Туристік қызметті реттеудегі әкімшілік-құқықтық механизмдердің рөлі: Қазақстан мен Түркия мемлекетінің тәжірибесі
https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.43
Аннотация
Туриндустрия еліміз үшін шағын және орта бизнесті дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыспен қамтуды және өзін-өзі жұмыспен қамтуды арттыру, барлық деңгейдегі бюджеттерге салық түсімдерін ұлғайту, тарих және туризм мәдениетін белсенді ұстану, дәстүрлі қолөнерді ілгері жандандыру және т.б. сияқты маңызды факторларға оң әсер ететін сала болып табылады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елімізге 566,5 мың турист саяхаттаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 515,8 мың шетелдік турист келген.
Зерттеудің мақсаты – туристік қызмет саласындағы әкімшілік-құқықтық реттеудің теориялық-құқықтық негіздеріне кешенді талдау жүргізе отырып, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу, салыстырмалы талдау болып табылады. Туризм саласы әлем елдерінің әсіресе, Түркия, Малайзия, Египет, Үндістан, Таиланд, БАӘ, Испания, Франция, Греция және т.б. елдердің экономикасын дамытып отырған жетекші салаларының бірі болып табылады. Осы аталған елдердегі мемлекеттік қолдау есебінен туристік саланы дамытудың оң тәжірибесін алу және алмасу өз еліміздегі туристік инфрақұрылымды дамытуға және туристер үшін қолайлы жағдай жасау, сервистік қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізері анық.
Туризмді әкімшілік-құқықтық реттеу механизмінде уәкілетті органдардың қолданыстағы туристік қызмет саласына қатысты заңнаманы қолданудың тиімділігі, сондай-ақ, олардың тарапынан мемлекеттік ықпал ету нысандары мен тәсілдерінің объективтілігі маңызды рөл атқарады.
Мақалада авторлар тарапынан туризмді әкімшілік-құқықтық реттеудің нормативтік базасын жетілдіру ұсынылады. Сондай-ақ, туризм саласындағы Қазақстан мен Түркия мемлекетінің заңнамалық актілерінің қолданылу аясына қатысты ерекшеліктері сараланады, сондай-ақ, туристік қызметті реттеуде елімізде мемлекеттік органдардың атқаратын қызметі мен құзыретіне көңіл бөлінеді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
К. А. АдиловаҚазақстан
Күлтай Адилова – заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА «Білім беру және қоғамдық дамыту» орталығының бас академиялық қызметкері.
Алматы қ., 050000
С. К. Тасыбаева
Қазақстан
Сауле Тасыбаева – Қонаев университетінің аға оқытушысы.
Алматы қ., 050000
Б. Сапаров
Қазақстан
Бахытжан Сапаров - PhD, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушы Abai University.
Алматы қ., 050000
Әдебиет тізімі
1. Золотовский В. А. Правовое регулирование в сфере туризма. Учебное пособие для вузов. — М.: Юрайт, 2016. — 193 с.
2. «Туризмды дамыту – елді дамыту». [Электрондық ресурс] — URL: https://muzbalaq.kz/94033/ (қаралу уақыты 21.12.2024).
3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрондық ресурс] — URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstannyn-ekonomikalyk-bagdary-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-18333 (қаралу уақыты: 21.12.2024).
4. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. [Электрондық ресурс] — URL: https://adilet.zan.kz/eng/docs/Z010000211_ (қаралу уақыты: 21.12.2024).
5. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан Республикасының Заңы. [Электрондық ресурс] — URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z060000207_. (қаралу уақыты: 21.12.2024).
6. «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 262 Қаулысы. [Электрондық ресурс] — URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37207656. (қаралу уақыты: 21.12.2024).
7. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 242-VI Заңы. [Электрондық ресурс] — URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37278425. (қаралу уақыты: 21.12.2024).
8. К.А. Кирдасинова, Г.Г. Головкин. Развитие туризма в Казахстане. Научные стремления. Выпуск 17. [Электронный ресурс] — URL: https://cyberleninka.ru/article/n/razvitie-turizma-v-kazahstane/viewer. (дата обращения: 21.12.2024).
9. Бахрах Д.Н. Административное право России. Учебник. - М.: Эксмо, – 2008. – 152 с.
10. Административное право Российской Федерации / Отв. ред. Н.Ю. Хаманева. М.: Юристъ, 2004.
11. Т.А. Токтыбеков. «О механизме административно-правового регулирования качества работы государственных служащих». ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. № 6 (44). 2009. 114 с.
12. Сенин В.С. Организация международного туризма. [Электронный ресурс] — URL: https://tourlib.net/books_tourism/senin08.htm (дата обращения: 22.12.2024).
13. «Развитие туристической отрасли в Республике Казахстан». Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан. С. 6. [Электронный ресурс] — URL: https://kisi.kz/wp-content/uploads/2023/12/turizm-v-kazahstane-14-12-23-2.pdf (дата обращения : 22.12.2024).
14. В.В. Разумный, Д. Мухаммад Абдель Хамид. «Опыт Египта и Турции в сфере развития туристического бизнеса: сравнительный анализ» Вестник ДИТБ. Серия: Экономика, 2008. №12. С.259-263.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Адилова К.А., Тасыбаева С.К., Сапаров Б. Туристік қызметті реттеудегі әкімшілік-құқықтық механизмдердің рөлі: Қазақстан мен Түркия мемлекетінің тәжірибесі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):517-525. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.43
For citation:
Adilova K.A., Tassybayeva S.K., Saparov B. The role of administrative and legal mechanisms in the regulation of tourist activities: the experience of Kazakhstan and the Turkish state. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):517-525. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.43