АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.29
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты-елдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қол жетімділік деңгейін анықтау, сондай-ақ ондағы проблемаларды реттеудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде аграрлық сектордағы еңбек ресурстарының рөлін зерттеу. Мақалада Республика халқының 2018-2024 жылдар аралығындағы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін тұтыну көлемінің динамикалық өзгерістеріне және ол көрсеткіштердің жан басына шаққанда тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормасына сәйкестігіне талдау жасалды. Сонымен қатар, экономикалық қызмет түрлері бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыспен қамтылған халық саны және олардың жалақысына салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар анықталды, олар: жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің тұрақсыз динамикасы, азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласындағы проблемалар, ауыл шаруашылығы секторындағы жұмыс күшінің азаюы және бұл саладағы жалақының ең төменгі мөлшерінің сақталуы. Мақалада аталған проблеманы тиімді шешудің негізгі тетігі ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ресурстарын тұрақты жұмыспен қамту және орташа жалақының тұрақтылығын сақтау қажеттігі көрсетілді. Ол үшін мемлекет және жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің әр түрлі ұйымдық формаларын дамытуға, ауыл шаруашылығы емес қызмет түрлерін кеңейтуге баса назар аудару керек екендігі ғылыми негізделді.
Авторлар туралы
К. М. ТиреуовҚазақстан
Қанат Тиреуов - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Басқарма төрағасы-Ректор
010000, Астана қ.
Д. Женсхaн
Қазақстан
Дарима Женсхaн - экономикa ғылымдaрының кaндидaты, «Менеджмент және маркетинг»
010000, Астана қ.
А. К. Байдаков
Қазақстан
Асылбек Байдаков - экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Есеп және қаржы» кафедрасының доценті
010000, Астана қ.
Б. Б. Қыпшақбаев
Қазақстан
Бақдәулет Қыпшақбаев – экономика ғылымдарының магистрі, «Менеджмент және маркетинг»
010000, Астана қ.
Әдебиет тізімі
1. Timmer C.P. (2010) Reflections on food crises past. Food Policy. Vol.35.Р.1-11. doi:10.1016/j.foodpol.2009.09.002 accessed: 25.12.2024)
2. Timely action saves lives and money Global report on food crises. [Электронный ресурс]. - URL: https://www.fsinplatform.org/sites/default/files/-resources/files/GRFC2023compressed.pdf (accessed: 28.12.2024)
3. Härri А., Levänen J., Koistinen K. (2020) Marginalized Small-Scale Farmers as Actors in Just Circular- Economy Transitions: Exploring Opportunities to Circulate Crop Residue as Raw Material in India. – Sustainability. № 12, 10355.- Р.1-18. doi:10.3390/su122410355 (accessed: 30.12.2024)
4. Wati R., Tan F., Games D., Ridwan E. (2023) SMEs Strategies to Improve the Competitiveness of Dairy Products in West Sumatra Province. American Journal of Animal and Veterinary Sciences. Indonesia. – URL: https://doi.org/10.3844/ajavsp.2023.139.146 (accessed: 25.12.2024)
5. Концепция развития сельских территорий Республики Казахстан на 2023–2027 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2023 года № 270 [Электронный ресурс]- 2023.- URL://https://adilet. zan.kz/rus/docs/P2300000270 (дата обращения 28.12.2024).
6. Концепция развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021–2030 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2021 года № 960 [Электронный ресурс] - URL://https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2100000960 (дата обращения 16.12.2024).
7. Комплексный план по развитию переработки сельскохозяйственной продукции на 2024 – 2028 годы. Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 512 [Электронный ресурс] - URL://https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2400000512 (дата обращения 16.12.2024).
8. Қ-Ж.К.Тоқаев. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - [Электронный ресурс] - URL: https://www.akorda.kz/kz/addresses (қаралу уақыты: 08.01.2025)
9. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми сайты [Электронный ресурс]. - URL://https://stat.gov.kz (қаралу уақыты: 17.01.2025).
10. Об утверждении научно обоснованных физиологических норм потребления продуктов питания. [Электронный ресурс]. https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600014674 (дата обращения 13.01.2025).
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тиреуов К.М., Женсхaн Д., Байдаков А.К., Қыпшақбаев Б.Б. АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ӘСЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;77(2):341-350. https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.29
For citation:
Tireuov K.M., Zhenshan D., Baidakov A.K., Kypshakbayev B.B. THE IMPACT OF THE AGRICULTURAL SECTOR'S WORKFORCE ON INCREASING THE AVAILABILITY OF FOOD PRODUCTS Annotation. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;77(2):341-350. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v77.i2.29