1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ КӨТЕРІЛІСІ: ЖАҢА ДЕРЕКТЕР
https://doi.org/10.47649/vau.2023.v68.i1.03
Аңдатпа
Мақалада XX ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның қазіргі Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында бұрынғы тарихи әдебиеттерде «Адай көтерілісі» атымен белгілі болған Кеңес үкіметінің қысымшылық, озбырлық саясатына қарсы бағытталған халықтың жаппай күресі мен оны большевиктердің адам айтқысыз қатыгездікпен аяусыз жаныштап басуы туралы баяндалады. Азамат соғысынан кейінгі совет үкіметінің күштеу саясаты Батыс өлке халқының наразылығының артуына, жұртшылықтың байы бар, кедейі бар ашық күреске шығуына алып келді. Бұл мақаланың мақсаты – Адай көтерілісінің тек Маңғыстау өңірін ғана емес, ең әуелі Атырау облысының Қызылқоға, Ембі аудандарының Сағыз, Топырақшашқан, Жем өңірлерін қамтыған сол кезде өмір сүрген жұртшылықтың кеңестік биліктің әділетсіздігіне қарсы жаппай қатысқандығын баяндау болып табылады. Мақаланың нәтижесінде, тарих ғылымына бұрын белгісіз болып келген Адай көтерілісіне қатысты деректер көрсетілді. Қазан төңкерісінен кейін бүкіл республика бойынша және қазіргі Атырау облысының территориясында өмір сүрген халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен болды. Экономиканың табиғи даму заңдылықтарын есепке алмау және толассыз әкімшілендіру ауыл шаруашылығын мүлде мүшкіл халге түсіріп, жағдайды күрт шиленістіріп жіберді. Ол халықтың наразылығын туғызып, көтеріліске алып келді.
Авторлар туралы
Ш. Н. НағымовҚазақстан
Шахман Нағымов - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан және дүниежүзілік тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Л. Б. Бердіғожин
Қазақстан
Лесқали Бердіғожин - тарих ғылымдарының докторы, «Қазақстан және дүниежүзілік тарих» кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Әдебиет тізімі
1. Сборник статических сведений о движении населения, скота и уражаев по КАССР с 1880 г. - 1922 год. Оренбург.стр 44-45.
2. Жұмағұлов Б.С. Сұрқия саясат сойқаны. Алматы,2021.-312 бет.
3. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы. Алматы: Санат, 1997. 320 б
4. Алланиязов Т., Таукенов А. Шетская трагедия. Из истории антисоветских вооруженных выступлений в Центральном Казахстане в 1930-1931 гг. Алматы: Фонд «XXIвек». 2000. 164 с.
5. Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты». Алматы: «Қазақ университеті», 1992.— 272 б.
6. Абылхожин Ж., Козыбаев М., Татимов М. «Казахстанская трагедия» // Вопросы истории. — 1989.—№ 7. С. 53–71.
7. Сариев І, Омаров М. Ойрандалған Адай даласы. Атамұра. Алматы,1995.-160 б.
8. Қуаныш С. Атырау - Маңқыстау аймағы 1917 жылғы революциялық өзгерістер тұсында. Өлке, 2010. -198 б.
9. Нағымов Ш.Н. Азалы ақ кітап. Астана,2017.-275 б.
10. Нағымов Ш.Н.Батыс өлке тарихының тағылымды беттері.Ақтөбе,2018.-152 б.
11. Нағымов Ш.Н « Бұрынғы тарих- болашаққа ескерту» Егемен Қазақстан» 09 қыркүйек,2021.
12. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 2- қор, 6-іс.
13. Атырау облыстық мемлекеттік архиві. 117-қор, 52-іс.
14. ҚР ПМ, 1-т., 82а – іс.
15. ҚР ҰҚКА. № 011377, 12-том.
16. Омарбеков Т. Қазақстандағы халық көтерілісі қалай жазаланды? // Ақиқат. 1993. № 4.
17. Алдажұманов К,Жұмағұлов Б. Восстание казахских шаруа в Адаевском округе.// Социально-политическое развитие Казахстана и его взаимосвязь с сопредельными странами. Сборник научных трудов. Алматы. 1994.
18. ҰҚКА, 158- тергеу ісі, № 1- архив, 49-іс, 1-том.
19. Құлиев Ж. «Адай көтерілісі немесе жиырмасыншы ғасырдағы қызыл жендеттік туралы не білеміз?» Абай. KZ порталы. 16 қыркүйек 2010 ж.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Нағымов Ш.Н., Бердіғожин Л.Б. 1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ КӨТЕРІЛІСІ: ЖАҢА ДЕРЕКТЕР. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2023;68(1):23-33. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v68.i1.03
For citation:
Nagimov S., Berdyguzhin L. Uprisings in Mangistau in the 1930 s: New Sources. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2023;68(1):23-33. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2023.v68.i1.03