Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.06

Толық мәтін:

Аннотация

Білім мен білік дағдыларын дарыта отырып, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тұтқасы – білімді ұстаз. Мұғалім білімді болмай, оқушы білімді болмайды. Яғни, педагогтың кәсіби шеберлігі жоғары болғанда – білім сапасы да артады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі тәжірибенің жалпы сипаттарына ие бола отырып, инновациялық жаңа тенденциялар, жаңа білімдерді білім алушыларға тасымалдаушы ретінде педагогикалық құбылыстарды кеңейтеді. Бүгінгі таңда мұғалімдерге деген талап өте жоғары. Себебі, білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары да өзгеруде. Білім берудің жаңартылған жүйесіне қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру болып саналады. Олардың бойында рухани қасиеттер, білім, білік дағдылары, өз қызметіне деген сүйіспеншілік, үнемі оқу, өзін дамытып отыру, кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыру қабілеттері болуы шарт. Баланың өміріндегі өте маңызды кезеңдерінің бірі – мектепте білім мен тәрбие алуы. Өйткені, ол баланың қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың сол білімді меңгеруіне және тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Себебі, педагогтың кәсіби шеберлігі оқушылардың өмірден өз жолдарын дұрыс таба алуға көмектеседі. Осы мақалада мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін қалыптастырудың бағыттары қарастырылады.

Авторлар туралы

Г. Ғ. Қонырова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Гүлнара Қонырова - Білім берудегі менеджмент мамандығының IІ курс магистранты

Атырау қ.



У. Т. Туленова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Улдай Туленова - Инновациялық білім беру факультеті, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Атырау қ.



Әдебиет тізімі

1. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік. Алматы. — 2021. — 13 б.

2. Ожегов С.И. Словарь русского языка. М. — 1990. — 850 с.

3. Кузьмина Н.В. Формирование педагогических способностей. ЛГУ. — 2018. — 98 с.

4. Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. Москва. — 2019. — С. 372-373

5. Бұлақбаева М.К. Педагогикалық шеберлік негіздері. Алматы. — 2016. — 13 б.

6. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығы. [Электрондық ресурс] — URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027394#2 (қаралу уақыты: 22.09.2022)

7. Ахметова Б. Біліктілікті арттыру курстарының тиімділігі. [Электрондық ресурс] — URL: https://bilimdinews.kz/?p=137279 (қаралу уақыты: 14.07.2022)

8. Құндақова А. Педагогикалық шеберлік негіздері. Алматы. — 2019. — Б. 68-69

9. Машенов Т.Б. Ауыл мектебі мұғалімі әлеуметтік мәртебесі және кәсіби құзыреттілігі. Алматы. — 2016. — 107 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Қонырова Г.Ғ., Туленова У.Т. МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;67(4):57-65. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.06

For citation:


Konyrova G., Tulenova U. DIRECTIONS OF FORMATION OF PROFESSIONAL TEACHERS' SKILLS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;67(4):57-65. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.06

Қараулар: 232


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)