Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.12

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада ХХІ ғасырдың қорқынышты құбылысына айналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің іс-қимыл мәселелері және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шет елдердің оң тәжірибесі қарастырылады.

Автор терроризм мен экстремизмді мемлекеттердің ұлттық және халықаралық қауіпсіздігіне негізгі қауіп ретінде анықтайды. Бұл қатерлер неғұрлым ауқымды және жаһандық сипатқа ие болғандықтан, халықаралық қоғамдастық осы құбылысқа қарсы күрестің жалпы саясатын әзірлеуі тиіс, өйткені тек белсенді мемлекетаралық ынтымақтастықтың арқасында ғана терроризмге қарсы шаралардың тиімділігіне қол жеткізуге болады.

Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық тұжырымдамаларды біріздендіруге, террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың алдын алу мен жолын кесудің бірыңғай тетіктерін жасауға бағытталған бірқатар конвенциялар мен хаттамаларды қабылдады. Мақалада аталған халықаралық конвенциялардың негізгі ережелеріне терең талдау жасалады және олардың бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызы бағаланады.

Қазақстан Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тәжірибесі мол болмағандықтан, көптеген жылдар бойы терроризм мен экстремизммен күресіп келе жатқан шет елдердің заңнамасы мен құқық қорғау органдарының практикасын зерделеу мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Автор әртүрлі мемлекеттердің терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті құзыретті органдарының бірлескен қызметінің қазіргі тәжірибесіне талдау жасады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша негізделген ұсыныстар берді. Шетелдік тәжірибені зерделеп, оны жүйелеп, Қазақстанның жағдайына бейімдеп, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі шараларды оңтайландыруға, сол арқылы осындай күрестің құралдары мен әдістерін таңдауда ықтимал қателіктерге жол бермеуге болады.

Автор туралы

Р. Шайхаденов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Атырау қ., 060011, Қазақстан Республикасы



Әдебиет тізімі

1. Осарип Г. Правовые проблемы участия Казахстана в межгосударственном сотрудничестве по борьбе с международным терроризмом. [Legal problems of Kazakhstan’s participation in interstate cooperation in the fight against international terrorism]: дис. ... Кандидат. юр. наук. Алматы, 2006. С.19

2. Жилин Ю. Глобализация в контексте развития современной цивилизации. [Globalization in the context of the development of modern civilization] // Свободомыслие. 2002. No 4. С. 3-7..

3. Костенко Н. Теоретические проблемы становления и развития международной уголовной юстиции. [Theoretical problems of the formation and development of international criminal justice]: Дис. ... Доктор.юр.наук. M, 2002. С. 51.

4. UN General Assembly. Official reports: 56 session. New York: UN, 2001. 32 p.

5. Security Council Resolution 1373 (2001). September 28, 2001 [террористік актілер тудыратын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы].

6. Жакайев Б., Нургазинов Б. Ближневосточный опыт противодействия терроризму[// Закон и время. 2015. No 8. С. 43-48

7. Кулагин М.А., К вопросу о международном взаимодействии в противодействии терроризму в условиях глобализации // «Юрист-правовед». 2009. No 5. С.29.

8. Устинов В.В. Международный опыт борьбы с терроризмом: стандарты и практика. M.: Юрлитформ, 2002. 560 с.

9. Agybayev A., Adibayeva A. Қатысушы мемлекеттердің қылмыстық заңнамасындағы геноцид туралы БҰҰ Конвенциясын іске асыру тетіктері: жалпы салыстырмалы талдау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының еңбектері. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар сериясы. ISSN 2224-5294. https://doi.org/10.32014/2018. 2224-5294.6., № 321 (2018), б. 39 – 43.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Шайхаденов Р. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;64(1):116-125. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.12

For citation:


Shaikhadenov R. TOPICAL ISSUES OF COUNTERING INTERNATIONAL TERRORISM AND EXTREMISM: INTERNATIONAL EXPERIENCE AND KAZAKHSTAN. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;64(1):116-125. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v64.i1.12

Қараулар: 355


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)