Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.06

Толық мәтін:

Аңдатпа

Мақалада цифрлық сауаттылық мәселесі кәсіби құзыреттілік пен ақпараттық мәдениеттің негізгі компоненттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «жасанды интеллект» ұғымының мәнін және оның цифрлық сауаттылықты қалыптастырудағы маңыздылығын түсіндіру. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру цифрлық экономиканың дамуын жеделдетудің басымдықтарының бірі ретінде танылды, ал цифрлық сауаттылық әр адамның цифрлық әлемде бәсекеге қабілетті өмір сүруі және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қажетті негізгі дағдылардың бірі болып табылады.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар саласында зерттеулер кеңінен жүргізілуде. Көптеген ғалымдардың компьютерлік бағдарламаларды құру, талдау, модельдеу, жүйелерді оңтайландыру және жасанды интеллект құру саласындағы жетістіктері бүкіл әлемге танымал. Бизнес пен ғылым тиімді ынтымақтасатын экономикасы бар елдерде инновацияларды нарыққа шығару қарқын алып, ұзақ мерзімді перспективада бәсекелестік басымдық танып отыр.

Кез келген мекемеде жасанды интеллект жүйелерін енгізуінің қозғаушы күші қызмет процесін автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру болып табылады. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиясы қызмет мүмкіндіктерін даралап көрсете отырып, қоғамның сұранысын арттыруға мүмкіндік береді. Десек те, қазіргі уақытта жасанды интеллекттің дамуына әсер ететін экономикалық сектордың негізгі мәселелерін «салаішілік» және «саладан тыс» деп екі санатқа бөлуге болады. Біріншісіне, әлемдік көшбасшыларға қарағанда төмен деңгейдегі фирмалардың инновациялық жобаларды енгізуі мен іске асыруы, екіншісіне, еңбек өнімділігінің төмендігі және автоматтандыруға жататын жұмыс орындарының үлкен үлесі, жабық және ескірген деректер құрылымдары, мемлекеттік секторда жасанды интеллект технологияларының жеткіліксіз енгізілуі, еңбек мәселелері жатады. Жалпы алғанда, сыртқы сын-қатерлерге кейбір салаларда (денсаулық сақтау, білім беру, көлік т.б.) жасанды интеллект дамуының, дербес деректерді қорғау туралы заңдардың болмауы немесе жетілмегендігі және капиталға қолжетімділіктің шектелуі жатады. Бұл мәселелер түрлі зерттеулер мен көзқарастар тұрғысынан нақты талдауды қажет етеді.

Авторлар туралы

А. Муханбетжанова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Акмарал Муханбетжанова – негізгі автор, педагогика ғылымдарының докторы, «Мектепке дейінгі  және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Атырау қ.



О. Абилова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Қазақстан

Орынгуль Абилова – магистр, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы

Атырау қ.



Әдебиет тізімі

1. Захарова О.А.,Ахметжанова Г.В. Система научного обеспечения допольнительного профессионального образования в информационно-образовательной корпоративной среде. Вектор науки Тольятинского государственного университета. Серия: Педагогика, психология, 2016. №1 (24) – 18-20.doi: 10.18323/2221-5662-2016-1-18-22

2. Алексеева C. Цифровая компетентность: стратегические ориентиры и успешные практики. Перспективы и инновации науки. 2023. №10(28). С. 45–55. URL:https://doi.org/10.52058/2786-4952-2023-10(28)-45-55 (дата обращения: 18.07.2023).

3. Тринус О. Формирование цифровой грамотности будущих преподавателей учебных заведений высшего образования: теоретический аспект. UNESCO Chair Journal «Lifelong Professional Education inthe XXI Century». 2022. T. 2, № 6.C.98–115.URL:https://doi.org/10.35387/ucj.2(6).2022.98-115 (дата обращения: 18.07.2023).

4. Кремень В. Г., Быков В. Ю., Ляшенко А. И., Литвинова С. Г., Луговой В. И., Малеванийю. И., Пинчуко. П., Топузов А. Н. Научно-методическое обеспечение цифровизации образования Украины: Состояние, проблемы, перспективы. Herald ofthe National Academy of Educational Sciences of Ukraine. 2022. T. 4, №2. C. 1–49. URL: https://doi.org10.37472/v.naes.2022.4223 (дата обращения: 18.07.2023).

5. Овчарук О. Цифровая компетентность современного учителя новой украинской школы. Моделирование цифровой учебной среды учреждения общего среднего образования: сб. материалов всеукр. наук. - практ. семинара. Киев: Институт информационных технологий и средств обучения НАПН Украины, 2020. 117 с. URL: https://znayshov.com/FR/7987/298.pdf (дата обращения: 18.07.2023).

6. Шевченко Т. А., Павленко И. М. Цифровая компетентность соискателей образования. Сумы: НВВ СОИППО, 2023. 136с. URL: http://ir.soippo.edu.ua:8080/jspui/handle/123456789/439 (дата обращения: 18.07.2023).

7. Стойка О. формирование цифровой грамотности учителя в системе последипломного образования Украины. Непрерывное профессиональное образование: теория и практика. Вып. 2(75). 2023. С.61–76. URL: https://dspace.uzhnu.edu.ua/jspui/handle/lib/52624

8. Henseruk H. Digital competence as one of the professionally important competencies of a future teacher. Open educational e- environment of modern university. 2019. №6. URL:https://doi.org/10.28925/2414-0325.2019.6.816 (date ofaccess: 18.07.2023).

9. Ничкало Н., Лазаренко Н., Гуревич Р. Информатизация и цифровизациясобщества в XXI веке: новивызывы для учреждений высшего образования. Modern Information Technologies and Innovation Methodologies of Education in Professional Training Methodology Theory Experience Problems. 2022. C. 17–29. URL: https://doi.org10.31652/2412-1142-2021-60-17-29 (дата обращения: 18.07.2023).

10. Берман Н.Д. К вопросу о цифровой грамотности. Society of Russia: educational space, psychological structures and socialvalues. 2017, Volume 8, Number 6-2. 35-36.стр http://ej.soc-journal.ruhttps://doi.org10.12731/2218-7405-2017-6-2-35-38

11. Распоряжение Кабинета Министров об одобрении Концепции развития искусственного интеллекта: 02.12.2020 р. URL:https://zakon.rada.gov.ua/laws/show/1556-2020-p#Text ( дата обращения: 18.07.2023)

12. Обучение цифровым навыкам: глобальные вызовы и передовые практики. Аналитический отчет. — М.: АНО ДПО «Корпоративный университет Сбербанка», 2018 — 136 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Муханбетжанова А., Абилова О. ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы. 2023;70(3):54-62. https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.06

For citation:


Mukhanbetzhanova A., Oryngul A. THE IMPORTANCE OF ARTIFICIAL INTELLIGENCE IN THE FORMATION OF DIGITAL LITERACY OF TEACHERS. Bulletin of the Khalel Dosmukhamedov Atyrau University. 2023;70(3):54-62. (In Kazakh) https://doi.org/10.47649/vau.2023.v70.i3.06

Қараулар: 498


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)