Нарын құмындағы Батырбек қорғандарындағы зерттеулер
https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.020
Аннотация
Мақалада Нарын құмында орналасқан Батырбек қорғандарында жүргізілген археологиялық қазбаның нәтижелері баяндалады. Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандарын және Батыс Қазақстан облысыныңБөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 40 мың км². Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір Каспий теңізініңХвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Батпайсағыр, Бозанай, Қосдәулет, Ментеке Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, массивтерінен тұрады. Солтүстік - шығысын Қамыс - Самар жайылмасы алып жатыр. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5-2 м тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұрайлы жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақтысаздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады [1, 10 бет]. 2019 жылы қыркүйек айында Атырау облысы, Құрманғазы ауданының солтүстік - батыс жағында орналасқан Батырбек ауылынан СШ-ға қарай 3,36 км жерде орналасқан, темір дәуіріне жататын 2 обаға қазба жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазбадан темір дәуріне тән қабірлер ашылды. Сонымен бірге обаның үстіндегі үймек жабындысынан кейінгі кезеңде жерленген 4 қабір ашылды. Мақалада осы обаларға жүргізілген зерттеу жұмыстары баяндалады. Обалар Нарын құмының солтүстік-батыс бөлігінде, қатты сазды жыныстан тұратын «тақыр» далалық аудандар кездеседі. Осы аудандарда темір дәуірінің жүздеген обалары оналасқан. Обаларға тұнғыш рет қазба жұмыстары жүргізілді.
Әдебиет тізімі
1. Атырау облысы Исатай және Құрманғазы аудандары аумағынан жаңадан тарихи мәдени мұра ескерткіштерін анықтау экспедициясының ғылыми есебі. (Нарын құмы аумағына жүргізілген зерттеу экспедициясы). / Құрастырушылар: Байдаулетов Ф., Касенов М.С. Зайнов А. т.б. - Атырау, 2019. - 70 бет.
2. Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай және Құрманғазы аудандары. / Құрастырушылар: Мамраев Б.Б., Әжиғали Х.Б., Табылдиев Х.Б., т.б. – Атырау-Алматы: ЖШС «Полиграфкомбинат» баспасы, 2012. ІІ том. - 204 бет.
3. Атырау облысы Құрманғазы ауданы жеріндегі Батырбек аулындағы Батырбек - 1, 2 - обаларында жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. / Касенов М.С. - Атырау, 2019 жыл. - 40 бет.
4. Касенов М.С. Нарын құмындағы ескерткіштер. // Научное наследие профессора Табылдиева Хисмета Бозановича и основы исторического краеведения. / Сборник материалов международной научно – практической конференции. (25-26 январь,2019 год). Атырау, 2019. - 200 стр.
5. Смирнов К.Ф. Савроматы. М.: Издательство «Наука» 1964. - 379 стр.
6. Құдайберген қорғандарына жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. / Құрас. Касенов М.С., Зайнов А., ҚалшабаевА. т. б. - Атырау, 2020. - 76 бет.
7. Сергацков И.В. Анализ сарматских погребальных памятников I-II вв. н. э. //Статистическая обработка погребальных памятников Азиатской Сарматии. Вып. III. Средне Сарматская культура. Москва: Восточная литература, 2002. - 143 стр.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Касенов М.С. Нарын құмындағы Батырбек қорғандарындағы зерттеулер. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2021;60(1):15-22. https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.020
For citation:
Kasenov M. Research of Batyrbek mounds on Naryn sand. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2021;60(1):15-22. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.020