КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ӨТКЕН ТАРИХЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР
https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.05
Аңдатпа
Бұл мақалада кеңестік тарихнаманың қазақ тарихына тигізген ықпалы жан-жақты қарастырылады. Кеңес кезеңіндегі тарихи зерттеулер төрт негізгі кезеңге бөлініп талданады: 1930-1950 жылдардың ортасы, 1950-1960 жылдар, 1960-1980 жылдар және 1980 жылдардан кейінгі қайта құру кезеңі. Зерттеуде әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері, идеологиялық ұстанымдары мен ғылыми еңбектерге қойылған цензура талданады. Кеңес билігі жүргізген тарихнамалық саясаттың нәтижесінде қазақ тарихына қатысты зерттеулерде бұрмалаушылықтар орын алғаны анықталады. Сонымен қатар мақалада кеңестік биліктің тарихи зерттеулерге жасаған ықпалына ерекше мән беріледі. Кеңес дәуірінде тарих ғылымы коммунистік идеологияға негізделіп, тарихи деректердің объективті зерттелуіне шектеу қойылды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарының сипаты кеңестік кезеңде бұрмаланып көрсетілген. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігіне нұқсан келтіретін идеологиялық шектеулер енгізіліп, ресми тарихнаманың біржақты ұстанымы қалыптасты.
Зерттеудің негізгі мақсаты – кеңестік тарихнаманың қазақ тарихын зерттеуге ықпалын талдау және тарихи еңбектердегі цензура мен идеологиялық шектеулерді көрсету болып табылады. Әр тарихи кезеңде қазақ тарихына қатысты зерттеулер қалай жүргізілді, қандай өзгерістер орын алды деген сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен қатар, И.Сталин мен Л.Брежнев кезеңіндегі саясаттың тарихи дискурсты қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарының бұрмалануы, Ресей империясының отарлық саясатының ақталуы сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады.
Зерттеу нәтижесінде кеңестік тарихнаманың социалистік идеология үстемдік еткенін, қазақ тарихын объективті түрде зерттеуге кедергілер болғанын көруге болады. Кеңестік билік мәдени ассимиляция мен орыстандыру үдерістерін негіздеп, ұлттық тарихты екінші кезекке ығыстырды. Қазіргі заманғы зерттеулерде бұл мәселелерге жаңаша көзқарас қажет екендігі, кеңестік тарихнаманың ықпалын қайта қарастырып, жаңа методологиялар мен кешенді зерттеу әдістерін енгізу қажеттілігі атап өтіледі.
Авторлар туралы
Н. А. ТасиловаҚазақстан
Тасилова Назия Айтбайқызы - тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Алматы қ.,
М Байдавлетова
Қазақстан
Байдавлетова Мадина – PhD, аға оқытушы
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Агаев Е. Историография и историческое образование Тюркских республик в рамках советской идеологии: пример Азербайджана, (неопубликованная докторская диссертация). - 2006. - 84 с.
2. Диалектикалық және тарихи материализм. - Алматы: Қазақстан, 1972. - Б.184-186 .
3. Жаппасов Ж. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы. - Алматы, 2019. – 233 б.
4. Махат Д. Лениндік-сталиндік ұлт саясаты және қазақ зиялыларын қуғындау тарихынан. Тәуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеудің өзекті мәселелері ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Астана: Полиграфия, 2011. - 123 б.
5. Такенов А. Профессор Санжар Асфендияров (1889-1938). - Алматы: Sanat Publishing House, 1994. – Б. 116-118.
6. Омарбеков Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. - Алматы: Қазақ Университеті, 2004. - 357 б.
7. Дахшлейгер Г.Ф. Историогафия советского Казахстана. - Алма-Ата., 1969. – 192 с.; Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана. - Алма-Ата, 1983. – 190 с.; Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов К. История крестьянства советского Казахстана. - Алма-Ата., 1985. – 247 с.
8. Мұхатова О. Тарихнама ғылымы: Теориялық-методологиялық негіздері және зерттеу үлгілері. - Алматы. 2009. -41-42 бб.
9. Cафаров Г.И. Колониальная революция. Опыт Туркестана. — Москва: Государственное издательство, 1921. — 148 с.
10. Төлебаев Т. Қазақстан тарихы мен тарихнамасының өзекті мәселелері. - Алматы, 2016. - 228 б.
11. Даль В. Толковый словарь живого великорусского языка. Т.2. Москва: Русский язык, 1989. - 780 с.
12. Неру Дж. Открытие Индии. — М.: Издательство иностранной литературы, 1955. — 652, [24] с.
13. Козыбаев М.К. Избранные труды. Проблемы методологии, историографии и источниковедения истории Казахстана. - Алматы: Ғылым, 2006. - 109-112 с.
14. Фризен Д.Я. Актуальные проблемы исследования аграрных отношений в Западном Казахстане XIX – начала XX века в историографии республики Казахстан // Исторические, философские, политические и юридические науки, культурология и искусствоведение. Вопросы теории и практики: сб. науч. ст. - Тамбов, 2012. № 9 (23): в 2-х ч. Ч. I.
15. Игибаев С.К. Историография истории Казахстана. – Алматы 2013. - 358 с.
16. Сактаганова З.Г., Абдрахманова К.К. Советская и современная и Казахстанская историография проблемы «Женщины Казахстана в годы Великой Отечественной войны» // Вестник Карагандинского Университета, №3(91), 2018. - 92 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тасилова Н.А., Байдавлетова М. КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢ ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚТЫҢ ӨТКЕН ТАРИХЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАР. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;77(2):53-63. https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.05
For citation:
Tasilova N.A., Baidavletova M.D. THE MAIN CONCEPTS OF THE HISTORICAL PAST OF THE KAZAKH PEOPLE IN SOVIET HISTORIOGRAPHY. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;77(2):53-63. https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.05