ҚАЗАҚСТАНДА БІРЫҢҒАЙ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ІСКЕ АСУЫ (ТАРИХИ-АРХИВТАНУЛЫҚ АСПЕКТІСІ)
https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.07
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы Бірыңғай іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін ендіру тәжірибесін алғаш рет зерттеу және бағалау талпынысы жасалды. Ғылыми әдебиеттер мен архив құжаттарының жиынтығын талдау негізінде авторлар жүйені әзірлеу мен ендірудің алғышарттарының тарихын зерттеді, біртұтас жүйе ретінде Бірыңғай іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін құрайтын элементтердің әртүрлілігін анықтады және Қазақстандағы осы жүйені ендіру тәжірибесін қорытындылап, оны ендіруге байланысты негізгі жетістіктер мен қиындықтарды анықтады. Отандық құжат туралы ғылым қағаз құжаттармен және ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс тәжірибесін зерттеу және қорытындылауға қатысты тапшылық сезіледі. Бұл зерттеу іс жүргізудің өзекті мәселелерінің бірінің тарихи негізіне, оны анықтамай, іс жүргізу, сондай-ақ архив ісі саласындағы зерттеушілердің алдында тұрған қазіргі жағдай мен өзекті міндеттерді дұрыс түсіну мүмкін еместігіне назар аудартады. Құжаттармен жұмыс істеу үдерістерінің кешенін жаңғыртуды білдіретін Бірыңғай іс жүргізудің мемлекеттік жүйесі құжат нысандарын біріздеу, бірізді құжаттар жүйелерін, сондайақ оларға және терминологияға арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, құжаттың жасалған немесе мекемеге түскен кезден бастап архивке тапсырғанға дейінгі «тіршілік ету циклін» ұйымдастыру тәрізді бірқатар жағымды тұстары болды. Зерттеу нәтижесінде іс жүргізу мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі және қызметтің белгілі бір түрі екені анықталды. Бірыңғай іс жүргізудің мемлекеттік жүйесін барлық салаға ендіру құжаттармен жұмысты ғылыми негізде ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз еткені көрсетілген. Бірыңғай іс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің ауқымдылығына, оны Қазақстанда ендірудің толық жүзеге аспауы мен қиындықтарына қарамастан жүйе басқаруды автоматтандыру жағдайында құжаттармен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістерін, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс жасауды саралауға ықпал еткендіктен өзін-өзі ақтаған жүйе. Мақала мақсаты – ғылыми әдебиеттер мен архив құжаттары негізінде кеңестік Қазақстанда басқару аппаратының серпінді жұмысы үшін құжаттармен жұмысты оңтайландыруға бағытталған Бірыңғай мемлекеттік іс жүргізу жүйесін ендіру ерекшеліктеріне талдау жасау және баға беру.
Авторлар туралы
А. ЫсқақҚазақстан
Ақмарал Ысқақ – негізгі автор, тарих ғылымдарының докторы, Гуманитарлық мектептің қауымдастырылған профессоры
Алматы қ.
Ғ. Жұматай
Қазақстан
Ғабит Жұматай – тарих ғылымдарының кандидаты, Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің ассистент профессоры
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Ысқақ А.С. Отандық іс жүргізу тарихын кезеңдеу мәселесі. ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – №2(49). – 2008. – Б. 17-20
2. Ысқақ А.С. Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасуы мен қызметі (1920-1936): монография. – Қарағанды. – 2017. – 210 б.
3. Сабенникова И.В. Документ в системе управления советского государства: по результатам подготовки словаря-справочника «Виды и разновидности документов советского периода (1917-1991)». Вестник ВНИИДАД. – №2. – 2019. – С. 35-42
4. Букреева О.Н. О междисциплинарном подходе в документоведении (исторический аспект). Гуманитарный акцент. – №4. – 2019. – С. 14-23
5. Сокова А.Н., Белая Т.Р. ЕГСД – 35 лет. Отечественные архивы. – №1. – 2009. – С. 16-21
6. Ларин М.В. Генеральный регламент Петра I – три века в действии. Научный вестник Крыма. – № 3(21). – 2019. – С. 1-14
7. Ларин М.В. Управление документацией в организациях. – 2002. – 288 с.
8. Сокова А.Н. Документоведение: теория и практика. – 2009. – 333 с.
9. Bridges E. The Soviet Union's Archival Research Center: Observations of an American Visitor. (1988) The American Archivist 51 (4). P. 486–500
10. Stephens D. Records Management in Post-Soviet Russia. (1999) Information Management Journal. Vol. 33, Issue 1. Publisher: Association of Records Managers & Administrators (ARMA). Available at: – URL: https://go.gale.com/ps/i.do?id=GALE%7CA61236737&sid=googleScholar&v=2.1&it=r&linkaccess=abs&issn=15352897&p=AONE&sw=w&userGroupName=anon%7Eaa525a34&aty=open-web-entry [in English] (accessed: 20.10.2024)
11. Варламова Л.Н. Государственная система управления документами: утопия или потребность времени? Документация в информационном обществе: задачи архивоведения и документоведения в условиях цифровой экономики. Доклады и сообщения XXV Международной научно-практической конференции. – Москва: Федеральное бюджетное учреждение «Всероссийский научно-исследовательский институт документоведения и архивного дела». – 2019. – С. 188-194
12. Yskak A., Zhumatay G. The Impact of Digital Technologies on Kazakh archivists in the Age of Globalization. (2022) Historia I Świat. 11. P. 311-327
13. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві (бұдан әрі ҚР ОМА). 544-қор. 1-тізімдеме. 3255-іс. 17-27 пп.
14. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980 гг.). Сборник законодательных и руководящих документов. Алма-Ата. – 1980. – 234 с.
15. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 3179-іс.
16. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 3210-іс.
17. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 3388-іс.
18. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 3179-іс.
19. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 3525-іс.
20. ҚР ОМА. 544-қ. 1-т. 2398-іс.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ысқақ А., Жұматай Ғ. ҚАЗАҚСТАНДА БІРЫҢҒАЙ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ІСКЕ АСУЫ (ТАРИХИ-АРХИВТАНУЛЫҚ АСПЕКТІСІ). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;78(3):83-94. https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.07
For citation:
Yskak A., Zhumatay G. IMPLEMENTATION OF THE UNIFIED STATE SYSTEM OF RECORDS MANAGEMENT IN KAZAKHSTAN (HISTORICAL AND ARCHIVAL ASPECT). Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;78(3):83-94. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.07