Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

Ортағасырлық Cарайшық жәдігерлері тарихи дерек ретінде

https://doi.org/10.47649/vau.2021.v61.i2.01

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қор коллекциясының қалыптасу тарихы қарастырылған және «Сарайшық» музей-қорығы қорында сақталған бірегей жәдігерлерге сипаттама берілген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» - республика көлеміндегі танымал, Атырау облысындағы туристер көп келетін мәдениет ошақтарының бірі.

«Сарайшық» музей-қорығының жәдігерлер топтамасы Қазақстанның материалдық, рухани мұраларын қамтыған.

Қазіргі таңда музей-қорық қорында 4000-нан астам жәдігерлер бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің баға жетпес құндылықтары болып табылады.

Авторлар коллекцияға жіктеуді ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін талдай келе, оны қалыптастырудың екі негізгі жолын көрсетті. Бірінші және негізгі жолы – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған артефактілер есебінен коллекцияны толықтыру. Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы археологиялық қазба жұмыстары және облыс көлеміндегі басқа да қазба-барлау экспедициялары арқылы. Екінші жолы - экспонаттар санын қарапайым азаматтардан қабылдай отырып «Музейге сый» акциясы есебінен және шет мемлекеттердегі жәдігерлер көшірмелерін алу арқылы. Мақаланың ерекшелігі де республикадағы басқа музейлердегі және шет ел көлемінде әкетілген жәдігерлер туралы жазылуында, олар туралы ақпараттардың берілуі.

Бұл мақала Сарайшықты зерттеуші үшін де, қала тарихына қызығушылық танытушылар үшін де пайдалы ақпарат болып табылады.

Авторлар туралы

Ә. Қ. Мұқтар
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Қазақстан

Атырау қ., 060011.



Ж. К. Диярова
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
Қазақстан

Атырау қ., 060011.



Әдебиет тізімі

1. Тасмағамбетов И., Самашев З. Сарайшық. Saraichik. Сарайчик.Алматы: ОФ «Берел». 2001. б.320

2. Ғизатов Ж. Ұлы даланың қасиетті күмбезі. Алматы : 2009. б.287

3. Сарайшық – бабалар мұрасы. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дереккөздер/ Құр. Жұмабаева Ж., Кипиев М. //Ғыл.ред. Ж.К.Жұмабаева. – Атырау: «Ағатай» баспасы, 2015. б.224

4. Мұқтар Ә., Диярова Ж. Сарайшық музей-қорығы тарихы. Алматы: «Арыс» баспасы. 2019. б.192

5. Сарайшық музей-қорығы қоры. Музей заттарын тұрақты немесе уақытша пайдалануға қабылдаутапсыру актілері. №3. 1999. 1 п.

6. Сарайшық музей-қорығы есебі, Сарайшық. 2020. б.139

7. Сарайшық музей-қорығы қоры. Қор құжаттары

8. Самашев З., Кузнецова О., Плахов В.Сарайшықтың қыш бұйымдары. Керамика Сарайчика. Ceramics of Saraichik hillfort. Алматы. 2008. б.264

9. Ақымбек Е. Ортағасырлық Ақтөбе қаласынан табылған сынапкөзелер // http://nblib.library.kz/elib/library.kz/journal/AKYMBEK.....20113....pdf.

10. Сағынбаева О. Ортағасырлық Сарайшық жәдігерлері. «Жошы ұлысы және Сарайшық – қазақ мемлекеттілігінің бастауында» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары (10 қазан, 2019 жыл) / Жалпы редакциясын басқарған Мұқтар Ә., Қанай Ө. Алматы. 2019. б.439

11. Самашев З., Бурнашева Р., Базылхан Н., Плахов В. Сарайшық тиындары. Монеты Сарайчика. Алматы. 2006.б.184

12. Ахметова Ұ., Сарсенбаев Е. Н.К.Арзютов - Ортағасырлық Сарайшық қаласын зерттеуші// http://library.wksu.kz/index.php?option=com_docman&task=doc_details&gid=9732&Itemid=2&lang=kz.

13. Айтқұл Х. Средневековый Сарайчик (по материалам археологического фонда ЦГМ РК). «Ибн Баттутаның Ұлы Жібек жолымен саяхаты: мәдениеттер арасындағы диологты алға бастыру» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның баяндамалар жинағы (8 қараша 2017 жыл) / Жалпы редакцияны басқарған Қайырғалиева Г.Қ. Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы. 2017. б.202.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мұқтар Ә.Қ., Диярова Ж.К. Ортағасырлық Cарайшық жәдігерлері тарихи дерек ретінде. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2021;61(2):6-16. https://doi.org/10.47649/vau.2021.v61.i2.01

For citation:


Mukhtar A., Diyarova Zh. Exhibits of medieval Saraishyk as historical sources. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2021;61(2):6-16. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2021.v61.i2.01

Қараулар: 604


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)