Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТЕР МАҢҒЫСТАУ ТЕРРИТОРИЯСЫН КЕҢЕСТЕНДІРУДЕГІ АЛҒАШҚЫ САЯСИ БИЛІК ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ

https://doi.org/10.47649/vau.2023.v.71.i4.02

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Маңғыстау өңіріндегі Кеңес өкіметінің саяси билік ұйымы Маңғышлақ ревкомының қызметі, түбектің саяси-экономикалық дамуындағы жүргізген жұмысы қарастырылады. Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасы құрамында, Закаспий облысына қараған Маңғышлақ революциялық комитетінің өлкенің Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына өтіп, Адай революциялық комитетіне ауысқанғанға дейін қызмет жасаған өтпелі бірнеше ай ішіндегі қызметі Маңғыстау облыстық архив деректері негізінде талданады. Маңғыстау аймағында Кеңес өкіметі бірден орнаған жоқ. Азамат соғысы кезеңіндегі түбектегі жағдай тұрақты болмай, Закаспий контрреволюциялық Уақытша үкіметі өз позициясын нығайтуға тырысып, Ашхабад өкіметінің нұсқауымен ақ гвардияшылар армиясына ерікті адамдарды тартып, халық арасында дүрбелең туғызды.

Уақыт өте келе Маңғыстау біртіндеп Деникин, Толстов және басқалардың әскерлерін жабдықтау базасына айналды. 1919 жылдың аяғында генерал Толстов үшін аймақтың стратегиялық маңызы едәуір өсті. Оның жеңіліске ұшыраған Армиясының әскерінің қалғаны Маңғыстаудан пана тапты. Уездің азық түлік басқармасы ақ гвардияшыларды асырап, жабдықтау органына айналды. Қызыл Армияның жауынгерлік операция нәтижесінде миноносцес «Карл Либкнехт» бастаған кеңес флотилиясы Форт-Александровскіні басып алып, билік орнатты. Маңғыстауда Каспий флотилиясы орнатқан Атқару комитеті екі ай ғана билікте болып, оның орнына келген Маңғышлақ ревкомының атқарған жұмысына қатысты деректер жиынтығы сол кезеңдегі өлкенің жағдайын суреттеп, баяндауға негіз болды.

Маңғышлақ революциялық комитеті өзінің Кеңестік билік жұмысын Форт-Александр қаласынан әрі жүргізе алмады, бірақ ақгвардияшылардан кейін қирап, қаңырап қалған қаланы қалпына келтіруге біраз талпынды. Түбекте жартылай көшпелі өмір сүру әдісімен күн көрген Маңғыстау қазақтары арасында ревком билігі толық орнамағанымен, елге тұрақтылық пен бейбітшілікті әкеліп, шалғайдағы халыққа кеңестік жүйені орнатып, коммунистік саяси билікті жүргізген алғашқы саяси ұйым ретінде тарихта қалды.

Автор туралы

Э. А. Абланова
Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві
Қазақстан

Эльвира Абланова – тарих ғылымдарының кандидаты 

Ақтау қ. 



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан азамат соғысының от-жалынында. — Алматы. — 1960. — Б. 101-102.

2. 1917 год в Казахстане. Документы и материалы. — Алма-Ата: «Казахстан», — 1977. — 284 с.

3. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 117-қор. 1-тізбе. 7-іс

4. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 117-қор. 1-тізбе. 1-іс

5. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 14-қор. 2-тізбе. 1-іс. 25 б.

6. Тлепов С.Т. Страницы истории Мангышлака. — Алма-Ата: Казахстан. — 1980. — 167 с.

7. Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ Совет Энциклопедиясының бас редакциясы. — 1976. – 639 б.

8. Қазақ революциялық комитеті. [Электрондық ресурс] — URL: //kk.mikipedia.orq

9. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві (Бұдан былай МОМА). 214-қор. 1-тізбе. 2-іс.; 8-іс. 21 б.

10. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. Тізбе жинағы

11. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. 1-т. 5-іс

12. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. 1-т. 14-іс

13. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. 1-т. 7-іс

14. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. 1-т. 6-іс.; 14-іс

15. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 214-қ. 1-т. 8-іс


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Абланова Э.А. РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТТЕР МАҢҒЫСТАУ ТЕРРИТОРИЯСЫН КЕҢЕСТЕНДІРУДЕГІ АЛҒАШҚЫ САЯСИ БИЛІК ҰЙЫМЫ РЕТІНДЕ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2023;71(4):16-30. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v.71.i4.02

For citation:


Ablanova E. REVOLUTIONARY COMMITTEES AS THE FIRST BODY OF POLITICAL POWER TO SOVIETIZE THE TERRITORY OF MANGYSTAU. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2023;71(4):16-30. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2023.v.71.i4.02

Қараулар: 2454


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)