Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстандағы кеңес өкіметінің дінге қарсы саясаты

https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.02

Толық мәтін:

Аннотация

Оқырмандарға ұсынылған мақалада кеңестік кезеңде әр түрлі саяси және экономикалық үрдістер барысында полиэтникалық халық қалыптасқан Қазақстан аумағындағы діни мәселенің жекелеген аспектілерінің тарихы баяндалады. Мұсылман, христиан ұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі емес діни қауымдастықтар құрылған көпконфессиялы қоғамның қалыптасуы заңды еді. 1950-1980 жж. қамтитын хронологиялық шеңбер діни қоғамдық сананың дінге қарсы үгіт-насихат пен ұрпаққа атеистік тәрбие беру арқылы ығыстыруымен сипатталды.

Мақаланың ерекшелігі – тарихи өткенді бейнелейтін фактілерді баяндап, тарихнамалық шолу жасауда емес, бірақ Қазақстанның негізгі архивтерінің бірі саналатын Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві құжаттарына үңілу. Ұсынылған материалдарға сәйкес, кеңестік құрылыстың бастапқы жылдарында шіркеу мен мешіттерді жаппай жабу, ғимараттарды шаруашылық мақсатта пайдалануға берумен, діни қызметкерлерді қуғындау және т.б. шаралармен сипатталған дінге қарсы күреске қарамастан, халықтың діни санасы ұзақ уақыт бойы сақталды. Қабылданған шаралар ғасырлар бойы Қазақстанның этникалық топтары арасында қалыптасқан діни негіздерді түбегейлі жоя алмады. Бірақ, діни қатынастар жүйесінің белгілі бір дәрежеде тоқырауына алып келгенін атап өту қажет.

Ғылыми мақаланың мақсаты – архив материалдары негізінде соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстан аумағындағы мемлекеттік-діни қатынастарды зерттеу. Міндеттер Кеңес өкіметінің діни қызметкерлер мен сенушілерге қатысты діни саясатының эволюциясын, бұқаралық әдебиет желісі арқылы дінге қарсы насихатты, кеңестік қоғамдағы атеистік тәрбие мен білім беру әдістерін талдаумен байланысты.

Авторлар туралы

А. М. Тұрлыбекова
Торайғыров университеті
Қазақстан

Айгүл Тұрлыбекова – негізгі автор, «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессор м.а., тарих ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университеті.

Павлодар қ



Ж. Д. Қабиденова
Торайғыров университеті
Қазақстан

Жұлдыз Қабиденова – Торайғыров университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы.

Павлодар қ



А. М. Садықова
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
Қазақстан

Айгүл Садықова – Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD докторы.

Павлодар қ



Л. К. Жүсіпова
Торайғыров университеті
Қазақстан

Лаура Жүсіпова – Торайғыров атындағы университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), тарих ғылымдарының докторы.

Павлодар қ



Әдебиет тізімі

1. Мустафаева А.А. Исторический обзор эволюции ислама в советском Казахстане. KazNU Bulletin. Oriental series. – №3 (60). – 2012. – С.31-35.

2. Сактаганова З.Г. Советская модель государственной религиозной политики в Казахстане и религиозная повседневность казахстанцев во второй половине ХХ в. [Электронный ресурс] – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/sovetskaya-model-gosudarstvennoy-religioznoy-politiki-v-kazahstane-i-religioznaya-povsednevnost-kazahstantsev-vo-vtoroy-polovine-hh-v (дата обращения: 03.02.2024).

3. Жанбосинова А.С. Религиозная политика: ислам и советская власть. Мировоззрение населения Южной Сибири и Центральной Азии в исторической ретроспективе: сборник статей под ред. П.К. Дашковского. – Барнаул: Изд-во Алт.ун-та, – 2012. – С. 240-251.

4. Королева Л.А., Королев А.А., Гарькин И.Н. Государственно-конфессиональная политика в отношении ислама в СССР. 1940–1980 гг. [Электронный ресурс] – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/gosudarstvenno-konfessionalnaya-politika-v-otnoshenii-islama-v-sssr-1940-1980-gg-po-materialam-srednego-povolzhya (дата обращения: 12.05.2024).

5. Королев А.А. Власть и ислам в СССР в послевоенный период [Электронный ресурс] – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/vlast-i-islam-v-sssr-v-poslevoennyy-period-po-materialam-penzenskogo-regiona (дата обращения: 12.05.2024).

6. Дмитриев Н.А. Историографические аспекты изучения церковной жизни в СССР в послевоенный период (1945-1950-е) [Электронный ресурс] – URL: https://cyberleninka.ru/article/n/istoriograficheskie-aspekty-izucheniya-tserkovnoy-zhizniv-sssr-v-poslevoennyy-period-1945-1950-e (дата обращения: 15.05.2024).

7. Потапова А.Н. Религиозная политика Советского Государства и ее осуществление на Южном Урале в 1941-1958 гг. [Электронный ресурс] – URL: https://www.dissercat.com/content/religioznaya-politika-sovetskogo-gosudarstva-i-ee-osushchestvlenie-na-yuzhnom-urale-v-1941-1 (дата обращения: 07.06.2024).

8. Горанский А.О., Мандрик С.В. Церковная политика советского государства эпохи позднего социализма: сравнение периодов «хрущевских гонений» и «брежневского застоя». Церковная наука в начале третьего тысячелетия: актуальные проблемы и перспективы развития: материалы Международной научной конференции, Минск, 17 ноября 2017 г. – Минск – 2018. – С. 158-166.

9. Турлыбекова А.М. Роль государства в регулировании религиозных отношений в ХХ-нач.ХХI вв. (на примере Казахстана). Материалы IX Международная научно-практическая конференция «Наука и инновации - 2013». –2013 – С.73-78.

10. Алексеев В.А. Иллюзии и догмы. – 1991. – 363 c.

11. Архив Президента Республики Казахстан (АП РК). Ф. 708. Оп. 31. Д.1471. C.21-29.

12. АП РК. Ф. 708. Оп. 31. Д.1471. Л.21-29.

13. АП РК. Ф. 708. Оп. 34. Д.1651. Л.174-176.

14. АП РК. Ф. 708. Оп. 31. Д.1504. Л.28-30.

15. АП РК. Ф. 708. Оп. 34. Д.1652. Л.35-44.

16. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.245. Л.144-148.

17. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.253. Л.54-57.

18. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.245. Л.10-12.

19. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.245. Л.21-24.

20. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.245. Л.38-45.

21. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.253. Л.17-19.

22. АП РК. Ф. 708. Оп. 121. Д.253. Л.176-179.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Тұрлыбекова А.М., Қабиденова Ж.Д., Садықова А.М., Жүсіпова Л.К. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстандағы кеңес өкіметінің дінге қарсы саясаты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):21-31. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.02

For citation:


Turlybekova A.M., Kabidenova Zh.D., Sadykova A.M., Zhusupova L.K. Anti-Religious Policy of Soviet Power in Kazakhstan in the 1950s-1980s (based on Archival Materials). Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):21-31. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.02

Қараулар: 76


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)