Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ BIG DATA ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ПАЙДАЛАНУ

https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.38

Толық мәтін:

Аңдатпа

Зерттеудің өзектілігі сот жүйесінде Big Data және жасанды интеллектті қолданумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігімен түсіндіріледі. Электрондық сот төрелігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тез және тиімді қорғауға, сот төрелігін қолжетімді және ашық етуге мүмкіндік беретін сот жүйесін жаңғыртудың негізгі векторларының бірі болып табылады. Сот жүйесінің негізгі міндеттері IT сервистері арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот өндірісін автоматтандыру және озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, үлкен деректермен жұмыс істеу, соның ішінде, электронды соттарды, қылмыстық істерді басқару жүйелерін, сөзді таныту функционалдығын құру, оны мәтіндік форматқа түрлендіру, жұмыс процестерін автоматтандыру.

Мақаланың мақсаты-қазіргі сот жүйесінде үлкен деректер мен жасанды интеллекттің қолданылуын зерттеу. Азаматтық процесс, cот төрелігі сияқты соттарда жасанды интеллектті қолдану тиімділігін арттырып, оның адам құқықтарын қорғау әлеуетін күшейтті. Прокурорлар азаматтар мен бизнестің құқықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау үшін смарт шешімдерді пайланады.

Азаматтық сот процесінде қазіргі таңда негізгі мақсаттардың бірі болып - IT-сервистер арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді автоматтандыру және озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, үлкен деректермен жұмыс істеу, оның ішінде электрондық соттарды, қылмыстық істерді басқару жүйесін, сөйлеуді тану функционалын құру, оны мәтін форматына түрлендіру, жұмыс процестерін автоматтандыру болып табылады.

Адвокаттар ақпаратты талдаудың жаңа технологиясымен бетпе – бет келетін тағы бір сала-адам үшін шешім қабылдай бастайтын алгоритмдерді әзірлеу үшін үлкен деректерді пайдалану болып табылады. Міне осы бағдарламаларды қолдану ең проблемалық мәселелердің бастамасы болып табылады, атап айтқанда, заңгерлерге қателіктер туындаған жағдайда құқық қолдану туралы сұрақ туындайды. Сондықтан бұл мақаладағы зерттеулер көптеген заңгерлерге үлкен деректерді қолдану барысында пайдалы септігін тигізетіні сөзсіз.

Авторлар туралы

Ж. С. Сапарбекова
Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Жазира Cапарбекова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының докторанты, Алматы қ

050038, Алматы қ.



Г. Г. Нурахметова
Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гульмира Нурахметова - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

050038, Алматы қ.



Б. Т. Тлеулесова
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Қазақстан

Бағила Тлеулесова – PhD, құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

030000, Ақтөбе қ.



Б. С. Абдуллаеа
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан

Бекзат Абдуллаева - құқықтану кафедрасының аға оқытушысы

120014, Қызылорда қ.



Әдебиет тізімі

1. Мергалиев А. Сот жүйесінде IT сервисті қолдану мәртебесі бойынша Қазақстан төртінші орында – 2025. [Электрондық ресурс] - URL: https://el.kz (қаралу уақыты: 16.12.2024).

2. Сейтаева Ж.С., Алимханова А.Р. Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан. Международный круглый стол Использование цифровых технологий в борьбе с торговлей людьми в странах Центральной Азии - 2023. – 28 б.

3. Клиффорд А. Большие данные: Как растут ваши данные. 04 Сен 2008 - Природа - Том 455, Вып.: 7209, с. 28-29 – 2025. - [Электронный ресурс]. - URL: https://scispace.com (дата обращения 13.12.2024).

4. Жақсыгельдин Е.А. Қылмысқа қарсы көрсетуде жасанды интеллектті қолдану – 2025. - [Электрондық ресурс]. - URL: https://cyberleninka.ru (қаралу уақыты: 13.01.2025).

5. Электронное правительство и госуслуги. В Казахстане запустили интеграционную платформу Smart Bridge. - 2025. - [Электронный ресурс]. - URL: https://www.gov.kz (дата обращения: 10.01.2025).

6. Dirk Schoenmaker, Willem Schramade. Investing for long-term value creation // Journal of Sustainable Finance & Investment. – 2019. – № 9 (4). – P. 356-377. – DOI: 1080/20430795.2019.1625012 - 2025. - Available at: URL: https://www.researchgate.net (accessed: 08.01.2025).

7. Андреас Вайгенд. BIG DATA. Вся технология в одной книге. – Калифорния: Эксмою. 2018. – 158 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сапарбекова Ж.С., Нурахметова Г.Г., Тлеулесова Б.Т., Абдуллаеа Б.С. ЗАМАНАУИ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ BIG DATA ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ПАЙДАЛАНУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;77(2):447-454. https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.38

For citation:


Saparbekova Zh., Nurahmetova G., Tleulesova B., Abdullaeva B. THE USE OF BIG DATA AND ARTIFICIAL INTELLIGENCE IN THE MODERN JUDICIAL SYSTEM Abstract. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;77(2):447-454. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.38

Қараулар: 27


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)