АЗАЛЫ АҚ КІТАПТЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ
https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.02
Аннотация
Мақала ХХ ғасырдың 30-жылдарында қуғын-сүргінге ұшыраған Атырау өлкесінің жекелеген мұғалімдерінің еңбек жолы мен ауыр тағдыры туралы мұрағаттық зерттеулер негізінде орындалған. Оларды әділетсіздікпен ұзақ уақыт бойы «халық жаулары» деп атап келді және есімдері ел тарихынан алынып тасталынды. Мақаланың мақсаты - жазықсыз жапа шеккен ұстаздардың жарқын есімдерін Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының қазіргі ұрпағына таныстыру және мәңгі есте қалдыру болып табылады.
Мақалада айтылғандай, ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қоғамның жақсы бөлігі мұғалімдерге қатысты жаппай саяси қуғын-сүргіндермен сипатталады. Атап айтқанда, 70 мұғалім қуғын-сүргінге ұшырады, олардың 12-сі атылды, қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мақаланың құндылығы-ҰҚК мұрағат материалдары негізінде алдыңғы қатарлы мұғалімдерді саяси тұрғыдан қудалау туралы фактілер бар. Үкімдер сырттай, яғни айыпталушыны шақырмай, сондай-ақ қорғау мен айыптаудың қатысуынсыз шығарылды, әдетте үкімдерге шағымдануға мүмкіндік берілмеді. Ату үкімдері «әкелу уақыты мен орнының құпиясын міндетті түрде толық сақтай отырып» орындалуға тиіс екендігі арнайы көрсетілген.
Автор туралы
Б. ЖұмағұловҚазақстан
Болат Жұмағұлов - тарих ғылымдарының кандидаты, , Әлем тарихы кафедрасының профессоры
Алматы қ.
Әдебиет тізімі
1. Кан Г.К. История Казахстана. Алматы. — 2011. — 76 б. 2 Азалы кітап. «Өлке» баспасы. Алматы. — 2002. — 134 б. 3 Нағымұлы Ш. Атырау – білім өлкесі. – Алматы: Ғылым. — 1999. — 160 б.
2. Архив Комитета Государственной Безопастности по Атырауской Области, дело №75. — 28л.
3. Нагимов Ш. Белая книга скорби (Об учителях, подвергшихся политическим репрессиям в 30 – 50 годы ХХ века). Монография. Караганда: Medet Group. — 2021. — 162 с.
4. Атырау облысы мұғалімдерінің энциклопедиясы (1-кітап) — Алматы: «Өлке» баспасы. — 2004 ж. — 248 б.
5. Бұл да сонда. — 32 б.
6. Государственный Архив Атырауской Области. Фонд №334, опись №1, дело №26. — 15 л.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Жұмағұлов Б. АЗАЛЫ АҚ КІТАПТЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;67(4):17-26. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.02
For citation:
Zhumagulov B. HEROES OF THE WHITE BOOK OF SORROW. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;67(4):17-26. (In Russ.) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v67.i4.02