ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МОНШАЛАР: АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ СӘУЛЕТТІК МҰРАСЫ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.10
Аңдатпа
Мақала зерттеуінің басты мақсаты ортағасырлық Сарайшықтағы архитектуралық құрылыс нысаны моншаларды өзге алтынордалық қалалармен салыстырмалы түрде саралай зерттеуді көздейді. Онда ортағасырлық шығыстық моншалардың сәулеттік ерекшеліктері, олардың мәдени және әлеуметтік маңызы қарастырылады. Орта Азия мен Алтын Орда қалаларындағы моншалардың жоспарлануы, жылыту және сумен жабдықтау жүйелері, сондай-ақ сәндік элементтері талданады. Соның ішінде ортағасырлық Сарайшықтағы моншаларға назар аударылған. Археологиялық деректерге сүйене отыра, Сарайшық моншасының римдіквизантиялық құрылыс дәстүрлерінің әсерімен салынғаны және оның ішкі бөлігінде шикі кірпіштің қолданылуы жылу сақтауда тиімді шешім болғаны айқындалады.
Моншалардың құрылысындағы инженерлік шеберлік, олардың қоғамдық өмірдегі рөлі, сондай-ақ шығыс пен батыс сәулет дәстүрлері тоғысқан, Алтын Орда дәуіріндегі мәдениетаралық байланыстың айғағы ретінде көрсетіледі. Ортағасырлық шығыстық моншалар тек гигиеналық қажеттіліктерді өтеумен ғана шектелмей, әлеуметтік және мәдени өмірдің орталығы ретінде де ерекше рөл атқарған. Бұл зерттеу шығыстық моншалардың Орта Азия мен Алтын Орда дәуірінің сәулеттік мұрасындағы орнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қалаларда моншалардың мешіттердің жанында орналасуының әлеуметтік, мәдени және діни маңызы қарастырылады. Моншалар тек гигиеналық орын ғана емес, сонымен бірге мешіттермен байланысты рухани тазалықты қамтамасыз ететін маңызды мекен болған. Ислам діні тазалыққа үлкен мән бергендіктен, мешіттердің жанында монша салу қала тұрғындарының намазға дайындық рәсімдерін жеңілдетуге ықпал еткен.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
У. АхметоваҚазақстан
Улжан Ахметова – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Атырау қ.
Ә. Мұқтар
Қазақстан
Әбілсейіт Мұқтар - тарих ғылымдарының докторы, профессор, директоры
Атырау облысы, Сарайшық ауылы
Ж. Байғалиев
Қазақстан
Жүніс Байғалиев – магистр
Атырау облысы, Сарайшық ауылы
А. Тұрарұлы
Қазақстан
Айбек Тұрарұлы - бас инспектор
Атырау облысы, Сарайшық ауылы
Әдебиет тізімі
1. Зиливинская Э.Д. Архитектура Золотой Орды. Часть II. Гражданское зодчество: Монография. – Казань: Отечество, 2018. -353 с.
2. Мукимов Р.С., Мамаджанова С.М. Традиционные утилитарно-бытовые постройки и устройства Таджикистана: традиции и современность. / Международный научно-методический журнал о культурном наследии «Наследие и современность». – Казань: Издательства Казанского университета, 2019. – Т.2. - №1. - С. 40-62.
3. Мец А. Мусульманский ренессанс. – Москва: ВиМ, 1996. – 544 с.
4. Осо Р.Н., Хуснуллина А.А. Исламские хаммамы Леванта. Археология Евразийских степей, 2023. - №6. – С.366–376
5. Отчет о работах Западно-Казахстанской археологияческой экспедиции ИА МИ – АН РК на городище Сарайчик в 1997 году по договору с Атырауским областным Управлением культуры. / Руководитель работ: Самашев З. Негізгі қор: 14088. – Алматы: 1998. – 312 с.
6. Отчет о работах Западно-Казахстанской археологической экспедиции ИА МОН РК по программе «Научно-прикладные исследования в области археологии – Культурное наследие. Раздел «Городище Сарайчик» в 2005 году. / Алматы. – 2006. – 87 с.
7. «Қазақстанның батыс өңіріндегі алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХV ғғ.)» ғылыми бағдарламасының 2023-2024 жж. қорытынды есебі». / Бағдарлама жетекшісі т.ғ.д. У.Т. Ахметова. – Сарайшық: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы РМҚК, 2023. – 198 б. -65-68 б.
8. «Алтынордалық Сарайшық, Ұшқан, Ащысай, Қарағайлы ескерткіштері тарихи-мәдени мұра контекстінде (ХІІІ – ХV ғғ.)» ғылыми бағдарламасының жылдық есебі. /Бағдарлама жетекшісі т.ғ.д. У.Т. Ахметова. – Сарайшық: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, 2024. – 288 б.
9. Город Болгар: История изучения и сохранения / Институт археологии им. А.Х. Халикова АН Республики Татарстан; отв. ред. А.Г. Ситдиков. – Москва:Наука, 2021. – 271 с., ил. – ISBN 978-5-02-40153-2 (в пер.).
10. Зиливинская Э.Д. Монументальные постройки Биляра: новый взгляд. здания с подпольным отоплением / «Поволжская археология», 2020. - №4(34). – С.145-158.
11. Надырова Х.Г. Архитектура городов Золотой Орды // Известия КазГАСУ, 2008. №1(9). – С. 33-38.
12. Пугаченкова Г.А. Архитектурные памятники Нисы // Тр. ЮТАКЭ. – Ашхабад: АН Туркм. ССР, 1949. – Том.І. – С.201-259.
13. Бабур-Наме. Записки Бабура. /Перев. и коммент. М.Салье. – Ташкент: Издательства АН УзССР,1958. -513с.
14. Зиливинская Э.Д. Средневековые бани Нижнего Поволжья. // Сокровища сарматских вождей и древние города Поволжья. – Москва, 1989. – С. 252 – С.249-280
15. Воронина В.Л. Об узбекских банях // СЭ, 1951 г. №1. – С.114-137
16. Сдыков М.Н. Жайық қалашығы / Городище Жайық. – Орал / Уральск: Полиграфсервис, 2009. – 52с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ахметова У., Мұқтар Ә., Байғалиев Ж., Тұрарұлы А. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МОНШАЛАР: АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢ СӘУЛЕТТІК МҰРАСЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;78(3):119-129. https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.10
For citation:
Akhmetova U., Muktar A., Baigaliev J., Turaruly A. BATHS OF MEDIEVAL SARAYCHYQ: ARCHITECTURAL HERITAGE OF THE GOLDEN HORDE. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;78(3):119-129. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.10