ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ БАНКТІК ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ
https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.32
Аңдатпа
Мақаланың мақсаты Қазақстан Республикасының әр өңіріндегі жеке тұлғалар үшін банктік ипотекалық несие өнімдерінің қол жетімділік деңгейін бағалау. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ресми орташа жалақы мөлшері статистикасына сүйене отырып талдау кейбір өңірлерде ипотека шарттарымен тұрғын үй сатып алу шартты түрде қолжетімді екенін көрсетті. Алайда нақты деректерге сәйкес ипотекалық өнімдердің шамамен 90 пайызы халықтың басым көпшілігі үшін қол жетімсіз болып шықты. Бұл жағдайды тудыратын негізгі себептер қатарында жоғары пайыздық мөлшерлеме, бастапқы жарнаның көп болуы, табысты ресми түрде растай алмау және өңірлер арасындағы экономикалық-әлеуметтік теңсіздік аталады.
Зерттеу нәтижелері тұрғын үй саясатын жетілдіруге және ипотекалық несие қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеу ғана емес, сонымен қатар елдегі тұрғын үй бағдарламаларының тиімділігін арттыруға да теориялық және практикалық негіз болып табылады. Мысалы ұсыныстар арасында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, бастапқы жарнаны төмендету, табысты растайтын талаптарды жеңілдету сияқты шаралар қарастырылуы мүмкін.
Зерттеуде салыстырмалы және сандық талдау әдістері қолданылып, аймақтар бойынша тұрғын үй бағасының табысқа қатынасы (PIR), отбасының табысындағы ипотекалық төлемнің үлесі (MPI) және тұрғын үй қол жетімділігі индексі (HAI) сияқты негізгі көрсеткіштер есептелді. Сонымен қатар осы көрсеткіштер көмегімен Республика өңірлеріндегі ипотекалық өнімдердің қол жетімділік деңгейі жан-жақты бағаланды. Зерттеудің шектеулері ретінде бейресми табыстар мен көлеңкелі экономиканың есепке алынбауын, сонымен қатар кейбір өңірлердің (Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары) талдау аясынан тыс қалуын, кейінгі зерттеулерде ескерілуі керектігін айтуға болады.
Авторлар туралы
А. АуезханұлыҚазақстан
Ауезханұлы Азамат - докторант, Менеджмент және туризм мектебінің аға оқытушысы,
Алматы қ.
Г. К. Байжақсынова
Қазақстан
Байжақсынова Гүлшат Қасымқанқызы - экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент және туризм мектебінің қауымдастырылған профессоры
Алматы қ.
П. Исахова
Қазақстан
Исахова Парида – экономика ғылымдарының докторы, Докторантура бөлімінің бастығы
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Critical factors affecting affordability of mortgage housing in Kenya. Available at: — URL: https: https://link.springer.com/article/10.1007/s10901-017-9547-4?utm_source (Дата обращения 02.01.2025)
2. Rachel Ong Vifor, Christopher Phelps Unlocking housing wealth through mortgage debt: do patterns and motivations vary by age?. Available at: — URL: https://doi.org/10.1080/02673037.2024.2400158 (Дата обращения 02.01.2025)
3. Marco Lombardi, Madhusudan Mohanty and Ilhyock Shim. The real effects of household debt in the short and long run. BIS Working paper No 607. January 2017. Available at: — URL: https://www.bis.org/publ/work607.pdf (Дата обращения 15.01.2025)
4. Endre J. Reite Mortgage lending valuation bias under housing price changes and loan-to-value regulations. Available at: — URL: https://doi.org/10.1016/j.frl.2023.104677 (Дата обращения 28.01.2025)
5. Jinqiao Long Liyuan Zhuang Housing finance and inequality: Mortgage debt in urban China. Available at: — URL: https://doi.org/10.1016/j.habitatint.2025.103411 (Дата обращения 28.01.2025)
6. О стоимости недвижимости и инвестиционных индексах. Available at: — URL: https://www.numbeo.com/property-investment (Data obrashcheniya 15.01.2025)
7. Леонова, Л.Б. Методология управления строительством доступного жилья и ЖКУ: монография / Л.Б. Леонова. — Екатеринбург: Изд-во УрГУПС, 2018.— 92 с.
8. Рынок недвижимости – 2024. Итоги года. Available at: — URL: https://krisha.kz/content/articles/2024/2024-rynok-nedvizhimosti-2024-itogi-goda (Дата обращения 05.01.2025)
9. Статистика жилищного фонда. Available at: — URL: https://stat.gov.kz/ru/industries/business-statistics/statinno-build/publications (Дата обращения 05.01.2025)
10. Рынок ипотечного кредитования 2024. Available at: — URL: https://khc.kz/ru/%d0%b0%d0%bd%d0%b0% (Дата обращения 15.01.2025)
11. Количество очередников и получивщих жилье. Available at: — URL: https://hf.kezekte.kz/ru/statistics/general (Дата обращения 15.01.2025)
12. Назарчук Н.П. Модернизация механизма финансового регулирования ипотечного жилищного кредитования в условиях цифривизации экономических процессов / Дисс. на соискание ученой степени к.э.н., Ростов-на-Дону. – 2020. 125 с.
13. Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің ұлттық статистика Бюросының мәліметтері. Available at: — URL: www.stat.gov.kz (Дата обращения 18.01.2025)
14. Кредитный калькулятор. Available at: — URL: https://www.kn.kz/ipotechniykalkulyator?c%5Bprice%5D=14465469&c (Дата обращения 18.01.2025)
15. Martin Casta The impact of mortgage rates on the housing market. Available at: — URL: https://doi.org/10.1016/j.jhe.2025.102079 (Дата обращения 18.01.2025)
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Ауезханұлы А., Байжақсынова Г.К., Исахова П. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ БАНКТІК ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;78(3):379-389. https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.32
For citation:
Auyezkhanuly A., Baizhaksynova G.K., Issakhova P. ASSESSMENT OF THE ACCESSIBILITY OF BANK MORTGAGE LENDING FOR INDIVIDUALS IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;78(3):379-389. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.32