МОНОҚАЛАЛАРДАҒЫ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУ: ХРОМТАУ ҚАЛАСЫ
https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.26
Аннотация
Соңғы онжылдықтарда Қазақстан үкіметі моноқалалардың мәселелерін шешуге белсенді түрде назар аударып, бұл бағытқа үлкен көңіл бөлуде және қолдау шараларын үнемі жетілдіруде. Қазақстандағы 89 қаланың 27-сі моноқала болып табылады, мұнда шамамен 1,4 миллион адам тұрады және 30-дан астам қалақұраушы кәсіпорындар жұмыс істейді. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бірнеше негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылды, және олар бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр. Олардың қатарында: экономиканы әртараптандыру, шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту, халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту шаралары бар. Бағдарлама аясында моноқалалар үш санатқа бөлінді: даму әлеуеті жоғары, орта және төмен қалалар. Даму әлеуеті төмен қалаларға Қостанай облысындағы Арқалық және Жамбыл облысының Талас ауданындағы Жаңатас қалалары жатады. Даму әлеуеті жоғары моноқалаларға Жаңаөзен, Жезқазған, Ақсай, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы Хромтау және Қарағанды облысындағы Балқаш, Теміртау қалалары кіреді. Моноқалалар әлі де шешілмеген мәселелермен бетпе-бет келуде, мысалы, халық санының азаюы, кен орындарының сарқылуы, өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы, инфрақұрылымның нашарлауы және экономиканың әлсіз әртараптандырылуы.
Зерттеудің мақсаты: Хромтау моноқаласындағы кәсіпкерлерді қолдау шараларының тиімділігін және олардың халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға әсерін бағалау. Зерттеу Хромтау қаласының дамуына кәсіпкерлікті қолдау шараларының қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстарға тәуелді моноқала болып табылады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті қолдау шараларының әлеуметтік және экономикалық салдарын терең түсінуді қамтамасыз етеді, бұл моноқалалардың тұрақты қоғамдық дамуы үшін маңызды.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
М. СайымоваҚазақстан
Мейрамкүл Сайымова – негізгі автор, PhD, «Мемлекеттік басқару, қаржы және маркетинг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Ақтөбе қ.
Н. Товма
Қазақстан
Наталия Товма – экономика ғылымдарының кандидаты, «Бизнес және маркетинг» кафедрасының доценті
Алматы қ.
Б. Альмухамбетова
Қазақстан
Ботагоз Альмухамбетова - экономика ғылымдарының кандидаты, «Туризм» мектебінің қауымдастырылған профессоры
Түркістан қ.
Б. Мустафаева
Қазақстан
Багила Мустафаева – PhD
Түркістан қ.
Әдебиет тізімі
1. Моногорода Казахстана: Текущая ситуация и перспективы развития [Электронный ресурс] — URL: https://dknews.kz/ru/ekonomika/322081-monogoroda-kazahstana-tekushchaya-situaciya-i (дата обращения: 10.10.2024).
2. Жұмағұл Т.Т., Бимендиева Л.А., Шуренов Н.Б., Товма Н.А. Моноқалалардағы демографиялық тенденцияларды талдау мен мемлекеттік қолдау шаралары. «Тұран» университетінің хабаршысы» ғылыми журналы. - № 2(98). – 2023. - Б.248-258.
3. Heidi Tiainen, Rauno Sairinen, Viktor Novikov (2014) Mining in the Chatkal Valley in Kyrgyzstan— Challenge of social sustainability. Resources Policy. Vol. 5. P. 80-87.
4. Kataro Galasso Gamo, Ramakrishna Gollagari (2020). Role of Local Government and MSMEs Performance: The Case of Ethiopia. International Journal of Small and Medium Enterprises. Vol. 3. P. 1-18.
5. Pekovic, Sanja & Vukcevic, Jovana & Stanovic, Tatjana & Perovic, Djurdjica (2017) New Geographies of Tourist Consumption: The Case of Montenegro. Proceedings of the ENTRENOVA - Enterprise Research Innovation Conference. - Dubrovnik, Croatia. P. 246-250.
6. Ridzwan R., Ramzi M.I. & Zubir A.M. (2021) Success factors of rural entrepreneurs in Malaysia: A proposed model. International Journal of Academic Research in Business and Social Sciences Vol 11(4). P.315-323
7. Sharif N.M. & Lonik K.T. (2014) Entrepreneurship as a catalyst for the development of rural tourism. SHS Web of Conferences. - France. Vol 12. P. 1-5.
8. Ansari B., Mirdamadi S.M., Zand A., & Arfai M. (2013) Sustainable entrepreneurship in rural areas. Research Journal of Environmental and Earth Sciences. Vol 5(1). P. 26-31.
9. Geleta D. (2013) Socio-economic contribution of micro and small enterprises: a case study of Jimma city. Science, Technology, and Arts Research Journal. Vol 2. P. 123-134.
10. Troyanskaya M., Shalgimbayeva K., Zhumabekova (2023). Vector autoregressive analysis of the relationship between renewable energy consumption and economic development in Turkey and Kazakhstan. International Journal of Energy Economics and Policy. Vol 13 (2). P. 309-315.
11. Gwidja S.A., Heresia-Eke K., Iwu K.G. (2014) Assessing the impact of support structures and initiatives on youth entrepreneurship development in a selected township in the Western Cape Province of South Africa. Mediterranean Center for Social and Educational Research. Vol 5 (1). P. 61-68.
12. Kocharnaya G., Divichenko O.I., Demenenko I.A. (2018) Formation of an entrepreneurial climate as a factor in the socio-economic development of the region. SHS Web Conf. Vol 50. P. 1-5.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Сайымова М., Товма Н., Альмухамбетова Б., Мустафаева Б. МОНОҚАЛАЛАРДАҒЫ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУ: ХРОМТАУ ҚАЛАСЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2024;75(4):300-313. https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.26
For citation:
Saimova М., Tovma N., Almukhambetova B., Mustafayeva B. STUDY ON THE ROLE OF ENTREPRENEURSHIP IN IMPROVING THE QUALITY OF LIFE IN MONOTOWNS: KHROMTAU CITY. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2024;75(4):300-313. https://doi.org/10.47649/vau.24.v75.i4.26