SCRATCH ВИЗУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.18
Аңдатпа
Scratch визуалды бағдарламалау ортасын қолдану мектеп оқушыларының цифрлық сауаттылығын дамытуға тиімді ықпал етеді. Scratch интуитивті интерфейсті және бағдарламалауға блоктық көзқарасты қамтамасыз етеді, бұл оқушыларға алгоритмдеу, логикалық ойлау және шығармашылық дизайн негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді, білімдерін жетілдіреді. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту 4-сыныптарға арналған авторлық бағдарлама арқылы жүзеге асырылып, есептеуіш ойлау мен мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық тапсырмаларды қамтиды. Экспериментке бастауыш мектеп жасындағы Алматы, Астана, Павлодар қалаларынан 152 оқушы қатысты, эксперимент екі кезеңнен тұрды: бастапқы білім деңгейін (prе-тест) анықтау, сондай ақ қорытынды (postтест) тест сұрақтары алынды. Бұл бағдарламаның практикалық қолданудағы тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді. Scratch визуалды бағдарламалау ортасы арқылы цифрлық сауаттылықты дамытуға арналған авторлық бағдарлама оқушылардың когнитивтік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізеді. Оқушыларды заманауи технологияларды табысты меңгеруге дайындайды және жеке әрі кәсіби өсуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бағдарламада ұлттық құндылықтарды интеграциялау оқушылардың мәдени мұраны тереңірек түсінуге және оны заманауи технологиялар арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларды болашақта өздерінің ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жаһандық бәсекеге қабілетті тұлға болуға даярлайды.
Мақала мақсаты – Scratch визуалды бағдарламалау ортасын пайдалану арқылы оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамыту мүмкіндіктерін айқындау. Мақалада Scratch визуалды бағдарламалау ортасының көмегімен цифрлық сауаттылықты оқытудың әдістемелік аспектілері, оның оқушылардың когнитивті дамуына әсері, сондай-ақ оны бастауыш мектептің білім беру үрдісінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.
Авторлар туралы
Н. ТокжигитоваҚазақстан
Нургуль Токжигитова – «Computer Science» факультетінің 6D011100 – Информатика мамандығы бойынша PhD философия докторы
Павлодар қ.
А. Низанова
Қазақстан
Анар Низанова – информатика мұғалімі
Алматы облысы, Қонаев қаласы
Әдебиет тізімі
1. Зуева А. ICILS-2018: Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеу: Тест тапсырмалар жинағы / А. Зуева. – Нұр-Сұлтан: ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық – талдау орталығы» АҚ, 2019. – 101 б.
2. Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 148 б.
3. Сабырханова Л. Ш., Ибашова А. Б., Белесова Д. Т. Информационно-образовательная среда по курсам Scratch и робототехника в начальной школе: особенности и актуальность // Известия. Серия: Педагогические науки. – 2023. – Т. 68. – № 1.
4. Ибашова А. Б., Кадирбаева Р. И., Нурмуханбетова Г. К., Сулейменова Л. А., Белесова Д. Т. Исследование информационно-образовательной среды в начальной школе в условиях Smart-образования // The Scientific Heritage. – 2021. – № 63-4. – 17-23 с.
5. Абильдина С. К., Копбалина К. Б., Южел Г. Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастыру // Известия. Серия: Педагогические науки. – 2023. – Т. 70. – № 3.
6. Евдокимова В. Е., Черепанова Е. А. Использование среды программирования SCRATCH на уроках информатики в начальных классах // Вестник Шадринского государственного педагогического университета. – 2022. – № 2 (54).
7. Wilson A., Hainey T., Connolly T. Using Scratch with primary school children: an evaluation of games constructed to gauge understanding of programming concepts // International Journal of Game-Based Learning (IJGBL). – 2013. – Т. 3. – № 1. – 93-109 р.
8. Olabe J. C., Olabe M. A., Basogain X., Castaño C. Programming and robotics with Scratch in primary education // Education in a Technological World: Communicating Current and Emerging Research and Technological Efforts. – 2011. – 356-363 р.
9. Kobsiripat W. Effects of the media to promote the Scratch programming capabilities creativity of elementary school students // Procedia - Social and Behavioral Sciences. – 2015. – Т. 174. – 227-232 р.
10. Stewart W., Baek K. Analyzing computational thinking studies in Scratch programming: A review of elementary education literature // International Journal of Computer Science Education in Schools. – 2023. – Т. 6. – № 1. – 35-58 р.
11. Greifenstein L. Effective Feedback on Elementary School Scratch Programs // Proceedings of the 17th ACM Conference on International Computing Education Research. – 2021. – 417-418 р.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Токжигитова Н., Низанова А. SCRATCH ВИЗУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;78(3):214-222. https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.18
For citation:
Tokzhigitova N., Nizanova A. DEVELOPING DIGITAL LITERACY IN THE ELEMENTARY SCHOOL USING THE SCRATCH VISUAL PROGRAMMING ENVIRONMENT. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;78(3):214-222. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.18