Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v65.i2.07

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазіргі кезеңдегі экологиялық білім мен тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздері анықталып, орта мектепте физика курсын оқытуда оқушыларға экологиялық білім беру бойынша зерттеулерге қысқаша талдау жасалған. Бұл жұмыста табиғат пен қоршаған ортаның бірлігін ашудағы физика курсының экологиялық аспектісін және ролін күшейту, физикалық заңдылықтар мен құбылыстардың қоршаған ортадағы ролін түсіндіру қарастырылған. Мақалада физиканы оқытуда ғылым мен техниканың жетістіктеріне сәйкес экологиялық білімнің мазмұны анықталып, оқу сабақтарының түрлері мен оқыту әдістері мен тәсілдері негізделген. Орта мектепте физиканы оқып білуде оқушылардың экологиялық дайындығының жаңа дидактикалық негіздері қарастырылып, оқыту үдерісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі жасалып және оның белгілері, көрсеткіштері, деңгейлері анықталды. Мақалада физиканы оқыту үдерісінде экологиялық білімді дамытуда «қазіргі өндіріс мәселелері мен экология» және «ғылыми техникалық прогресс пен экология» негізгі бағыттар ретінде ескерілген. Ғылыми-техникалық прогресстің алты бағыты (автоматтандыру, энергетика, жаңа технология, жаңа материалдар жасау, ақпараттандыру, экология) қарастырылып, олардың негізінде қолданбалы экологиялық материалдар анықталды. Бұл жұмыста заманауи ғылым мен техниканың дамуына сәйкес әлеуметтік-экономикалық жағдайларды негізге ала отырып, қазіргі мектепте физиканы оқытуда экологиялық зиянсыз технологияны меңгеру қарастырылған. Мақалада оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамытудың шарты ретінде қазіргі мектеп үшін өзекті болып табылатын экологиялық білім беру мәселелері ашылған. Жұмыста экологиялық сипаттағы практикалық дағдыларды қалыптастыру деңгейін арттыру үшін оқушылардың өзіндік жұмыстарында физика пәнінен экологиялық компонентті қолданудың тиімділігі көрсетілген. Ұсынылған жұмыста экологиялық материалдың құрылымы анықталып, соның негізінде орта мектепте молекулалық физика курсының экологиялық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі жүзеге асырылды. Мақалада орта мектепте физиканы оқыту үдерісіне экологиялық білім беру жүйесінің барлық деңгейлері мен сатыларында білім беру сапасын бақылаудың инновациялық технологияның тәсілдерін қолдану сипатталған. Жұмыста қазіргі жағдайда оқушылардың экологиялық дайындық деңгейін арттыру құралы ретінде практикалық қолданбалы жұмыстың қысқаша сипаттамасы берілген. Мақалада оқушыларының даму деңгейін қамтамасыз ететін және олардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескеретін оқу-тәрбие үдерісіндегі экологиялық білім берудің рөлі сипатталған. Ұсынылған жұмыста орта мектепте физика пәнін оқытуда заманауи инновпциялық технология негізінде экологиялық білім беруді жетілдірудің әдістемелік нұсқауларын жасақталды. Мақала ғалымдарды, әдіскерлерді, сонымен қатар қазіргі қоғамды жаңартуға атсалысатын әрбір адамды қызықтырады.

Автор туралы

Г. Имашев
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы, 1 қыркүйек, 2020 жыл.

2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 2 қаңтар, 2021 жыл.

3. Қaзaқcтaн Pecпубликacы «Бiлiм туpaлы» зaңы. Астана, 2007 жыл.

4. Имашев Г., Рахметова М. Физика курсын оқытуда экологиялық білім мен білікті дамыту.– Алматы : Отан. - 2019. - 124 с.

5. Рахметова М.Т., Имашев Г. «The development of ecological knowledge and skills in teaching physics courses», монография, Атырау : «Raz project» баспасы, 2020. – 132 б.

6. Имашев Г. Инновационные подходы в развитии политехнического образования в процессе обучения физике в средней школе. – Алматы : Отан.- 2019. - 157 с.

7. Туpдикулoв Э.A. Экoлoгичecкoe oбpaзoвaниe и вocпитaниe учaщиxcя в пpoцecce oбучeния физикe. - М.: Пpocвeщeниe,1988. – 135 c.

8. Imashev G. Innovative technologies of training in physics at high school. – Saarbrucken: LAP LAMBERT Academic Publishing, 2015. – 176 р.

9. Имашев Г. Экологическое образование и воспитание как аспект политехнического образования //Сб. научных трудов. Том 5. Серия: Экология Днепропетровск: Наука и образование, 2007 г, 106 с.

10. Жaйcaңбaeв Т.P. Ғылыми-тexникaлық пpoгpecc жәнe oның экoлoгиялық зaдaптapы // Iздeнic-пoиcк. - 2002. - № 2. – Б. 101-199.

11. Имашев Г. Развитие технико - технологических знаний в школьном курсе физики. – Алматы : Отан. - 2020. - 178 с.

12. Кpoнгapт Б., Кeм В., Қoйшыбaeв Н. Физикa 10 cынып, Жapaтылыcтaну-мaтeмaтикa бaғыты. – Aлмaты: Мeктeп, 2010. – 384 б.

13. Imashev G. Innovative technologies of training in physics at high school. – Алматы: Отан. - 2020. - 173 с.

14. Imashev G., Kuanbayeva B. U., Yelezhanova Sh. K., Myrzasheva A. N., Medeshova A. B., Kochshanova G., Zharylgapova D. M., Sultangaliyeva L. S. Innovative approaches to the development of environmental education in high school. Ad Alta: Journal of Interdisciplinary Research. Ceskoslovenske. 2020. - Р. 22-26.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Имашев Г. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;65(2):59-71. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v65.i2.07

For citation:


Imashev G. ENVIRONMENTAL EDUCATION IN THE COURSE OF PHYSICS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;65(2):59-71. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v65.i2.07

Қараулар: 458


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)