Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.09

Толық мәтін:

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуының негізгі факторлары қарастырылды. Қарқынды дамып келе жатқан бәсекелестік процестер мен ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жағдайында инновациялар ұлттық экономиканың негізі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде қызмет ететіні анықталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда ел экономикасы өндірілетін тауарлар мен қызметтерді үздіксіз жетілдіру, сондай-ақ жаңа бағыттарды игеру негізінде нарықта табысты бәсекелестікке төтеп бере алады. Жаңа өнімдерді әзірлеу, стартаптар мен инновациялар және жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу макро және микро деңгейде негізгі көрсеткіштер болып табылатыны анық.
Инновациялық зерттеулердің нәтижелері инновациялар, іргелі зерттеулер және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған кәсіпкерлік күш арасындағы байланысты көбірек көрсетеді. Өзектілігі күн санап артып келе жатқан бәсекелестік артықшылыққа ие болудың басты стратегиялық факторларына жаңа технологияларды қолдану, стартаптар мен техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, өндірістік үдерістерді оңтайландыру және т.б шаралар жатады.
Ғылым мен бизнестің байланыстылығының негізінде жаңашылдықтар нәтижелері жаңа жобалар негізінде және стартаптардың нарыққа шығып, өз орнын табу арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Осы мақалада ел экономикасының дамуындағы инновация мен инновациялық кәсіпкерліктің орны мен шетелдік тәжірибенің негізінде «төрттік спираль» тұжырымдамасы көрсетілген. Мақалада екі үдерістің: экономикалық даму мен инновациялық кәсіпкерліктің көп қырлы екенін ескеріліп, осы екі құбылыс пен олардың экономикадағы ерекшеліктерін көрсетуге талпыныс болды.

Авторлар туралы

Г. К. Андабаева
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Гүлмира Андабаева – экономика ғылымдарының кандидаты, Экономика кафедрасы, профессор м.а.

Алматы қ., 050040



Т. И. Какижанова
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан

Толқын Кәкіжанова – экономика ғылымдарының кандидаты, Экономика кафедрасы

Алматы қ., 050040



Әдебиет тізімі

1. Президент Казахстана К.Ж.Токаев выступил с программной речью перед учеными страны. [Электронный ресурс] – URL: https://e-cis.info/news/569/100713/ (дата обращение: 02.07.2022)

2. Попадание в 30-ку развитых стран мира - это достижимая задача для Казахстана. [Электронный ресурс] – URL: https://prg.kz/ (дата обращение: 04.07.2022)

3. Голиченко О.Г. Национальная инновационная система России: состояние и пути развития. — М. — 2016. — 99 с.

4. Sadyrova M., Yusupov K., Imanbekova B. Innovation processes in Kazakhstan: development factors. Journal of Innovation and Entrepreneurship. Vol. 10, Issue1. Springer. — 2021. — 18 с.

5. Статистика [Statistics]. [Электронный ресурс] – URL: www.stat.gov.kz. (дата обращение: 14.07.2022)

6. Justin D. Noirin M.C., Marie O’C. The role of entrepreneurship in stimulating economic growth in developed and developing countries. 2018. Р. 1-15 [Электронный ресурс] – URL: https://www.tandfonline.com/doi/pdf/10.1080/23322039.2018.1442093?needAccess=true (дата обращение: 22.08.2022)

7. Carayannis E.G. and Campbell D.F.J. (2019) “Mode 3” and “Quadruple Helix”: toward a 21st. century fractal innovation ecosystem. International Journal of Technology Management, 46. Р. 201-234.

8. Carayannis E.G., Campbell D.F.J. (2020) Mode 3 Knowledge Production in Quadruple Helix Innovation Systems: 21st Century Democracy, Innovation, and Entrepreneurship for Development. New York, NY: Springer Briefs in Business, Springer. Р. 104-108.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Андабаева Г.К., Какижанова Т.И. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2022;66(3):93-101. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.09

For citation:


Andabayeva G., Какizhanova Т. DEVELOPMENT OF INNOVATIVE ENTREPRENEURSHIP IN KAZAKHSTAN AND ITS EFFICIENCY IN THE ECONOMY. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2022;66(3):93-101. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.09

Қараулар: 611


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)