Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.03

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада Маңғыстау жерінен мұнай газ кен орындарының ашылып, даму тарихы баяндалады. Қазақстан жерінен мұнай-газ кендері ашылып, өндіріле бастағанына 120 жылдан аса уақыт аралығында, көптеген зерттеулер жарық көріп, оның тарихнамалық проблемаға айналғанына қарамастан арнайы сараптамалық еңбектер жарық көрмеді.
1950 жылы КСРО-да мұнай өндіру көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 22% өсті. Бұл істе шығыс аудандардың, соның ішінде Қазақстан мұнайшыларының да үлес салмағы 40% құрады. Қазақстан мұнай өнеркәсібін соғыс алдында Ембімұнай және Ақтөбемұнай трестері құрап, барлық барлау, бұрғылау, өндіру істерін қатар атқарса, соғыстан кейінгі жылдары республика мұнай өнеркәсібінде қомақты құрылымдық өзгерістер болды. 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің тұтастай комплексі қалыптасуында Кенқияқ, Прорва, Қосөзен кеніштерінің ашылуы қаншама маңызды болды. Осы жылдары Маңғыстау түбегінен мол мұнай-газ қоры анықталып, өндірілуі Қазақстан мұнайшы мамандарын дайындығы мен іскер қажыр-қайраттары жөнінен Ресей, Әзірбайжан сияқты ірі Одақтық мұнай өндірістерін бірден көтерді.
Еңбекті жазуда архив деректері және соңғы жылдары жарық көрген диссертациялық, монографиялық еңбектер пайдаланылды. Тәуелсіз еліміздің экономикалық дамуында өз орны бар Маңғыстау мұнай газ өндірісі, түбектегі әлеуметтік экономикалық дамудың негізі болып отыр. Жаңаша көзқараста жазылған еңбекте шағын қалалар мәселесі, демографиялық даму мен экологиялық жағдай да нақты деректермен берілген.

Авторлар туралы

Л. Б. Бердіғожин
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Лесқали Бердіғожин – тарих ғылымдарының докторы, доцент Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы

Атырау қ., 060011



Ж. Қ. Аманбаева
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Жазира Аманбаева – Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы кафедрасының магистранты

Атырау қ., 060011



Әдебиет тізімі

1. Мұқтар Ә. Қазақ мұнайының тарихы. — Атырау. — 2004. — 188 б.

2. Нұрсұлтанова Л.Н. История становления и развития нефтяной промышленности Казахстана (конец XIX в. – начало ХХ в.). — Алматы. — 2004. — 101 с.

3. Бердіғожин Л.Б. Қазақстан мұнай газ өнеркәсібі.кадрлық әлеуеті. — Алматы. — 2012. — 268 б.

4. Сухамбердиев М. Валентин Токарев. – Актау-Алматы. — 2000. — 112 с.

5. Мұхитов Қ.С. Ұлы Отан соғысы мен соғыс қарсаңында Қазақстан Мұнай өнеркәсібінің даму тарихы (1938-1945 жж.): тар.ғыл.канд.дисс. — Алматы. — 2000. — 128 б.

6. Серикова Л.С. Қазақстанның мұнай-газ кешендерінің даму тарихы (1985-2000): тар. ғыл. канд... дисс. – Орал. — 2006. — 184 б.

7. Табылдиева О.Д. ХХ ғасырдағы Маңғыстау халқының этнодемографиялық дамуы (1897-1999 жж.): тар. ғыл. канд... автореф. – Алматы. — 2004. — 28 б.

8. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архивы. 136-қор, 1-тізім, 2-іс. — 1998. — Б. 15-16

9. Ашимбаев Т. Богатство недр и шедрость души. Алма-Ата. — 1976. — 265 с.

10. Көбенова Г.И. Зарождение и развитие «Ақтөбемұнай газ»: дисс.канд.ист.наук. — Уральск. — 2004. — 139 с.

11. Куандыков Б.М. Геологии Прикаспия – Родине. — Москва. — 1991. — 92 с.

12. Маңғыстау облыстық мемлекеттік архиві. 322-қор, 1-тізім, 7-іс. — 32 б.

13. Сауткин Е.И. Профсоюзы в борьбе за развитие нефтяной промышленности Казахской ССР (1928-1937 гг.). – УФА. — 1960. — 143 с.

14. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 193-қор, 4-тізім, 3-іс. — 1998. — 63 с.

15. Темиргалиев К.Е. Борьба за нефть Казахстана (партииное руководство развитием нефтяной промышленности 1920-1970 гг.). — Алма-Ата. — 1982. — 178 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бердіғожин Л.Б., Аманбаева Ж.Қ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТАРИХЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;66(3):27-39. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.03

For citation:


Berdyguzhin L., Amanbaeva Z. HISTORY OF OIL AND GAS FIELDS OF MANGISTAU. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;66(3):27-39. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.03

Қараулар: 776


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)