«АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ» - ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ БЕЙНЕСІ (Ж.Молдағалиевтің «Таза бұлақ» романы негізінде)
Аңдатпа
Ұстаз тақырыбының кеше де, бүгін де, ертең де дабыл қақтыруы - уақыт талабынан туған қажеттілік. Көтерген тақырып - тәрбие тағдыры, мұғалім табиғаты болғанымен, әр жазушының тарихтағы Ұстаздар жүріп өткен жолды суреттеулеріндегі өзіндік шеберліктерін, өмір сүріп отырған дәуірінің талғамын, ұстанымын, идеясын, қаламгерлік қарымын тану. Жайсаңбек Молдағалиев 1935 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ы.Алтынсариннің жерлесі, ұлы ұстаз ашқан мектептен дәріс алған. Прозадағы Ыбырайтану жолына өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалам тербей бастаған. 1978 жылы «Алғашқы қоңырау» повесі, кейін толықтырып, өңдеп 1984 жылы «Таза бұлақ» атты романға айналдырды. Жазушы шығарманы жазуға он жыл өмірін арнады. 1973 жылы басталған романы 1983 жылы жазылып бітіп, 1984 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. Мақалада «Таза бұлақ» романында Ж.Молдағалиев мұрағаттық материалдар мен тарихи деректердің негізінде ой қорыта отырып, жаңа идеялық мақсаттар шеңберінде Ыбырай Алтынсариннің кең ауқымда алынатын көп қырлы күрделі тұлғасын ашып берген. Қазақ әдебиетінің тарихында да, ағартушылық идея жолында да бар болмысымен оқшау тұратын Алғашқы ұстаз - Ыбырай сынды тұлғаның өмірі мен тарихи келбеті арқылы кейінгі ұрпақ санасына жеткізген. Ұлы ұстаз - Ыбырай бейнесі романда тарихи шындыққа негізделген көркемдік болжаммен өрнектелген. Аңыз бен тарихи дерек желісі роман сюжетінде қатарласа дамып, көркемдік негізде қисынды қиюласқан.
Авторлар туралы
Г. Аяпова
Атырауский университет им.Х.Досмухамедова
Қазақстан
А. Мухитова
Атырауский университет им.Х.Досмухамедова
Қазақстан
Әдебиет тізімі
1. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы А., Білім, 2003.-112.
2. Молдағалиев Ж. Таза бұлақ. Роман. А., жазушы, 1984.-344.
3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары А., Қазақстан, 1995.-125.
4. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Әдеби сын. А., Жазушы, 1977.-300.
5. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 16 т. 1985.-400.
6. Садықова А.Т. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлғалар бейнесінің сомдалуы // Х.Досмұхмедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы, 2018, желтоқсан, №4 (51), - 137.
Дәйектеу үшін:
,
«АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗ» - ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ БЕЙНЕСІ (Ж.Молдағалиевтің «Таза бұлақ» романы негізінде). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2020;57(2):29-34.
For citation:
Ayapova G.B.,
Muhitova A.
THE IMAGE OF IBRAY ALTYNSARIN IN LITERATURE AS "THE FIRST TEACHER". Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2020;57(2):29-34.
(In Kazakh)
Қараулар:
1539