1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕСКЕНДЕР (Батыс Қазақстан облысы мысалында)
https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.04
Аннотация
Мақалада XX ғасырдың 20-шы жылдарында Батыс Қазақстан өлкесінде әділдік үшін күрескен халық арасынан шыққан ерлердің іс-әрекеті және кеңес өкіметінің оларға қарсы аяусыз қуғын-сүргінді ұйымдастыруының тарихы архив деректеріне сүйене отырып шынайы тұрғыда қарастырылады. Өткен ғасырымыздың 20 жылдарында сол кездегі биліктің зорлықшыл саясатын мойындамай, қолдарына қару алып әділдік үшін күреске шыққандарды кеңес өкіметі «банды», «бандалық топтар» деп атап соңдарына түсіп, қуғын-сүргін ұйымдастырып, аяусыз жазалаумен, олардың көзін жоюмен айналысты. Халықтың ішінен шыққан мұндай жекелеген ерлер Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін еді. Олардың мұндай әрекетке баруына биліктің өздері кінәлі болатын. Олар шындығында биліктің халыққа жасап отырған зорлықзомбылығына, қысымшылығына қарсы тұрудың басқа жолын таппағандар еді. Қазақстанның барлық өңірінде жеңіске жетіп, толық орныққан Кеңестік билікке ашық қарсы шығу ол кезде оңай шаруа емес еді. Соған қарамастан олар өздерінің бас бостандықтары үшін қолдарына қару алып күреске шыққан еді. Боқай Сәбитов, Ерғали Аязбаев, Аманғали Кенжахметов, Құныскерей Қожахметов және басқалары халық аузында әділдік үшін басын өлімге тіккен күрескерлер деп есептеледі.
1920 жылдардағы кеңестік билік құрылымдарының Бөкей губерниясы (1925 жылдан Бөкей уезі) мен Орал губерниясы аумағындағы «бандылармен» күресіне қатысты Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінен табылған тарихи құжаттарға алғаш рет талдау жасалды. Жұмыстың алдына қойған негізгі мақсаты Батыс Қазақстан аумағындағы 1920 жылдардағы кеңес өкіметіне қарсы азаттық үшін күрескен халықтың ішінен шыққан ерлердің қиын өмір жолдары мен тағдырларын зерттей отырып, олардың әрекеттеріне қазіргі күн тұрғысынан тарихи баға беру болып табылады.
Ғылыми-ізденіс жұмысының нәтижесінде Кеңестердің Бөкей губерниялық/уездік атқару комитетінің, Кеңестердің Орал губерниялық атқару комитетіне қарасты қылмыстық іздестіру бөлімінің, Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) және басқа да құзырлы құрылымдардың 1920 жылдардағы Қазақстанның батыс өңірдегі «бандылармен» күресудегі қолданған шаралары жөніндегі архив құжаттары алғаш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Б. ЖұмағұловҚазақстан
Болат Жұмағұлов – тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және құқық факультеті, «Әлем тарихы» кафедрасының профессоры
Алматы қ., 050010
Е. Хайдаров
Қазақстан
Есқайрат Хайдаров – тарих ғылымдарының кандидаты, «Рухани жаңғыру» орталығының аға оқытушысы
Орал қ., 090009
Әдебиет тізімі
1. Кенжалиев И., Табылдиев Н. Казталовка – байырғы атамекен. — Алматы, Полиграфия. — 1994. — 143 б.
2. Қапашев Л. «Банды» Аманғали ісі (Аңыз бен ақиқат). — Алматы: «Арыс» баспасы. — 2004. — 248 б.
3. Қапашев Л. Мінгені Ерғалидың «Шайтанқара». — Алматы: «Арыс» баспасы. — 2007. — 148 б.
4. Ижанов З. Аласапыран. — Алматы: «Өлке» баспасы. — 2017. — 352 б.
5. Половецкий С.Д., Ченцов А.С. Деятельность органов и войск ВЧК – ОГПУ – НКВД СССР по борьбе с бандитизмом на Северном Кавказе (1920 – июнь 1941 г.) Санкт-Петербург, Наукоемкие технологии. — 2020. — 148 с.
6. Аннаоразов Дж. С. «Басмаческое движение» в Туркменистане – продолжение Гражданской войны 1918-1920 гг. Научная монография. — Ашхабад. — 2022. — 327 с.
7. Хошимов С., Иминов Ж., Тураходжаев С. Политические репрессии в Узбекистане в 20-30-х годах ХХ века. Наука и современность. — 2016. — С. 100-108.
8. Хасанов Қ. Құныскерей Қожахметов. – Орал: Шұғыла принт баспасы. — 2017. — 100 б.
9. Әлімгереев Ө. Құныскерей. – Атырау: «Атырау-Ақпарат» ЖШС. — 2018. — 168 б.
10. Бөкей және Орал өңірлеріндегі бандитизм. 1921-1931. (ОГПУ хабарламалары бойынша): Құжаттар жинағы. Құраст. Е.Е. Хайдаров., «DANA орталығы» – Орал қаласы, «DANA» баспасы. — 2023. — 206 б.
11. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві (БҚОМА). 312-қ. 1-т. 44-іс. 2-6-пп.
12. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 91-іс. 8-п.
13. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 91-іс. 12,14,16-пп.
14. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 44-іс. 24-26,27-пп.
15. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 91-іс. 1-3,5,6-9-пп.
16. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 89-іс. 49-п., 91-іс. 13,20-пп., П19-қ. 1-т. 96-іс. 10-п.
17. БҚОМА. 325-қ. 1-т. 83-іс. 1-2-пп.
18. БҚОМА. 325-қ. 1-т. 83-іс. 8-18-пп.
19. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 101-іс. 2-9,13,16-29-пп.
20. БҚОМА. 24-қ. 4-т. 566-іс. 240-п.
21. БҚОМА. 312-қ. 1-т. 101-іс. 30-п., 664-қ. 1-т. 327-іс. 41-п.
22. БҚОМА. 24-қ. 4-т. 566-іс. 416-п.
23. БҚОМА. 24-қ. 4-т. 566-іс. 470, 664-пп., 575-іс. 29, 177-179-пп.
24. БҚОМА. 24-қ. 4-т. 575-іс. 248-289-пп.
25. БҚОМА. 1-қ. 1-т. 1174-іс. 1-15-п.
26. БҚОМА. 24-қ. 4-т. 575-іс. 384, 475-пп.
27. БҚОМА. 1-қ. 1-т. 1174-іс. 21,32,37,39-пп.
28. БҚОМА. 300-қ. 1-т. 49-іс. 163-п.
29. БҚОМА. 300-қ. 1-т. 49-іс. 173-п.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жұмағұлов Б., Хайдаров Е. 1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ӘДІЛДІК ҮШІН КҮРЕСКЕНДЕР (Батыс Қазақстан облысы мысалында). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2024;75(4):38-50. https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.04
For citation:
Zhumagulov B., Khaidarov E. JUSTICE FIGHTERS OF THE 1920s (in the example of West Kazakhstan region). Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2024;75(4):38-50. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.04