АНТИКАЛЫҚ ГРЕЦИЯ ЖӘНЕ РИМ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ СОТ РИТОРИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.14
Аннотация
Мақала Антикалық Греция және Рим мемлекеттеріндегі сот риторикасының дамуы мәселелері қарастырылған. Ежелгі Антикалық заманда Греция және Рим мемлекетерінде сот риторикасы сот процедурасының маңызды дербес және қажетті элементі ретінде қарастырылды. Сот процесі ашық және жарыспалы нысанында өтуі айтылады. Антикалық Греция және Рим мемлекеттеріндегі риториктерді және олардың сот саласындағы қызметі мен шешендік қырлары жан-жақты зерттелді. Антикалық Грецияда сот процестері арқылы сот риторикасы дамыған. Оны мақала жазу барысындағы Антикалық Грецияда соттың іс жүргізу бірнеше кезеңдерден тұратындығынан көреміз, яғни айыптау шағымын жариялау; тараптарды тындау; куәлардан жауап алу; айыпталушының кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы жасырын дауыс беру, жазалау шарасы бойынша жасырын дауыс беру; үкімді жариялау; айыпталушының соңғы сөзін тындау. Сондай-ақ сот ісін жүргізу кезіндегі сот жарыссөздерінің және куәларды, талапкер мен жауапкерді тындау арқылы риториканың келбетін көруге болады.
Римде кез-келген азаматтың майын тамызып, сөзге шешен болуы белсенді саяси және әлеуметтік өмірінің маңызды роль атқарды. Барлық істер халық жиналысында, сенатта, сотта пікірталастармен шешілді, онда әркім сөйлей алады. Ежелгі римдік көрнекті риторик М.Т.Цицерон бұл зерттеуде жан-жақты айтылды. Оның: адамды ең жоғары деңгейге көтере алатын екі өнер бар: «Бір өнер – қолбасшының өнері, екіншісі – жақсы шешеннің өнері» - деген асыл сөзін де айта кетуге болады. Римде шешендік өнердің дамуын атақты риториктері мен сөз қадірін білген адамды құдай ретінде қарағанынан білуге болады.
Автор туралы
А. У. ТурдалиевҚазақстан
Адилбек Турдалиев - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Атырау қ., 060011
Әдебиет тізімі
1. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. Алматы. — 2016. — 15 с.
2. Алексеев Н.С., Макарова З.В. Ораторское искусство в суде. Ленинград. — 1989. —13 с.
3. Матвиенко Е.А. Судебная речь. Минск. — 2017. — 34 с.
4. Сергеич П. Искусство речи на суде. Москва: Издательство Юрайт. — 2020. — 95 с.
5. Гиздатов Г.Г. Очерки по истории судебной речи. Учебное пособие. Алматы: Жетi жарғы. — 2018. — 21 с.
6. Кохтев Н.Н. Основы ораторской речи. Издательство: Флинта. — 2019. — 21 с.
7. Бернем У. Суд присяжных заседателей. М. — 2019. — 19 с.
8. Гиздатов Г.Г. Юридическая риторика. Учебное пособие. Алматы: Жеті жарғы. — 2009. — 38 с.
9. Леммерман Х. Тренировка речи с упражнениями. — 2020. — 71 с.
10. Гольдинер В.Д. Защитительная речь. Москва: Юридическая литература. — 2020. — 18 с. 11 Михайловская Н.Г. Искусство судебного оратора. — Москва. — 2021. — 9 с.
11. Сопер П. Основы искусства речи. Издательство: Феникс. — 2015. — 26 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Турдалиев А.У. АНТИКАЛЫҚ ГРЕЦИЯ ЖӘНЕ РИМ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ СОТ РИТОРИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;67(4):137-146. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.14
For citation:
Turdaliev A. THE DEVELOPMENT OF JUDICIAL RHETORIC IN THE STATES OF ANCIENT GREECE AND ROME. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;67(4):137-146. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.14