Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШТЫҚ: СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ САЛДАРЫ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.03

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ халқының тарихындағы аса бір қасіретті кезең – 1921-1922 жылдардағы аштық Батыс Қазақстанның мысалдары негізінде қарастырылады. Осы аштықтың негізгі себебінің бірі ретінде Азамат соғысы көрсетіледі. Большевиктер Октябрь төңкерісін жасау арқылы елді азаматтық қантөгіске итермелегені туралы ақиқатты атап өтеді. Азамат соғысы жалпы соғыстардың ішіндегі аса бір мағынасыз және қантөгісті соғыс болып табылатыны шындық. Мақалада қаралатын мәселенің авторлар тарапынан зерттеу нысаны етіп Қазақстанның батыс аймағын таңдап алуы тегіннен тегін емес. Нақ осы өңірде азамат соғысы кезінде бірнеше майдандардың ошағы болды. Орал қаласы үш ай бойы қоршауда қалып, сыртқы әлеммен байланыссыз қалды да, кеңес үкіметі бұл өңірде кейін орнады.

Ақ гвардияшылар мен қызыләскершілердің де қазақ тұрғындарына жасаған озбырлығы батысқазақстандық және орталық архивтердің құжаттары негізінде дәлелденеді. Олардың қазақ ауылдарын түк қалдырмай бұл тонауы өңірдегі аштықтың негізгі себептерінің бірі болды. Екі соғысушы тараптың күш көрсете жасаған қиянаты, авторлардың пікірінше, қазақ тұрғындарын аштыққа ұрындырып, кейіннен демографиялық құлдырауға душар етті. Бұл себептерге азамат соғысы салдарынан халық шаруашылығының күйреуі, «әскери коммунизм» саясатынан көшпелі шаруашылықтағы мал басының күрт азаюы, егістік жерлердің қысқаруы, 1920 жылғы жұт және 1991 жылғы қуаңшылық әсерін айтуға болады.

Жоғарыда айтылған себептер арасында большевиктердің қарапайым халыққа қарсы «әскери коммунизм» саясатының зардабы бөліп көрсетіледі. Бұл саясаттың нәтижесінде 1920 жылдың соңына таман Қазақ Республикасының азық-түлік қоры толықтай жойылды.

Әсіресе, қазақ халқы үшін мемлекетке ет пен сүт тапсыру салығы аса ауыр тиді. Мақалада Батыс Қазақстандағы аштықтың толық барысы, губерниялар бойынша аштыққа ұшырағандардың саны, Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырмалы мәліметтер беріледі. Авторлардың қолданған архивтік құжаттар, монографиялар мен арнайы зерттеулер 1920-1922 жылдардағы аштық және оның қазақ халқы үшін зардаптарын ашуға мүмкіндік береді.

 

Авторлар туралы

A. Sarsenov
Атырауский университет им.Х.Досмухамедова
Қазақстан


G. Кairgaliyeva
Атырауский университет им.Х.Досмухамедова
Қазақстан


D. Alipova
Атырауский университет им.Х.Досмухамедова
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. История Актюбинской области. - Актобе, 2006. - 698 с.

2. Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (авг. 1920г-дек.1936 г.). - АлмаАта, 1959. - 286 с.

3. ГАОО. ф.1912, оп.2, д.23.

4. Яицкая правда, №33. - 16 марта 1919 г.

5. Государственный архив Западно - Казахстанской области (далее ГАЗКО). ф.7; оп.1, д.8.

6. Медеубаев Е.И «Военный коммунизм» в Казахстане: политика, практика, идеология (1918-1921 гг.). - Актобе, 2003. - 186с.

7. Кенжалиев И. Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары (1916-1920 жж.). Тарихи очерк. - Орал, 2000. - 144 б.

8. Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев по КССР с 1880 по 1922 гг. - Оренбург, 1925. - 97 с.; Центральный государственный архив РК (далее ЦГА РК. ф.698; оп.14, д.3).

9. ГАЗКО ф.1; оп.1, д.62.

10. ГАЗКО ф.19; оп.1, д.26.

11. Государственный архив Актюбинской области (далее ГААкО). ф.3; оп.1, д.18.

12. ГААкО. ф.3; оп.1, д.16.

13. ГАЗКО. ф.19; оп.1, д.27.

14. Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана. - Алматы, 2004. -408 с.

15. Қаленова Т. 1921-1922 жж. аштық кезіндегі қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы. // Қазақстан мұрағаттары. 2008. - №2. - 63. 67 бб.

16. ГААкО. ф.3; оп.1, д.18.

17. ГААкО. ф.3; оп.1, д.53.;ГАЗКО. ф.19; оп.1, д.37.; ГААкО. ф.3; оп.1, д.47.

18. ГАЗКО. ф.19; оп.1, д.28.

19. ГААкО. ф.3; оп.1, д.216.

20. ГААкО. ф.3; оп.1, д.8.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Sarsenov A., Кairgaliyeva G., Alipova D. 1921-1922 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АШТЫҚ: СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ САЛДАРЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;64(1):24-34. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.03

For citation:


Sarsenov A., Кairgaliyeva G., Alipova D. HUNGER OF 1921-1922 IN WESTERN KAZAKHSTAN: CAUSES AND CONSEQUENCES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;64(1):24-34. (In Russ.) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.03

Қараулар: 2206


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)