ЖОО-ДА ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУДА САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.14
Аннотация
Мақалада профессор Халел Досмұхамедовтың өмірі мен шығармашылығы қарастырылып, оны заманауи цифрлық технологиялар арқылы оқырмандарға қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар баяндалады. Жасанды интеллект пен цифрландырудың қарқынды дамуы кезеңінде Халел Досмұхамедовтың мұраларын болашақ ұрпаққа жеткізу және олардың білім беру жүйесінде тиімді қолданылуы аса маңызды орын алады. Мақалада қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі, өз заманының көрнекті қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы, медицина және жаратылыстану ғылымдарын зерттеушісі, әмбебап ғалым Х.Досмұхамедовтың мұраларын оқыту және насихаттау арқылы студенттердің бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру қарастырылған.
Зерттеу барысында сауалнама, тест, математикалық-статистикалық сынды зерттеу әдістер қолданылды. Халел Досмұхамедовтың өмірі мен қоғамдық-қайраткерлік және ғылыми қызметін таныту үшін үш тілде электронды кітаптар («Оқушының саулығын сақтау», «Как бороться с чумой среди киргизских населении», «Аламан») мен «Халел әлемі» атты онлайн-энциклопедия (веб-сайт) әзірленді. Онлайнэнциклопедия арқылы оқырмандар профессор Халел Досмұхамедұлының өмірі, қызметі және шығармашылығымен толық таныса алады. Сонымен қатар, онда ғалымның еңбектері мен басқа зерттеушілердің мақалалары қолжетімді. Веб-сайттың құрылымы бірнеше бөлімнен тұрады: басты бет, өмірі мен шығармашылығы, Халелтану сынды негізгі бөлімдерге бөлінген. Әр бөлім өз ішінде бірнеше тақырыптарға жіктеледі. Өмірі мен шығармашылығы бөлімінде ғалымның өмірбаяны, шығармашылық мұрасы, еңбектері туралы ақпараттар орналастырылған. Халелтану бөлімінде мақалалар, жаңалықтар, фотогаллерия және Халел туралы естеліктер бар. Сауалнаманың нәтижелерінде цифрлық технологияны пайдалану арқылы тұлғатану курстарын оқыту студенттердің қызығушылығын, білім сапасының артуын және оның тиімділігін көрсетті.
Авторлар туралы
Ш. ДжанзаковаҚазақстан
Шолпан Джанзакова –педагогика ғылымдарының докторы, «Психология және педагогика» кафедрасының профессоры
Атырау қ., 060011
Ғ. Базарғалиев
Қазақстан
Ғабит Базарғалиев – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Психология және педагогика» кафедрасының профессоры
Атырау қ., 060011
Г. Мугауина
Қазақстан
Гулбарам Мугауина – Философия докторы (PhD), «Психология және педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Атырау қ., 060011
Р. Анарбек
Қазақстан
Регина Анарбек – педагогика ғылымдарының магистрі, «Халелтану» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Атырау қ., 060011
Әдебиет тізімі
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрондық ресурс] – URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses (қаралу уақыты: 27.09.2024)
2. Государственная программа «Цифровой Казахстан», утвержденная ПП РК от 12 декабря 2017 года No 827, Әділет. [Электрондық ресурс] – URL: adilet.zan.kz/rus/docs/P1700000827. (қаралу уақыты: 27.09.2024)
3. Базарғалиев Ғ.Б. Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары. – Атырау. 2002. – 26 б.
4. Сухомлинский В.А. Қарасөздері. [Электрондық ресурс] – URL: https://vsukhomlinski.narod.ru (қаралу уақыты 27.09.2024)
5. Тыныбаев Б.Ғ. Халел Досмұхамедұлы-дәрігер. Ғұлама ғалым, ағартушы-педагог. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті баспасы. 1996. – 59 б.
6. Мектеп-тегі А.Қ. Көсемсөздің көсемі. – Алматы: Қазақ университеті. 2015. – Б. 332-333
7. Әнес Ғ. ХХ ғ. басындағы тілдік тұлғалар: Халел Досмұхамедұлы – түркітанушы // Eurasian Journal of Philology: Science & Education. 2022. Vol. 185. P. 42-49
8. Сейталиев Қ.Б. Х.Досмұхамедов және Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуы. Ғұлама ғалым, ағартушы-педагог. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті баспасы. 1996. – Б. 21-24
9. Жарықбаев Қ.Б., Иманғалиева Н.Т. Халел Досмұхамедұл психологиялық көзқарастары. – Алматы: Арыс. 2008. – Б. 78-90
10. Abildina S., Ozganbayeva R., Janzakova Sh., Kalykbayeva A., Bitikova A., Abdol E. (2023) The effect of variables associated with the digital learning environment on students’ motivation and attitudes. International Journal of Education in Mathematics, Science, and Technology (IJEMST), 11(6). P. 1497-1517
11. Анарбек Р. Оқушының саулығын сақтау. [Электрондық ресурс] – URL: https://drive.google.com/file/d/1dD-i3OI8hcbxq0ElGJudl_xFwo24Iqos/view?usp=share_link (қаралу уақыты: 27.09.2024)
12. Анарбек Р. Х.Досмұхамедұлының мақалалар жинағы. [Электрондық ресурс] – URL: https://drive.google.com/file/d/1agWrHoZmtcJrfFZASFNln44o3Kntf289/view?usp=share_link (қаралу уақыты: 27.09.2024)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Джанзакова Ш., Базарғалиев Ғ., Мугауина Г., Анарбек Р. ЖОО-ДА ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЕҢБЕКТЕРІН ОҚЫТУДА САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2024;75(4):155-166. https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.14
For citation:
Dzhanzakova Sh., Bazargaliyev G., Gulbaram M., Anarbek R. THE EFFECTIVENESS OF USING DIGITAL TECHNOLOGIES IN TEACHING THE WORKS OF KHALEL DOSMUKHAMEDOV AT UNIVERSITIES. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2024;75(4):155-166. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.14