Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК

https://doi.org/10.47649/vau.2020.v59.i4.04

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселенің бірі болып келе жатқан жанр мәселесі қозғалады. Әдеби байланыс пен көркемдік ізденіс туралы айтылғанда жалпы ұлттық әдебиетімізге келген әдеби процесс толық қаралады. Әдеби процесте әрбір жанрдың қалыптасу, даму жолдарына қысқаша тоқтала келе, төл әдебиетімізге жаңа жанрлардың келуі, ондағы ұлттық ерекшелік мәселелері де сөз болады. Жанр үнемі даму үстінде болады. Мақалада белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жанрлық дәстүр мәселелесіне тереңірек тоқталамыз. Әдеби байланыстың әдеби жанрлардың дамуындағы орны айтыла келе оның алғашқы түрі - еліктеуге де өз пікірімізді білдіреміз. Әлем әдебиетінде қалыптасқан типологиялық дәстүр жолымен келген сонеттер табиғатына талдау берілді. Сонет - қазақ әдебиетіне ХХ ғасырдың аяғында келген жаңа жанр. Ол негізінен әдеби аударма арқылы келген. Ұлттық әдебиеттің даму процесінде әдеби байланыстың алар орны ерекше. Әсіресе көркем аударманың ролі үлкен. Бірақ олардың қай-қайсысында да ұлттық ерекшелік сақталады. Әлемдік әдебиет деңгейіне көтерілген үздік көркем туындылардың әдебиеттану ғылымдағы орны бөлек. Рухани салада көптеген классикалық мәдениет үлгілері жасалды. Ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, өнеріміздің озық үлгілерін зерттеп, жариялауға үлкен мүмкіндіктер жасалды. Жанр - тарихи категория, сондықтан әдеби процесте атқарар жұмысы да мол. Мақалада ақындар Х.Ерғалиев, К.Салықов, Е.Әукебаев сонеттерінің ерекшеліктеріне талдау берілген.

Автор туралы

А. Т. Садықова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан


Әдебиет тізімі

1. Ахметов З. Жанр Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1998ж. 145-146 бет.

2. Әбілқасымов Ғ. Телқоңыр. Алматы, Ата-мұра - Қазақстан, 1993ж. 4 бет.

3. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1970ж. 311 бет.

4. Күмісбаев Ө. Аударма. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998ж. 38 бет.

5. Садықова А. Қазақ поэзиясындағы сонеттер. Монография. Атырау, 2001ж.122 бет.

6. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973ж. 111 бет.

7. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі, 1995ж. 77 бет.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Садықова А.Т. ЖАНРЛЫҚ ДӘСТҮР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2020;59(4):30-34. https://doi.org/10.47649/vau.2020.v59.i4.04

Қараулар: 562


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)