Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогтың гендерлік мәдениетінің ерекшеліктері мен даму жолдары
https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.18
Аннотация
Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің алдында болашақ педагогтардың гендерлік мәдениетін қалыптастыру міндеттері тұрғаны және оны жүзеге асыру тек гендерлік компонентті білімге интеграциялау арқылы ғана емес, сонымен қатар гендерлік педагогикалық мәдениеттің білім беру саясатына интеграциялау арқылы мүмкін болатыны айтылады.
Сонымен қатар, мақалалардың мазмұнымен танысу барысында автор кәсіби бағдар беру, академиялық жазу мәдениеті, авторлардың эрудициясы, жариялау этикасын сақтау, шетелдік және ресейлік дереккөздерге сілтемелер, деректерді талдау сапасы және т. б. сияқты сипаттамаларды зерттеді. Қазіргі экстенсивті даму кезеңіндегі әйелдер мен гендерлік зерттеулердің дамуы, XX ғасырдың 90-жылдардың аяғы мен 2000-жылдардың басында тез көтеріліп, гүлденгеннен кейін, жалпылама сипаттама береді.
Гендерлік зерттеулер мен кәсіби бағдар берудің басты міндеттерінің бірі - қоғамдық стереотиптердің қаншалықты шындыққа жанасатынын, яғни олардың қаншалықты қате немесе дұрыс екенін анықтау. Бұл ретте орта білім беруді дамытуда қайшылықтар әлі тұжырымдалмаған, оларды шешу мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің оны дамыту үдерісіндегі гендерлік ерекшеліктерін есепке алу негізінде мүмкін болады. Гендерлік компонентті есепке алу негізінде мұғалімнің кәсіби-тұлғалық өзін-өзі сәйкестендіруін және өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жетілдірудің педагогикалық жағдайларын негізделеді.
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Г. О. МугауинаҚазақстан
Гулбарам Мугауина - негізгі автор, философия докторы (PhD), Психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
Атырау қ., 060011
К. Д. Джуманова
Қазақстан
Клара Джуманова - магистр, Ғылыми-техникалық ақпараттар және жоба қызметі бөлімінің жетекші маманы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
Атырау қ., 060011
В. С. Турегалиева
Қазақстан
Венера Турегалиева - магистр, Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.
Атырау қ., 060011
К. С. Жумабаева
Қазақстан
Кәмчат Жұмабаева – педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Астана қ
Әдебиет тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2024 жылдың 02 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. [Электрондық ресурс] — URL: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-adiletti-kazakstan-zamen-tartipekonomikalyk-osim-kogamdyk-optimizm-atty-kazakstan-halkyna-zholdauy-285659 (қаралу уақыты 14.01.2025)
2. Гриненко С.В. Гендерная асимметрия в образовании // Современные научные исследования и инновации. - 2014. - № 12. – 15 с.
3. Ожегов С.И, Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка / РАН; Рос. фонд культуры; 2-е изд., испр. и доп. М.: АЗЪ, - 1995. - 928 с.
4. Мугауина Г.О. Болашақ педагог-психологтардың іс-әрекетіндегі кәсіби мәдениетін жетілдіру. - Астана, - 2022 - 172 б.
5. Клецина, И.С. Психология гендерных отношений: Теория и практика / И. С. Клецина. – СПб. : Алетейя, - 2004. - 71 с.
6. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекознания. - М.; Воронеж: НПО «МОДЭК», - 1996. – 384 с.
7. Куинджи Н.Н. Гендерный подход к обучению и воспитанию детей в школе: физиологические, гигиенические и социальные аспекты: монография. М.: Пашков дом, НИИ гигиены и охраны здоровья детей и подростков Научного центра здоровья детей РАМН. - 2010. - 256 с.
8. Гульбин Г.К. О методологии изучения гендерной культуры // Современные проблемы науки и образования. 2014. №3 [Электронный ресурс] - URL: http://science-education.ru/ru/article/viewid=12886 (қаралу уақыты 18.01.2025).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Мугауина Г.О., Джуманова К.Д., Турегалиева В.С., Жумабаева К.С. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогтың гендерлік мәдениетінің ерекшеліктері мен даму жолдары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;76(1):203-216. https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.18
For citation:
Mugauina G.O., Jumanova K.D., Turegaliyeva V.S., Zhumabayeva K.S. Features and ways of development of gender culture of a teacher in the system of higher education. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;76(1):203-216. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v76.i1.18