Жарияланды: 2022-09-21
Мақалада И.Сталиннің 1930-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезіндегі рөлі зерттеледі. Мұрағаттарда сақталған Сталиннің өзі қол қойған нақты құжаттарда оның күнделікті террор мен қысым көрсету саясатын іске асырудағы Ішкі істер халық комиссариаты мен партияның басқарушы органдарының барлық жұмыстарында мәселені егжей-тегжейлі білген ұйымдастырушы және тікелей басқарушы ретіндегі рөлі көрініс табады. И.Сталин саяси қуғын-сүргінді жүргізуді өзінің ерекше жіті бақылауында ұстап, Ішкі істер халық комиссариаты басшылығына жекелен істер мен жекелеген адамдар мен тұлғалар бойынша тікелей тапсырмалар беріп отырған. Сөйтіп, И.Сталин Ішкі істер халық комиссариатының жедел іздестіру және тергеп-тексеру шараларына жетекшілік жасап қана қоймай, сот процестерінің жүруін дайындау мен өткізуге де араласқанын көреміз. Мысалы, И.Cталин 1937 жылдың қаңтарында Мәскеудегі «Антикеңестік троцкийшілдер орталығы» бойынша процесті жүргізуді жеке өзі толықтай ұйымдастырған. Сталиннің тікелей басшылық жасауы мен жеке ұйымдастыруы саяси репрессияларды ұйымдастыруда ғана емес, тұрғындарды экономикалық жағдайды қиындату арқылы бағындыру саясаты болып табылатын экономикалық саясатты жүргізуден де білінеді. Бұл атап айтқанда, 1931-1933 жылдары Қазақстанда болған ашаршылық мысалында нақты көрінеді.
Мақалада Маңғыстау жерінен мұнай газ кен орындарының ашылып, даму тарихы баяндалады. Қазақстан жерінен мұнай-газ кендері ашылып, өндіріле бастағанына 120 жылдан аса уақыт аралығында, көптеген зерттеулер жарық көріп, оның тарихнамалық проблемаға айналғанына қарамастан арнайы сараптамалық еңбектер жарық көрмеді.
1950 жылы КСРО-да мұнай өндіру көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 22% өсті. Бұл істе шығыс аудандардың, соның ішінде Қазақстан мұнайшыларының да үлес салмағы 40% құрады. Қазақстан мұнай өнеркәсібін соғыс алдында Ембімұнай және Ақтөбемұнай трестері құрап, барлық барлау, бұрғылау, өндіру істерін қатар атқарса, соғыстан кейінгі жылдары республика мұнай өнеркәсібінде қомақты құрылымдық өзгерістер болды. 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің тұтастай комплексі қалыптасуында Кенқияқ, Прорва, Қосөзен кеніштерінің ашылуы қаншама маңызды болды. Осы жылдары Маңғыстау түбегінен мол мұнай-газ қоры анықталып, өндірілуі Қазақстан мұнайшы мамандарын дайындығы мен іскер қажыр-қайраттары жөнінен Ресей, Әзірбайжан сияқты ірі Одақтық мұнай өндірістерін бірден көтерді.
Еңбекті жазуда архив деректері және соңғы жылдары жарық көрген диссертациялық, монографиялық еңбектер пайдаланылды. Тәуелсіз еліміздің экономикалық дамуында өз орны бар Маңғыстау мұнай газ өндірісі, түбектегі әлеуметтік экономикалық дамудың негізі болып отыр. Жаңаша көзқараста жазылған еңбекте шағын қалалар мәселесі, демографиялық даму мен экологиялық жағдай да нақты деректермен берілген.
Мақалада Маңғыстау жерінен мұнай газ кен орындарының ашылып, даму тарихы баяндалады. Қазақстан жерінен мұнай-газ кендері ашылып, өндіріле бастағанына 120 жылдан аса уақыт аралығында, көптеген зерттеулер жарық көріп, оның тарихнамалық проблемаға айналғанына қарамастан арнайы сараптамалық еңбектер жарық көрмеді.
1950 жылы КСРО-да мұнай өндіру көлемі 1940 жылмен салыстырғанда 22% өсті. Бұл істе шығыс аудандардың, соның ішінде Қазақстан мұнайшыларының да үлес салмағы 40% құрады. Қазақстан мұнай өнеркәсібін соғыс алдында Ембімұнай және Ақтөбемұнай трестері құрап, барлық барлау, бұрғылау, өндіру істерін қатар атқарса, соғыстан кейінгі жылдары республика мұнай өнеркәсібінде қомақты құрылымдық өзгерістер болды. 1950 жылдардың аяғы мен 1960 жылдардың басында Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің тұтастай комплексі қалыптасуында Кенқияқ, Прорва, Қосөзен кеніштерінің ашылуы қаншама маңызды болды. Осы жылдары Маңғыстау түбегінен мол мұнай-газ қоры анықталып, өндірілуі Қазақстан мұнайшы мамандарын дайындығы мен іскер қажыр-қайраттары жөнінен Ресей, Әзірбайжан сияқты ірі Одақтық мұнай өндірістерін бірден көтерді.
Еңбекті жазуда архив деректері және соңғы жылдары жарық көрген диссертациялық, монографиялық еңбектер пайдаланылды. Тәуелсіз еліміздің экономикалық дамуында өз орны бар Маңғыстау мұнай газ өндірісі, түбектегі әлеуметтік экономикалық дамудың негізі болып отыр. Жаңаша көзқараста жазылған еңбекте шағын қалалар мәселесі, демографиялық даму мен экологиялық жағдай да нақты деректермен берілген.
Мақалада университетте ағылшын әдебиетінің курстарында ұсынылатын тақырыптарға шолу жасалады. Тілді оқытуда көркем әдебиетті шынайы материал ретінде пайдаланудың көптеген артықшылықтары бар, мысалы, оқушылардың мәдениетаралық құзыреттілігін дамыту, жеке қатысу, оқытылатын тілді меңгеруге кәсіби назар аудару, шығармашылық, сыни және аналитикалық ойлау, аударма, сөйлеу және қарым-қатынас дағдылары. Тиісінше, бұл зерттеудің мақсаты- мемлекеттік университеттердің ресми веб-сайттарында ағылшын әдебиеті курстарының оқу жоспарлары бар екенін зерттеу, сонымен қатар ELT бағдарламаларында ағылшын әдебиеті курстарының ең қолайлы тақырыптарын анықтау. Сапалы деректерді жинау аясында осы курстардың ең қолайлы тақырыптарын табу үшін 59 мемлекеттік университеттің онлайн оқу бағдарламалары зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша 59 университеттің тек 37 университетінде «I және II ағылшын әдебиеті курстары» онлайн бағдарламалары қол жетімді болды. 37 университеттің ағылшын әдебиеті курстарының бағдарламаларында жалпы тақырыптар келтірілген. Ортағасырлық ағылшын әдебиеті — Джеффри Чосердің «Кентербери әңгімелері», ескі ағылшын кезеңі — «Беовульф» және Элизабет дәуірі — Шекспир ең танымал тақырыптардың бірі, ал ортағасырлық кезең: тарихи, әлеуметтік, әдеби оқиғалар, қазіргі ағылшын әдебиеті, 20 ғасыр әдебиеті ең қолайлы тақырыптар болды. Зерттеудің қорытынды бөлімінде университеттердің ELT факультеттеріндегі ағылшын әдебиеті курстарының оқу жоспарлары бойынша кейбір ұсыныстар берілген.
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың көкейкестілігі негізделді, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері тұжырымдалды, зерттеу әдістері, әдіснамалық негіздері, нәтижелерінің практикалық маңызы сипатталды және зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге ендірілуі туралы мәліметтер келтірілді. Зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттерді талдау ғылымда негізінен жобаның категориялық жағы және тұтастай алғанда жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру процесі қарастырылғаны жазылған. Білімді ақпараттандыру жағдайында компьютерлік ақпараттық технологиялар көрсетілген. Алайда, жобаларды дайындауда жаңа технологияларды қолдану жеткіліксіз зерттелген және компьютерлік ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының жобаларды дайындаудың педагогикалық процесі мүлдем зерттелмеген және меңгеру сауаттылық ретінде қарастырылады.
Мақалада бастауыш мектепте жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру жағдайына сипаттамалар беріліп, бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін ұйымдастырудың бағыттары мен мазмұны дәйектеледі. Жобалық іс-әрекет бастауыш сынып оқушыларының оқытудың белсенді тәсілі ретінде қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып, әрі қарай зерттеуді талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетін оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырудың нәтижелері талдауға алынып, жобалық іс-әрекетін ұйымдастыру бағдарламасын жүзеге асырудың жолдары және ұйымдастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланады.
Мақалада эмоционалды интеллект арқылы адамның өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін және өзінің эмоционалдық жағдайына бейімделуін, өзінің де, басқалардың да эмоцияларын басқару жолдары қарастырылған. Бұл ұсынылып отырған зерттеу тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Зерттеу жұмысының барысында, осы саланы зерттеп жүрген Ресейлік және шетелдік ғалымдар тұжырымдамалары талданды. Ғалымдар эмоционалды интеллектке «өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын бақылай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты адамның ойлауы мен іс-әрекетіне бағыт-бағдар беру үшін пайдалана білу» деп анықтайды. Арнайы жаттығулар арқылы тұлғалық даму, тұлғааралық қарым-қатынасты реттей бастады, яғни эмоционалдық интеллект іс жүзінде жұмыс істей бастады.
Эмоционалды интеллектіні дамыту арқылы берілген жаттығуларды тиімді пайдалану нәтижесінде қоғамда бейімделгіш және өз мақсаттарына қол жеткізе алатын адамдар ретінде көрінеді, өйткені олар өздерінің және басқалардың эмоцияларын түсінеді, эмпатикалық және қарым-қатынаста өз эмоцияларын басқара алады. Тұлға дамуындағы эмоционалдық интеллекттің рөлін зерттеуші ғалымдар еңбектерін саралай отырып, ЭИ – адамның өмір сүру барысында оның деңгейі мен жеке ерекшеліктерінің негізінде жатқан бірқатар факторлардың әсерінен қалыптасатын психологиялық құрылым деген қорытынды жасауға болады.
Туризм әлемдік экономиканың табысты және қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі ретінде бюджет кірістерінің белсенді көзі болып табылады. Туризмнің дамуы көптеген экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Туризм аймақтың және жалпы елдің дамуын ынталандырады. Мақалада туризмнің дамуына әсер ететін факторлар қарастырылады. Туристік қызметтер нарығын дамытуды ынталандырудағы мемлекеттің рөлі мен бағыттары айқындалды. Авторлардың пікірінше, туристік қызметтер нарығын дамытуды ынталандырудағы мемлекеттің рөлі бірнеше бағыттар бойынша іске асырылуы тиіс, атап айтқанда: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды тұрақты іске асыру, туристік қызметтер нарығына тұрақты мониторинг жүргізу; туристік қызметтер нарығына инвестициялар ағынын ынталандыру жөніндегі бағдарламалар тұжырымдамаларын негіздеу және іске асыру; туристік-рекреациялық инфрақұрылымды пайдалана отырып, жобаларды іске асыру есебінен жақсарту мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері; туристердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін қалыптастыру; өңіраралық және мемлекетаралық жәрмеңкелер мен көрмелер есебінен елдің имиджін арттыру. COVID-19-ға байланысты жағдай туристік бизнес тарапынан жаңа тәсілді, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етеді.
Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуында мұнай және газ индустриясы көптеген секторлардың қуатты күшіне айналды. Сондықтан да авторлар мақалада зерттеу мақсатын Қазақстандағы мұнай өндіруші мекемелердің экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасап, пайданы еселеу негізінде экономикалық механизмдерді қолдану деп алды.
Мақалада зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы мұнай газ нарығының дамуы мен «Қазмұнайгаз» ҰК-ң экономикалық көрсеткіштері алынды. Зерттеу қорытындысын дайындау үшін нәтижелерді графикалық және кесте зерттеу әдістері қолданылды.
Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр. Бірақ бүгінгі күнде аталған сала бәсекеге қабілетті салалар қатарынан түсіп қалу қаупіне ие. Себебі, біріншіден, шикізат бағасы арзандады, екіншіден ауаға бөлінетін зиянды шығарылымдардың шектен тыс көп болуынан табиғатта тепе-теңсіздік, яғни ауа райының күрт жылуы секілді құбылыстар орын алып отыр. Авторлар осы мәселелерді алға тарта отырып, мұнай-газ саласына, оның ішінде «Қазмұнайгаз» ҰК-ң негізгі көрсеткіштері арқылы сала болашағына болжам жасады. Компания уақытша шығындарды азайтқанымен бұл жағдай Қазақстан экономикасына кері әсер етеді. Сондықтан ірі еуропалық компаниялар мұнай шикізатына инвестицияны азайтып, жасыл экономиканы қаржыландыру жағдайларын қарастырып отыр. Қазақстан дамушы ел ретінде өндіріске инновациялық жоғары сапалы өнімді енгізу немесе баламалы энергия көзін өндіруге көшу керек екендігін авторлар ұсыныс ретінде ұсынған.
Мақалада Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің дамуының негізгі факторлары қарастырылды. Қарқынды дамып келе жатқан бәсекелестік процестер мен ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жағдайында инновациялар ұлттық экономиканың негізі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде қызмет ететіні анықталды. Сонымен қатар бүгінгі таңда ел экономикасы өндірілетін тауарлар мен қызметтерді үздіксіз жетілдіру, сондай-ақ жаңа бағыттарды игеру негізінде нарықта табысты бәсекелестікке төтеп бере алады. Жаңа өнімдерді әзірлеу, стартаптар мен инновациялар және жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу макро және микро деңгейде негізгі көрсеткіштер болып табылатыны анық.
Инновациялық зерттеулердің нәтижелері инновациялар, іргелі зерттеулер және ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған кәсіпкерлік күш арасындағы байланысты көбірек көрсетеді. Өзектілігі күн санап артып келе жатқан бәсекелестік артықшылыққа ие болудың басты стратегиялық факторларына жаңа технологияларды қолдану, стартаптар мен техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру, өндірістік үдерістерді оңтайландыру және т.б шаралар жатады.
Ғылым мен бизнестің байланыстылығының негізінде жаңашылдықтар нәтижелері жаңа жобалар негізінде және стартаптардың нарыққа шығып, өз орнын табу арқылы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Осы мақалада ел экономикасының дамуындағы инновация мен инновациялық кәсіпкерліктің орны мен шетелдік тәжірибенің негізінде «төрттік спираль» тұжырымдамасы көрсетілген. Мақалада екі үдерістің: экономикалық даму мен инновациялық кәсіпкерліктің көп қырлы екенін ескеріліп, осы екі құбылыс пен олардың экономикадағы ерекшеліктерін көрсетуге талпыныс болды.
ХХ ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыс және сол соғыстардан кейінгі оқиғалар халықаралық миграция феноменін халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды мәселелерінің біріне айналдырды. Осы бағытта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден әлемдік қоғамдастық тарапынан жаһандық деңгейде нәтижелі болатын қадамдар жасала бастады. Босқындар мәртебесі туралы конвенция (1951 ж.) және Босқындар мәртебесіне қатысты хаттама (1967) халықаралық көші-қон құқығының ең негізгі құжаттарының бірі болып табылады және ұзақ уақыт өткеніне қарамастан олардың маңыздылығын бүгінгі күнге дейін сақтап келеді. БҰҰ БЖКБ және ХҚҰ – БҰҰ халықаралық көші-қонды басқарудың екі негізгі ұйымы ретінде халықаралық көші-қон құқығын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда. Көші-қонды табысты басқару үшін халықаралық көші-қонның құқықтық және институционалдық өлшемдерінің мемлекеттермен ынтымақтастығы маңызды. Түркияда халықаралық иммиграциялық құқықтың негізгі талаптарына сәйкес ұлттық көші-қон заңы бар. 2013 жылы күшіне енген Шетелдіктер және халықаралық қорғау заңы Түркияның негізгі ұлттық иммиграциялық заңы болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық көші-қон институттарымен ынтымақтастық процестері де артып келеді. 2013 жылы құрылған Ішкі істер министрлігі Көші-қон басқармасы президенттігі Түркияның көші-қонды басқару процестеріндегі ең іргелі мекемеге айналды. Бұл зерттеуде Түркияның халықаралық көші-қон құқығы және халықаралық көші-қон ұйымдарымен қарым-қатынасы қарастырылды.
Автор қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру тұрғысынан сот талқылауының проблемалық жақтарын зерттейді. Сот төрелігі соттың айрықша құзыреті екендігін, сонымен қатар арнайы және төтенше соттарды құруға Конституциямен тыйым салынғанын атап өтіп, автор сот ісін жүргізуде қылмыстық іс жүргізу қағидаттарын қолданудың ерекше маңыздылығын атап көрсетеді. Қылмыстық процестің мақсаттарына қол жеткізу, тұтастай алғанда, тараптардың аралық мақсаттарына кезең-кезеңмен және қиылысатын жолдармен қол жеткізілетіндігі талданады. Сот талқылауының құрылымы және оның тағайындалуы қарастырылады. Сот талқылауы, ең алдымен, қылмыстық процестік зерттеу болып табылады. Бірақ, бұл факт дәлелдеудің басқа кезеңдерінің болуын жоққа шығармайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары, сот отырысында жиналған дәлелдемелер тексеріледі және зерттеледі. Бұл жерде зерттеуді қылмыстық іс материалдарын, ең алдымен, дәлелдемелер мен олардың көздерін, алу шарттарын зерттеу, талдау деп түсіну керек. Зерттеу дәлелдемелердің мәнін олардың жиынтығымен білуді қамтиды. Басты сот талқылауының негізгі бөлігінде сот тергеуінің ерекше рөлі атап өтіледі. Автор басты сот талқылауының түпкілікті реттелуі қылмыстық сот ісін жүргізудің англо-саксондық моделіне үздіксіз көшудің сөзсіз қажеттілігі болып табылады деген қорытындыға келеді. Жиырма төрт қадам шеңберінде сот жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар бүкіл заң қоғамының егжей-тегжейлі талдауы мен талқылауын талап етеді. ҚР Жоғарғы Соты ұсынған реформалар аясында теріс қылықтар институтын қылмыстардан бөлу, алқабилер тізімін қалыптастыруды цифрландыру, атқарушы билік пен жұртшылықты үкімді орындау сатысындағы мәселелерді шешуге тарту, күзетпен ұстауды қолдану аясын шектеу жөніндегі жоспарлармен келісімі айтылды. Сонымен бірге, сот талқылауында іс материалдарының ұсынылуын жоққа шығару күмән туғызады.
Мақалада сотқа дейінгі тергеу сатысындағы сот бақылауы мен прокурорлық қадағалаудың арақатынасы мәселелері қарастырылады. Автор бақылау-қадағалау қызметінің нысандары мен әдістерін тұтастай талдайды, прокурорлық қадағалау мен сот бақылауының мақсаттары мен міндеттерін ажыратады. Тергеу әрекеттерін санкциялау кезінде прокурорлық қадағалауды болдырмау және болдырмау шараларын қолдану кезінде қосарланған санкциялаудың орындылығы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Автор прокуратура мен тергеу сотының қызметін құқықтық дауды болдырмау үшін және сотқа дейінгі тергеу сатысында айыпталушы күдіктілердің құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру мақсатында қылмыстық-процестік бұлтартпау шараларына санкция беру мәселелері бойынша дұрыс бөлу қажеттігі туралы дәлелдер келтірді.
Бұдан басқа, 2021 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарын ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қамтитын осы бағыттағы жаңа тенденцияның маңыздылығы атап өтілді, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы, ол қазір құқықтық шеңберде белсенді талқылануда және жақын арада оны қабылдау жоспарлануда.
ISSN 2790-332X (Online)