ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ (1925-1929 ЖЖ.) ГУРЬЕВ УЕЗІНІҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ, ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР ТАЛДАУ
https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.03
Аннотация
Мақала Кеңес өкіметінің ХХ ғасырдың 30-жылына дейін көшпелілік ғұрпын сақтаған қазақ қожалықтарын социалистік негізге көшіру барысында жүргізген реформаларының заңсыздығын Гурьев өңірі мысалында ашуға ықпал ететін мәселелерге арналған. Мақалада байларды тәркілеу мен ұжымдастыру қарсаңындағы Гурьев уезі құрамындағы көшпелі қазақтар тұратын болыстықтар мен ауылдардың әкімшіліктерриториялық құрылымын, өңірді мекендеген халықтың ұлттық, әлеуметтік құрамын, мал шаруашылығымен айналысатын жеке меншіктегі қожалықтардың санын және мал саны көрсеткіштерін салыстырмалы талдау, саралау арқылы зерттеу қорытындылары шығарылды. Атап айтқанда, Гурьев уезінің жайсыз климаттық ерекшеліктеріне орай, бұл өңірдегі жеке қожалықтардың Қазақстанның өзге аймақтарына қарағанда шаруашылықтық әлсіздігі мал санының аздығымен тұжырымдалады. Сонымен қатар, өңірдегі қазақ қожалықтарының экономикалық әлсіздігі 1918-1920 жылдардағы уезд аумағындағы Азамат соғысы зардаптарымен және 1921-1923 жылдардағы бірнеше дүркін болған қуаңшылық пен жұтпен байланыстырылады.
Гурьев уезіндегі кеңестендіру шаралары барысында жүргізілген әкімшілік-территориялық өзгерістердің көптігі халықтың әлеуметтік-экономикалық құрылымына ықпал еткені 1926-1929 жылдар аралығында салыстырылып талданады. Өңір халқының ұлттық жағынан салыстырмалы түрде біркелкілігін көшпелі мал шаруашылығының басымдығымен негіздейді. Бұл талдаулар Гурьев өңіріндегі 1928 жылғы ірі байларды кәмпескелеу, 1929-1933 жылдардағы мал және ет дайындату және ұжымдастыру сияқты саяси науқандарды әділетсіз өткенін ашуға ықпал етеді, Уезд аумағында кәмпескелеу шарттарына сәйкес келетін қожалықтардың болмағанын дәлелдейді.
Авторлар туралы
Ж. ЖумабаеваҚазақстан
Жумазия Жумабаева – негізгі автор, тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан және дүниежүзі тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Атырау қ., 060011
А. Сақпалиева
Қазақстан
Аида Сақпалиева – педагогика ғылымдарының магистрі, «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы
Алматы қ., 050000
Әдебиет тізімі
1. Абылхожин Ж., Қозыбаев М., Тәтімов М. Трагедия казахского аула. Вопросы истории. — №7, — 1989. 18 с.
2. Асылбеков М., Галиев А. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). — Алматы: Ғылым. — 1991. 192 с.
3. Сдыков М.Н. Население Западного Казахстана: история формирования и развития. 1897-1989гг. — Алматы: Ғылым. — 1995. — 220 с.
4. Аман Ә.Б. Батыс Қазақстан ауыл халқы: тарихи-демографиялық аспекті. (ХХ ғ. 20-80 жылдары). Монография. Жұбанов кітапханасы сериясы. — Ақтөбе. Жұбанов университеті баспасы. — Б. 216.-220
5. Жаулин К.М. Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күшпен ұжымдастыру: тарихы мен тағылымы (1928-1933жж.): т.ғ.к. кан. дисс. Алматы: — 1997. — 265 б.
6. Жумабаева Ж.К., Молдашева С.К. Атырау аймағының Кеңес заманындағы этно-демографиялық үдерістері. «Қазақ тарихы» журналы. Қыркүйек- қазан — № 5(194). — 2021. — Б. 25-31
7. АОМА. Қ-2, т-1, 220-іс, 85 п.
8. Всесоюзная перепись населения КАССР 1926 года. Том VIII. — Москва. — 1928 г.
9. АОМА, қ-2, т-1, д.18 , 28-29 л.
10. АОМА, қ-2, т-1, 325-іс.25-27 пп.
11. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының әкімшілік-аймақтық бөліну тарихы туралы анықтамалық (1920-2000жж.). — Алматы: Асем-Систем. — 2003. — 144 б.
12. АОМА.Қ-2,т-1,42-іс, 1,2-пп.
13. АОМА. Қ-2,т-1,42-іс, 5б.
14. Административно-территориальное деление Казакской АССР на 1мая 1929 года с показанием национального состава районов. Казиздат. — Москва. — 1929. — 26 с.
15. Атырау (бұрынғы Гурьев) облысының әкімшілік-аймақтық бөліну тарихы туралы анықтамалық (1920-2000жж.). — Алматы: Асем-Систем. — 2003. — 144 б.
16. Гурьевский округ и его районы. Издание Уралского Губплана. — Уральск. — 1928. — 8 с.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жумабаева Ж., Сақпалиева А. ҰЖЫМДАСТЫРУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ (1925-1929 ЖЖ.) ГУРЬЕВ УЕЗІНІҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ, ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚОЖАЛЫҚТАРЫ: СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР ТАЛДАУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2023;70(3):22-33. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.03
For citation:
Zhumabayeva Z., Sakpalieva A. ADMINISTRATIVE-TERRITORIAL STRUCTURE, POPULATION AND ECONOMY OF THE GURYEV DISTRICT (1925-1929у.): ANALYSIS OF STATISTICAL MATERIALS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2023;70(3):22-33. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.03