Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҰЙЫМДАРДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.11

Толық мәтін:

Аңдатпа

Коммерциялық ұйымдар өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын сыртқы және ішкі ақпаратты пайдалану негізінде анықтай алады. Басқару шешімдерін қабылдауды бухгалтерлік-аналитикалық қамтамасыз етудің негізі ретінде бухгалтерлік есепті жетілдіру арқылы нарық жағдайларына сәтті бейімделуге болады. Бухгалтерлік есептің келешекті және тез дамып келе жатқан бағыттарының бірі-стратегиялық есеп. Шетелде стратегиялық басқару есебі дәстүрлі түрде басқару есебі үшін ең маңызды технологиялардың бірі ретінде қарастырылады.
Мақалада стратегиялық басқару есебінің теориялық негізін зерттеу, әр түрлі ғалымдардың пікірлеріне сараптама жүргізілген, басқару есебінің мәні ашылып көрсетілген. Кәсіпорынды басқару жүйесінде басқару есебінің алатын орны айқындалған. Жалпы басқару есебінің теориялық мәні мен оның кәсіпорынды басқаруда алатын орнын анықтау қажеттілігі тақырыптың өзектілігі болып табылады. Бүгінгі таңда шығындар мен кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін басқару саласында екі негізгі мәселе бар. Біріншісі, қазіргі экономика жағдайында отандық есеп жүйесінің теориясы мен тәжірибесін кәсіпорынды басқару мәселесі алдында тұрған жаңа міндеттерді орындауға қайта бағыттау. Екіншісі, шығындар туралы ақпарат алудың бейімделген жүйесін құру, өзіндік құнды калькуляциялаудың, қаржылық нәтижелерді есептеп шығарудың жаңа амалын, сонымен қатар талдау мен бақылаудың әдістерін қолдану және осының негізінде тиімді басқару шешімдерін қабылдау. Осыған байланысты кәсіпорындар үшін басқару есебі жүйесін жете зерттеу аса мәнге ие екендігі аталып өтіледі.

Авторлар туралы

Э. М. Адиетова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Эльмира Адиетова - экономика ғылымдарының кандидаты, Қаржы және есеп кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Атырау қ., 060011



C. Б. Альдешова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Самал Альдешова - экономика ғылымдарының магистрі, Қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы

Атырау қ., 060011



А. М. Бакирбекова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Айгуль Бакирбекова - экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Экономика кафедрасының профессоры м.а.

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. Булат Е.Э., Полторацкая Е.В. Становление стратегического управленческого учета как перспективного направления развития системы традиционного управленческого учета. NovaUm.Ru. — № 15. — 2018. — 111 с.

2. Кузина А.Ф. Учетная политика организации в управленческом учете. Вестник КСЭИ. — №73-74 (1-2). — 2017. — 149 с.

3. Ленкова М.И. Особенности формирования внутренней управленческой отчетности. Вестник КСЭИ. — № 2-3 (70-71). — 2019. — 178 с.

4. Назарова В.Л. Стратегический управленческий учет и его отличия от производственного учета. Сборник статей. Наука XXI века. — 2019. — 172 с.

5. Елекенов Б.С. Қазіргі кездегі басқару есебінің негізгі мәселелері. Мақалалар жинағы. Global Science and Innovations: Central Asia. — № 7 (12). — 2021. — 8 б.

6. Кулекешова А.Б. Ұйымның шығындарын олардың пайда болу орындары бойынша оптимизациялау. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым Жаршысы (пәнаралық). — № 4(91). — 2020. — Б. 111-118.

7. Альдешова С.Б., Адиетова Э.М. Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда басқару есебін ұйымдастыру ерекшеліктері. Мақалалар жинағы. Адами капитал экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде. — 2022. — Б. 79-82.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Адиетова Э.М., Альдешова C.Б., Бакирбекова А.М. ҰЙЫМДАРДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;67(4):108-117. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.11

For citation:


Adiyetova E., Aldeshova S., Bakirbekova A. ORGANIZATION OF STRATEGIC MANAGEMENT ACCOUNTING IN ORGANIZATIONS FEATURES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;67(4):108-117. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.11

Қараулар: 245


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)