілерін жүргізді. Зерттеушілер Google Docs-ты әртүрлі жазылым әрекеттері үшін, соның ішінде бірлескен жобалар, өзара бағалау сессиялары және интерактивті кері байланыс механизмдері үшін пайдаланды. Студенттер нақты уақыт режимінде Google Docs-та бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін пайдаланып, құжаттарды бірлесіп құруға, пікір алмасуға және студенттер мен оқытушыларынан дереу кері байланыс алуға мүмкіндік алды. Зерттеушілер әртүрлі топтардағы жазу дағдыларының жақсаруын өлшеу үшін деректер жинап, талдады. Алынған нәтижелер Google Docs-тың коллаборативті және интерактивті мүмкіндіктері студенттердің жазу дағдыларын едәуір жақсартатынын көрсетеді. Студенттер грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлемдер құру қабілетінде айтарлықтай жетістіктер көрсетті. Бұл мақала Google Docs-тың академиялық ортада бірлесіп оқуға және жазылым дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін маңызды білім беру құралы ретіндегі әлеуетін көрсетеді. Бұл зерттеу жұмысы цифрлық құралдардың білімге интеграциялануын растайтын дәлелдердің көбеюіне ықпал етеді және инновациялық және интерактивті әдістер арқылы студенттердің жазылым дағдыларын жақсартуға ұмтылатын оқытушылар үшін құнды ақпаратты қамтиды.
Авторлар туралы
А. Қ. ҚалдароваҚазақстан
Қалдарова Айсұлу Қонысқызы - негізгі автор, Магистр, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры; «8D01721-Шeтeл тiлi пeдaгoгтapын дaйындay» мамандығы бойынша докторант, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
Алматы қ
М. А. Васкез
Қазақстан
Васкез Марко Ангело - Магистр, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Тілдер кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Алматы қ
Т. А. Кyльгильдинова
Қазақстан
Кyльгильдинова Тулебике Алимжанқызы - Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
Алматы қ
Әдебиет тізімі
1. Wen, X. & Walters, S. (2022). The Impact of Technology on Students’ Writing Performances in Elementary Classrooms: A Meta-Analysis. 2022.
2. Bekaulova, Zh., Duzbayev, N., Mamatova, G., Bersugir, M., Bekaulov, N. (2023). Adaptive Learning Model and Analysis of Existing Systems. In DTESI 2023: Proceedings of the 8th International Conference on Digital Technologies in Education, Science and Industry.
3. Ghanizadeh, A., Razavi, A., Jahedizadeh, S. (2015). Technology-enhanced language learning (TELL): A review of resourses and upshots. International Letters of Chemistry, Physics and Astronomy. №54. P. 73-87.
4. Seyyedrezaei, M. S., Amiryousefi, M., Gimeno-Sanz, A., Tavakoli, M. (2022). A meta-analysis of the relative effectiveness of technology-enhanced language learning on ESL/EFL writing performance: retrospect and prospect. Computer Assisted Language Learning. P. 1–34.
5. Fajriyah, M., Fauziyah, P. (2018) The Role of ICT to Develop Early Literacy of Children in Era Digital. P. 112-114.
6. Kaldarova A., Kulgildinova T., Berdenova S., Zakirova G., Zhanabayeva S. (2024). Subject-related communicative language competence: Exploring future information technology specialists’ learning and teaching. Journal of Education and E-Learning Research. №11(1). P. 26–35.
7. Duisenova, M.M. (2024). The impact of gamified educational applications on secondary school students' achievement in learning English as a foreign language. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. №74(3). P. 98-107.
8. Yildirim, M., Sensoy, Ö. (2022). Immersive language learning with VR: How gamified tools influence emotional and cognitive engagement. Journal of Immersive Learning Technologies. №34(2). P. 29-46.
9. Carless, D., Boud, D. (2018). The development of student feedback literacy: enabling uptake of feedback. Assessment & Evaluation in Higher Education. №43(8). P. 1315-1325.
10. Haleem, A., Javaid, M., Qadri, M., Suman, R. (2022). Understanding the role of digital technologies in education: A review Sustainable Operations and Computers, P. 275-285.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Қалдарова А.Қ., Васкез М.А., Кyльгильдинова Т.А. Google Docs арқылы студенттердің жазылым дағдыларын өзгерту: коллаборативті және интерактивті әдістер. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):148-158. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.13
For citation:
Kaldarova A.K., Vasquez M.A., Kulgildinova T.A. Transforming student writing skills through Google Docs: collaborative and interactive techniques. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):148-158. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.13