Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесінің пайда болуы және құқықтық дамуы
https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.07
Аннотация
Мақала өз алдына мемлекеттік қызметшілер өкілеттігін анықтау, мемлекеттіліктің қалыптасуы кезіндегі мемлекеттік қызметтің өз мақсаттарын орындауға мемлекеттің алғашқы ұйымдастырушылық құралы ретіндегі рөлін зерделеу мақсатын қояды. Мақалада еліміздегі мемлекеттік қызмет саласының реформалық жүйесінің сипаты мен нақтылығымен байланысты теоретикалық және тәжірибелік сұрақтар зерделенеді.
Мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру - бұл оның қызметін қалыптастыруды және кең ауқымды мәселелерді қамтиды: лауазымдық лауазымдарды белгілеу, әр лауазымға тиісті өкілеттіктерді анықтауды, мемлекеттік қызметтерге қабылдау ережесін әзірлеу, біліктілігін арттырудың және көтермелеудің ережелері, ынталандыру шараларын қолдану, тәртіптік шаралар және басқа да жауапкершілік, ресми қатынастарды тоқтатудың шаралары жөніндегі зерттеулер оқырманқауым назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, мемлекет саясаттарын іске асырудың барысында мемлекеттік қызмет институтының функционалдық қызметі анықталып; мемлекеттік қызметтің құрылымының негізі, өзара қарым-қатынастардың екі тобы нақтыланып; мемлекеттік қызметке өтуді ұйымдастыру, оған дайындауды және қызмет көрсетуді, яғни әрбір қызметкердің және олардың барлығының ресми практикалық өкілеттіктерін жүзеге асырунақтыланып, мемлекеттік қызмет барысының құқықтық реттелуі механизмі талданған.
Жоғарыда аталған қызмет саласындағы талдаулардың нәтижесі ресми орындардың қызметін сапалық жағынан арттыру ісіне қолдануға, осы салаға арналған пәндерді оқыту барысында лекция, практикалық сабақ материалдарын дайындауға қосымша деректер ретінде пайдалануға болады деген пікір білдіреміз. Бұл саланы ғылыми түрде зерделеуге арналған еңбектер өте аз, сондықтан аталмыш саланы зерттеу қоғамға орасан зор пайда әкеледі.
Әдебиет тізімі
1. Шайхаденов Р.Н. Сотқа дейінгі тергеу сатысында айыптау екпінінен арылу – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың бірден-бір жолы.//Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Хабаршысы. № 3(58) 2020. 122 бет
2. Старылов Ю.Н. Государственная служба и служебное право.Воронеж, 2015, с. 89-90.
3. АбдрасиловБ.С. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін оқыту жүйесін жетілдіру мәселелері. // Мемлекеттік қызмет, басқару. 2013. №2. – б.14.
4. РахметовК. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті қалыптастыру және дамыту. // Саясат, 2012 № 12. 23 бет.
5. Таранов А. Әкімшілік құқық. Алматы. BASPA. 2010с.84.
6. Игнатов В.Г. Профессиональная культура и профессионализм государственных служащих. Москва: Priory – 1996. С.17.
7. УкинС.К. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз ету// Қазақстандағы құқықтық реформа. 2011, № 3, 23-бет.
8. Ноздрачев А.Ф. Государственная служба: учебное пособие для обучения государственных служащих. Москва: «STATUS». 2009. С.17.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Тұрдалиева Т.Ә. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет жүйесінің пайда болуы және құқықтық дамуы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2021;60(1):53-63. https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.07
For citation:
Turdaliyeva T. Origins and legal development of systems of state services in the Republic of Kazakhstan. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2021;60(1):53-63. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2021.v60.i1.07