АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ - ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕЛІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ
https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.05
Аннотация
Еліміздің саяси - экономикалық, әлеуметтік - мәдени саласында жүріп жатқан жүріп жатқан жан-жақты әрі терең өзгерістер білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттерді жүктеуде. Осыған орай жоғары оқу орындарында сапалы білім алып шыққан, шығармашылықпен ойлай алатын, кәсіби әрекеттерде биіктіктерге жетуге бағдарланған болашақ мамандарды даярлау міндетін қоюда.
Кәсібилік мәселесі көптеген әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысаны болған. Мысалы: жалпы психология әртүрлі еңбек саласындағы адамдардың психологиялық ерекшеліктерін, ал әлеуметтану мәселені әлеуметтік қатынастар тұрғысынан қарастырады, еңбек психологиясы кәсіби ойлауды талдаса, ал жалпы акмеология адамның кәсіби әрекетте жоғары жетістіктерге жетуін, оның шыңына қол жеткізудің теориялық әдіснамалық жолдарын, тәсілдерін, шарттарын зерттейтін кіріктірілген ғылым. «Акмеология» ойлауды шеберлікке дейін жеткізетін құралдар, педагогикалық, әлеуметтанымдық, технологиялық білімдер тұрғысынан зерделейдi.
Жалпы акмеологияның бір саласы педагогикалық акмеологияның мақсаты – адамды жетілдіру, оның физикалық, рухани, кәсіби дамудың биігіне жетуіне көмектесу, оның тұлғалық өсуі мәселесін өзектілендіру, кәсіби дамуының теориясы мен тәжірибесін негіздеу, кәсібиліктің баспалдақтарына тиімді жетудің шарттары мен әдістемелік жолдарын қарастырады.
Мақалада болашақ педагогтарды кәсібиліктің, тұлғалық дамудың биігі «акме» жағдайға жетуге дайындаудың теориялық және практикалық астарларына сипаттама беріледі, болашақ педагогтардың мәртебелі ұстаз болуының негізі болып табылатын акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік астарлары негізделеді. «Акмеологиялық дайындық» сияқты күрделі ұғым турасындағы түсіндірмелер талданып, авторлық көзқарастар білдіріледі. Педагогикалық оқу орындары білімгерлерін кәсіби дайындаудың акмеологиялық шарттары мен технологиялары сипатталады.
Автор туралы
Б. А. ТұрғынбаеваҚазақстан
Ботагүл Тұрғынбаева - педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры
Алматы қ., 050010
Әдебиет тізімі
1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. — М., Наука. — 2017. — 112 с. 2 Кузьмина Н.В. Акмеологическая теория повышения качества подготовки специалистов образования. М. — 2019. — 11 с.
2. Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионала. — Москва - Воронеж. — 2014. — 750 с.
3. Бодалев А.А. Акмеология. РАГС. М. — 2020. — 301 с. 5 Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. Монография. — Алматы. — 2016. — 315 б. 6 Каленникова Т.Г., Борисевич А.Р. Словарь психолого-педагогических понятий. — Минск: БГТУ. — 2017. — 68 с.
4. Джакупов С.М. От смысловой теории мышления к концепции совместно-диалогической познавательной деятельности. Вопросы психологии. № 2 — 2010. — С. 46-55.
5. Aймaуытов Ж. Пcихoлoгия. – Алматы. – 2015. — 320 б.
6. Бекжанова Б. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру: филос. док. (РhD) ... дис.: 6D010300. — Алматы. — 2014. — 188 б. 10 Деркач А.А. Краткий акмеологический соварь. 2-е изд. — М.: РАГС. — 2018. — 161 с.
7. Ситников А.П. Акмеологический тренинг: Теория, Методика. Психотехнология. М.: Технологическая школа бизнеса. — 2016. — 429 с.
8. Максимова В.Н. Акмеология: новое качество образования. СПб.: Изд-во. РГПУ им. А.И. Герцена. — 2020. — 99 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тұрғынбаева Б.А. АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ - ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕЛІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;67(4):47-56. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.05
For citation:
Turgunbayeva B. ACMEOLOGICAL TRAINING IS THE BASIS OF THE PROFESSIONAL STATUS OF THE FUTURE TEACHER. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;67(4):47-56. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.05