Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

БАСҚАРУ АППАРАТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАР

https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.41

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада Қазақстандағы мемлекеттік кадр саясаты мен мемлекеттік қызмет жүйесінің құқықтық негізі талданып, жас мемлекет үшін жаңартылған кадрлық құрамды қалыптастыру қажеттігі атап өтіледі. Мақаланың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадр саясаты мен мемлекеттік қызмет жүйесіне кешенді құқықтық және институционалдық талдау жүргізу, оның жұмыс істеуінің түйінді проблемаларын анықтау, нормативтік-құқықтық базаның қазіргі конституциялық қағидаттар мен халықаралық тәжірибеге сәйкестігін бағалау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу. Конституциядағы құқықтық, демократикалық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет қағидалары мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруды талап етеді. Аймақтық бөлімшелерде маманданған кадрлардың жетіспеушілігі, орталық органдардағы қызметкерлердің жоғары айналымы жалақының төмендігіне байланысты екенін көрсетеді. Мемлекеттік қызметкердің қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жоқтығы, еңбектің нәтижесі мен қаржылық, лауазымдық, рухани көтермелеу арасындағы өзара байланыстың әлсіздігі мәселелері сөз болады. Мақалада «мемлекеттік қызметші» заңдық анықтамасы беріліп, саяси және әкімшілік лауазымдардың бөлінуі талданады. Отандық және шетелдік ғалымдардың (Ю.Н. Старилов, Э.Э. Дуйсенов, З.З. Турисбек, В.М. Манохин және т.б.) еңбектері сараланып, мемлекеттік лауазым мен қызметшінің құқықтық статусына әр түрлі көзқарастар ұсынылады. Мақалада сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің нормативтік-құқықтық негіздері, мемлекеттік лауазымдардың жіктелуі, кадрлық саясат, сондай-ақ шетелдік тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары қарастырылған. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік қызмет жүйесінің қазіргі жағдайын бағалауға және оны реформалау бағытында нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері – философиялық, тарихи-құқықтық, социологиялық, статистикалық және салыстырмалы-құқықтық талдау. Қорытындысында мемлекеттік қызметті реттеуді жетілдіру, талант-менеджмент жүйесін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту және кадрларды әлеуметтік-құқықтық қолдау ұсынылады.

Авторлар туралы

М. Төлеген
«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы
Қазақстан

Мұхтар Төлеген - заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессор, Ректор

070000, Өскемен қ.



Б. Сериев
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
Қазақстан

Болат Сериев - негізгі автор, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректоры

040000, Талдықорған қ.



Б. Айтимов
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Болат Айтимов - философия докторы (PhD), құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)

040000, Талдықорған қ.



М. Конысбекова
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Қазақстан

Макпал Конысбекова – заң ғылымдарының магистрі, құқық кафедрасының оқытушы-дәріскері

040000, Талдықорған қ.



Әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығы. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2100000522 (қаралу уақыты: 02.01.2025)

2. Турисбек З.З. Понятие и классификация государственных должностей и государственных служащих. [Электронный ресурс] – URL: cyberleninka.ru/article/n/11-2-ponyatiya-i-klassifikatsiya-gosudarstvennyh-dolzhnosteyi-gosudarstvennyh-sluzhaschih/viewer (дата обращения: 05.01.2025)

3. Старилов Ю.Н. Служебное право: учебник. – Москва: БЕК. - 1996. – 698 с.

4. Дуйсенов Э.Э. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заңына түсіндірме (бап бойынша) // Э.Э. Дуйсенов / 2 бас. ауд. Ш.Т. Байсугирова. – А., 2016. - 340 б.

5. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414 (қаралу уақыты: 05.01.2025)

6. Бахрах Д.Н. Государственная служба в Российской Федерации: Текст лекций. –Екатеринбург: Изд-во Уральской государственной юридической академии, 1995. - 125 с.

7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Қазақстан Республикасының Заңы. [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000416 (қаралу уақыты: 03.01.2025)

8. Федеральный закон «О системе государственной службы Российской Федерации» от 27.05.2003 N 58-ФЗ (последняя редакция). [Электронный ресурс] – URL: https://www.consultant.ru/document/cons_doc_LAW_42413/ (дата обращения: 05.01.2025)

9. Манохин В.М. Служба и служащих в Российской Федерации: Правовое регулирование. – Москва: Юристь, 1997. - 294с.

10. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Админстративное право Российской Федерации: Учебник для юридических вузов. – Москва: Зерцало-М, 3-е изд., испр. И доп., по состоянию на 1 апреля 2001г., 1996. – 296 с.

11. Ишмухамедова А.К. Правовые проблемы реформирования государственной службы суверенного Казахстана. – Астана: Институт законодательства при Парламенте РК, 2003. - с.172-177.

12. Ноздрачев А.Ф. Государственная служба: Учебник для подготовки государственных служащих. – Москва: Статут, 1999. - 591 с.

13. Уваров В.Н. Государствення служба и управление: Учебник. – Петропавловск: Северо-Казахстанская юридическая академия (Сары-Арка), 2004. - 416 с.

14. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығы [Электрондық ресурс] – URL: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1100000119 (қаралу уақыты: 02.01.2025)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Төлеген М., Сериев Б., Айтимов Б., Конысбекова М. БАСҚАРУ АППАРАТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАР. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2025;78(3):489-497. https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.41

For citation:


Tolegen M., Seriyev B., Aitimov B., Konysbekova M. CIVIL SERVANTS AND GOVERNMENT POSITIONS IN THE ADMINISTRATIVE APPARATUS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2025;78(3):489-497. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.25.v78.i3.41

Қараулар: 5


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)