Жарияланды: 2024.06.27
Белгісіз уақыт стенографиясын білдіретін мифология, күнделікті өмірді таңбалармен ерекше түрде жеткізсе, жаратылыс пен ақырзаманды циклдік түрде баяндайды. Дала халықтарының мифологиясы да олардың ерте дәуірін ауызша мәдениет түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Бұл ауызша мәдениет мал шаруашылығымен көшпелі өмір салтының жемісі. Дала халықтарының мифологияларында уақыт пен ғаламды қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар. Наурыз мәдениеті олардың ғалам мен уақытты қабылдауын да көрсетеді. Мақала мақсаты: Наурыз мерекесінің түрік халқының мәдениетінде көктем мен құнарлылықты, жаңа жыл мен жыл басын шақыратын көктемді, өмір қуанышын, су мен қасиетті тазаруды, жаңаруды, молшылықты және құнарлылықты бейнелейтін мән-мағыналар мен элементтерге толы мазмұнын ашып көрсету. Табиғаттың оянған мезгілі ерте заманнан егіншілік және мал шаруашылығы қоғамдарында әр уақытта тойланып келеді. Наурыз – өмірін негізінен мал шаруашылығымен өткізетін Еуразия халқы арасында кең көлемде тойланатын мереке. Еуразияға тараған түркі халқы Наурыз мерекесін әртүрлі тәсілдермен тойласа да, Наурыз ортақ құндылық ретінде өмір сүруін жалғастыруда.
Бұл зерттеуде Наурыз мейрамының дала халықтары арасында және жалпы түрік әлемінде пайда болуы, Осман түріктері мен Түркиядағы дамуы зерттеу, деректану жұмыстарынан бөлек, кейбір мұрағат құжаттары аясында қарастырылады.
Бұл мақалада архив материалдары негізінде ХХ ғасырдың басындағы Ақмола облысының әлеуметтік- шаруашылық даму барысы зерттеліп, талдау жүргізілді. Ғылыми айналымға сол кезеңде шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің түрлері, тасымалдау техникасы, тау-кен өндірісі тауарларының экспорты кезеңдерінің дамуы және Ақмола облысында кен орындарын игеру тарихқа арналған деректер көрсетілген.
Мақалада көрсетілгендей, осы аймақтағы белсенді сауда орындары зерттелді, салалық өнімдерге байланысты сатудың әртүрлі түрлері жүйеленіп талданды. Сонымен қатар, зерттелген мұрағаттық құжаттардың негізінде қазақтардың ғана емес, басқа ұлттардың да мал басы, өндірілетін және сатуға шығарылатын өнімдері мен олардың нарықтық құны туралы статистикалық деректер берілді.
Облыста ұйымдастырылған жәрмеңкелер мен сауда алаңдары, тауарлардың бағасы нақты мәліметтер негізінде анықталды. Тауар айналымында облыс аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның әртүрлі өңірлерінен жеткізілетін тауарлардың бірнеше түрлері болды.
Мақаланы дайындаудың мақсаты Ақмола өңірі халқының экономикалық әл-ауқатын арттырудың қажетті негізі болып табылатын көптеген кен орындарында өндірілетін пайдалы қазбалардың, атап айтқанда алтын өндірудің алуан түрлілігі мен байлығын көрсету болды. Мұның бәрі аймақ экономикасының дамуына және оның тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруына айтарлықтай әсер етті.
Мақалаға Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның батыс өңіріндегі ұлттық әскери құрамалардың құрылуы, өңір халқының үлесі, әскери құрамалардың жауынгерлік ерлігі арқау болған. КСРО-ның еуропалық бөлігінің 70% соғыстың алғашқы жарты жылында неміс фашистерінің қол астында қалған жағдайда Қызыл Армия адам күшіне зәру болған еді. Осындай жағдайда ұлт республикалары халықтарынан әскери құрамалар, оның ішінде ұлттық әскери құрамалар жасақтау Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің ұйғарымымен күн тәртібіне қойылды. Қиындығы мол, ауыртпалығы зор осы іске Қазақстан халқының, оның ішінде Батыс Қазақстан өңірінің жұмылғаны сөз болады. Мақала мақсаты құрамалардың батыс аймағындағы үш облыстың қаржысымен жасақталғаны, соғыстан әбден қалжыраған халықтың өз аузынан жырып, барын бергені, құжаттармен, оның ішінде архив деректерімен негізделгені. Әскери құрамалардың соғыстағы ерлік жолдары, жеке адамдардың қосқан үлесі, қатысқан операциялар, азат етілген елді пункттер әртүрлі құжаттар арқылы бекемделген.
Батыс Қазақстанда жасақталған әскери құрамалардың негізін жұмысшылар мен колхозшылар құрағаны, командирлердің көпшілігі орыс ұлтынан болғаны ғылыми монографияларға сүйене отырып баяндалған. Құрамалардың комиссарлық лауазымына көбінесе облыстық партия комитеттерінің хатшылары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты қызметкерлері тартылғаны айтылған. Облыстардан мобилизацияланған адамдардың саны, қаза тапқандары, хабарсыз кеткендері, госпитальдарда жан тапсырғандары архив құжаттарына негізделген таблицалар арқылы көрсетілген.
Қазақстанның Ресей империясы құрамына кезең-кезеңмен өтуі нәтижесінде қазақ ақсүйектерінің және қараша халықтың өмірі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егер ақсүйектер – шыңғыс тұқымы (төрелер) негізінен басқару құқығынан айрылса, қарапайым халық жер иелену құқығын жоғалтты. Сұлтандардың бір бөлігі әкімшілік бірліктің ең төменгі сатысы – болыстық құрылымды басқаруға қатыстырылды. Хан билігі жойылғаннан кейінгі кезеңде бір де бір сұлтанның генерал-губернаторлықты немесе губернияны, облысты басқару құқығы болмады. Сонымен қатар қазақ даласындағы басқарушы ақсүйектер қатары тұрғындардың азшылығын құрағаны белгілі.Сондықтан оларды сыйлықпен, лауазымды қызметпен, уәделермен Ресей жағына қарату оңай болатын.
Патша өкіметі өзінің позициясын түпкілікті нығайту үшін жергілікті тұрғындардың арасында өз жақтастарының санын көбейтуге мүдделі болды. Дегенмен «Патша мен Отанға» шын берілген сұлтандар және өзге де ауқатты қазақтар санаты жеткіліксіз саналды. Жергілікті жердегі отарлық әкімшіліктер мен орталықтағы патша өкіметі жергілікті тұрғындардың негізгі бөлігін өзіне қаратуды ойлады. Оларды қарудың күшімен немесе қорқынышта ұстаудың тиімсіздігін түсінді. Қалыптасқан мәселені шешуде діннің көмегіне сүйенуге бағыт алынды. Сондықтан орыс православиялық шіркеуі және оның қызметшілері тек орыс қоныстанушылары арасында уағыз айтумен шектелмей, мұсылман қазақтарды шоқындыру бағытын негізге алды.
Мақалада талданған басты жаңалық – қазақ даласын отарлау барысында мұнда қоныстандырылған орыс шаруалары мен шекаралық казак әскерлері отбасыларының арасында Патша өкіметі үшін қиындық туғызған және ойламаған нәрсенің бірі, олардың кейбіреулерінің христиандықтан шығып, мұсылман дініне өту тенденциясы болды. Кешегі орыс қоныстанушыларының арасында мұсылман болғандар Ресей империясының азаматтық және шіркеулік әкімшіліктерінің алаңдаушылығын және үрейін туғызды. Зерттеуде бұрын көп зерттелмеген осы тенденцялардың себептері, барысы және нәтижелері талданып, негізгі қорытындылар жасалды.
Бейресми пайымдау (IIR) – негізгі сипаттамасы оқушының қоршаған ортасын ескеру, бейресми және формальды пайымдау болып табылатын танымдық формалды пайымдау әдетте орта мектептегі физика сияқты жаратылыстану курстарында насихатталады және жасөспірім кезеңінде дамып, бекітіледі. Зерттеудің мақсаты әрбір когнитивтік процесте қол жеткізуге болатын нәтижелер тұрғысынан егжей-тегжейлі берілген Марзано мен Кендалл таксономиясының білім беру мақсаттарына негізделген элементтермен IIR өлшеу әдістерінің құрылысын зерттеу болып табылады. Сол сияқты негізгі физика ұғымдары Бірыңғай түзу сызықты қозғалыс (URM) және Бірқалыпты үдетілген түзу сызықты қозғалыс (UARM) тақырыптары қамтылған. Бұл зерттеудің өзектілігін 12 сарапшы бағалады. Пилоттық сынама 15 пен 18 жас аралығындағы 212 жоғары сынып оқушыларымен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері физиканы оқытуға қажетті когнитивті процестерді бағалау әдісінің сенімділігі мен негізділігін көрсетті (Айкеннің V = ,73). Бұл эксперимент тақырыптық оқу бағдарламасының мазмұнын еске түсіруден бастап білімді талдау мен пайдалануға дейінгі когнитивтік процестерді біртіндеп ынталандыру үшін бейімдеуді қалайтын мұғалімдерге арналған пайдалы әдіс болып табылады.
Жаһандану мен мәдениетаралық байланыстар кең таралған қазіргі көп тілді және көп мәдениетті әлемде заңгерлердің лингвистикалық және конфликтологиялық құзыреттері кәсіби жетістік пен тиімді өзара әрекеттесудің негізгі факторлары ретінде алдыңғы қатарға шығуда. Зерттеу жоғарғы білім беру сатысында заңгерлердің лингвоконфликтологиялық құзыреттілігін даярлау және дамыту қажеттілігін көрсетеді. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты заңгерлердің лингвистикалық және конфликтологиялық құзыреттерін дамытудың заманауи стратегиялары мен тәсілдерін талдау болып табылады. Зерттеу әдіснамалық тәсілдер жиынтығына негізделген, соның ішінде тиісті әдебиеттерге шолу жасау, заңгерлер арасында сауалнамалар жүргізу және заң факультетінің студенттері арасында тәжірибе жүргізу. Сауалнама мен тәжірибе мәдениетаралық коммуникация мен қақтығыстарды басқарудың заңгердің кәсіби қызметіне әсерін зерттеудің негізгі бағыттарын анықтады. Атап айтқанда, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары мен тренингтердің тиімділігі бағаланды. Зерттеу жаһандану және мәдени әртүрлілік жағдайында заңгерлер үшін лингвистикалық және конфликтологиялық құзыреттіліктерді дамытудың маңыздылығын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және заңгерлерді кәсіби қызметке мәдени және лингвистикалық құзыреттерді бейімдеу қажеттілігін баса көрсете отырып, табысты жұмысқа дайындауға негіз болады.
Ғылымға жас ғалымдардың келуінің азаюына байланысты қиын жағдайды еңсеру үшін Қазақстан Республикасында жас ғалымдарды мемлекеттік және жоғары оқу орындарында қолдау шаралары қабылдануда. Зерттеудің мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашудың тиімді механизмі ретінде жаңа шараны ұсыну. Оны әзірлеудің негізгі әдісі Батыс Қазақстанның (Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) өңірлік жоғары оқу орындарына енгізу үшін мақалада сипатталған басқа да зерттеу әдістерінің қатарында тәлімгерлікті модельдеу болды. Авторлық тәлімгерлік моделінің ерекшелігі оның ғылыми мансабының басында тұрған жас ғалымдарға (магистрлер/докторанттар емес) бағытталуы болып табылады. Тәлімгерлік моделін енгізу нәтижелері жас ғалымдардың жеке ғылыми көрсеткіштерін арттыру, ғылыми беделі мен этикасын дамыту, жас ғалымның жеке басының мансаптық бағытын қалыптастыру деңгейін арттыру және т.б. болып табылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы тәлімгерлік моделін енгізу процесін негіздеуден тұрады (оның мақсаттары, міндеттері, шарттары мен нәтижелері), практикалық маңыздылығы жоба сайтында ұсынылған тәлімгерлік моделін енгізудің үш жылдық тәжірибесінің көрнекі және егжей-тегжейлі көрінісі түрінде ұсынылған (https://yresearch.kz/). Авторлар әзірлеген жаңа механизм жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашуға белсенді көмек көрсетуге арналған, бұл қосымша шараның жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін ашуда мемлекеттік және жоғары оқу орындарының басқа да бірқатар шараларында ерекше орын алуына мүмкіндік береді.
Бұл мақалада жас ұрпақтың бойында патриоттық мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері жан- жақты қарастырылып, негізгі ұғымдардың мәнін анықтауда және түрлі түсініктемелерді саралауда философиялық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік еңбектерге сүйеніп баяндалды. Патриоттық мәдениет ұғымының мәні мен мағынасын жете түсіну үшін «патриотизм» мен «мәдениет» ұғымдарының теориялық-әдістемелік негіздерін басты мақсат етіп, аталған ұғымдардың шығу тарихы мен ғылыми айналымға ену мәселесін қарастырып, философиялық базистеріне талдау жасалды. Зерттеу өзектілігіне сай зерттеу методологиясында тарихи, детерминизм және хронологиялық принципті, диалектикалық байланысты сақтай отырып, жүйелілік, жіктеу әдістері қолданылып, қорытынды жасалды. Сонымен қатар, мақалада оқу әрекетін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдеме мен бағыттарды ескере отырып, пәндік білім берумен қатар адамның рухани дамуын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйену арқылы сыни көзқарастарға талдау жасалып, ой тұжырым жасау арқылы ғылыми-әдебиет авторларының пікірі объективті түрде қорытылды. Зерттеуші ғалымдардың патриоттық және мәдени көзқарастарының тоғысуының аясында, қоғамның даму тенденциясына сай құндылықтар эволюциясындағы жаңа ұғымға жүйелі түсінік беру арқылы ғалымдардың еңбектерін жіктеу арқылы өзектілігіне сай зерттеу жұмысымыздың бір бөлігі айқындалды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі REACH жобасы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар қоныс аударған балаларға арналған оқу кеңістігін және бағдарламасын құру үлгісін қалыптастырған бірегей тәжірибе. Жобаға балалардың ата-аналары, мектеп мұғалімдері, мектеп психологтары, еріктілер қатысып, әдістемелік қолдау жасады.
Мақаланың мақсаты - ғылыми жоба аясында жүргізілген зерттеу негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар босқын балаларды әлеуметтендіру проблемаларын анықтау.
2021-2024 жылдарға арналған халықаралық серіктестік аясында жасалған жоба жұмысына Канаданың Simon Fraser университеті, Иорданияның Yarmouk университеті, Түркияның Чанаккале университетінің ғалымдары соғыс болған елдерден қоныс аударған балаларды қоғамға бейімдеу, білім беру және оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды. Атырау университетінің жоба мүшелері Сирия еліндегі соғыстан қайта оралған бірнеше жанұядағы ерекше балалармен зерттеулер жүргізді.
Атырау университетінде құрылған Kids University аясында ерікті студенттер өнерге негізделген зерттеу нәтижелерінің қолданылуы ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында тиімді екенін көрсетті. Өнер, музыка және драма элементтерін пайдалануда эмоционалды көрініске бағытталған терапиялық мақсаттарды қамтамасыз ете отырып, балаларды қызықтырып және оларды оқуға ынталандырды.
Бұл мақалада қоныс аударған ерекше балалармен жұмыс атқаратын және осы салада зерттеумен айналысатын ғалымдарға құнды тәжірибе, балалардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыратын әдістемелік қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.
Жаһандану жағдайында интеллектуалдық көші-қон тақырыбы инновациялық экономикалар мен озық технологияларды дамыту үшін өзекті бола түсуде. Бұл мақалада жоғары білікті мамандарды тарту саласында жетекші елдердің бірі болып табылатын Канада тәжірибесі талданады. Мақала мақсаты Канаданың иммиграциялық саясатын, оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін, сондай-ақ көші-қон ағындарын реттеудің тиімді механизмдерін әзірлеу үшін қазіргі заманғы үрдістер мен мүмкіндіктерді зерттеу.
Зерттеуде қолданылған кейс стади әдісі канадалық тәжірибені терең талдауға мүмкіндік берді. Деректерді жинау және өңдеу нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық және ұлттық есептердің, сондай-ақ басқа да құжатталған көздердің мазмұндық талдауын қамтыды. Зерттеу нәтижелері Канаданың көші-қон саясаты әлемдегі ең либералды және инклюзивті саясаттардың бірі болып табылатынын, жоғары білікті мигранттарды тартуға, отбасын қайта біріктіруге және мұқтаж жандарға баспана беруге ықпал ететінін көрсетеді.
Көші-қон процестері Канададағы әлеуметтік-экономикалық дамуда шешуші рөл атқарады, жұмыс күшінің тапшылығын өтейді және демографиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Канаданың үкіметі мигранттарды ықпалдастыру бағдарламаларын белсенді түрде енгізуде, бұл олардың әлеуетін экономикалық өсу мен елдің инновациялық дамуы үшін барынша пайдалануға мүмкіндік береді. Зерттеу сондай-ақ тиімді иммиграциялық саясат пен интеграциялық бағдарламалардың Канадада жоғары білікті мамандарды сәтті тарту және бейімдеудің негізгі факторлары болып табылатынын көрсетті.
Алынған нәтижелер интеллектуалдық көші-қон саласындағы тиімді саясатты әзірлеу үшін негіз бола алады және осы тақырыпты одан әрі зерттеуге ықпал етуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметкерлер қазіргі қоғамды басқару мен қызмет етуінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және экономикалық мәртебесі олардың әл-ауқатын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару мен басқару құрылымдарындағы тенденцияларды көрсетеді.
Бұл зерттеу мақаласы бес түрлі елдегі: Канада, Ұлыбритания, Германия, Жаңа Зеландия және Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік және экономикалық мәртебесін зерттейді. Мемлекеттік саясаттарды, тәжірибелерді және эмпирикалық деректерді салыстырмалы талдау арқылы бұл зерттеу мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне әсер ететін факторларды және олардың мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге және қоғамның дамуына тигізетін салдарын анықтауға бағытталған.
Мақаланың мақсаты бес елдің: Канада, Ұлыбритания, Германия, Жаңа Зеландия және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік-экономикалық мәртебесін және олардың жұмысына қанағаттанушылықты анықтау болып табылады.
Зерттеу нәтижелері Канада, Германия және Жаңа Зеландиядағы мемлекеттік қызметшілер өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне және мемлекеттік қызметтегі қызметіне қанағаттануы ықтимал екенін көрсетті. Ұлыбритания мен Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің мемлекеттік қызметтегі жұмысына көңілі толмайды. Сондай-ақ зерттеу әрбір елдегі мемлекеттік қызметшілер алдында тұрған ерекше қиындықтар мен мүмкіндіктерге тоқталып, олардың мәртебесін арттыру және тиімді мемлекеттік басқаруды ынталандыру үшін контекстке негізделген тәсілдердің маңыздылығын көрсетеді.
Стратегиялық жоспарлау бастапқыда өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін бизнестің тиімділігі мен кірістілігін арттыру тәсілі ретінде жасалды. Алайда, уақыт өте келе стратегиялық жоспарлау тұжырымдамасы басқа секторлардағы ұйымдарда, соның ішінде мәдениет пен өнер ұйымдарында кең таралды. Мәдениет және өнер ұйымдары стратегиялық жоспарлауды әртүрлі жолдармен пайдалана алады.
Зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау процестерін зерделеу, мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінде стратегиялық жоспарлау мен басқару жүйесін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар ұсыну болып табылады.
Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы, әсіресе қазіргі қоғам мен мәдени индустрияның дамуы тұрғысынан өте жоғары. Мәдениет және өнер ұйымдарын басқарудағы стратегиялық жоспарлау саласындағы зерттеулер тиімді стратегияларды әзірлеуге және сәйкесінше мәдени индустрияның өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Зерттеу барысында авторлар мәдениет және өнер ұйымдарында стратегиялық басқару және жоспарлау жүйесін құру бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу, контент-талдау, стратегиялық құжаттарға, мемлекеттік бағдарламаларға және әртүрлі отандық және шетелдік ұйымдардың есептеріне шолу жасады.
Қазақстанда 2021 жылы әзірленген мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың жаңа жүйесі қаралды. Оның елде және аймақта мәдениет пен өнердің дамуына ықпал ететін стратегиялық құжаттарды қалыптастыруға әсері анықталды. Өңірлік, жергілікті және институционалдық деңгейлерде мәдениет пен өнердің дамуын реттейтін қолданыстағы стратегиялық құжаттарға талдау жүргізілді. Талдау стратегиялық жоспарлауда, атап айтқанда, стратегиялық құжаттарды құрылымдауда, ақпараттың ашықтығында және т. б. проблемалар бар екенін көрсетті.
Мәдениет және өнер ұйымдарында стратегиялық басқару және жоспарлау бойынша мұндай зерттеулердің болмауы осы зерттеудің құндылығын растайды.
Жүргізілген зерттеудің практикалық маңыздылығы мәдениет пен өнер саласындағы тиімді стратегиялық басқару және жоспарлау мақсатында стратегиялық құжаттарды қалыптастырудың ұсынылған дәйектілігінде жатыр.
Бұл ғылыми мақалада Қазақстандағы шағын және орта бизнесті (ШОБ) мемлекеттік қолдаудың рөлі қарастырылып, кәсіпкерлердің алдында тұрған негізгі проблемалар айқындалады, сондай-ақ осы саланың даму перспективалары талданып, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Осы мақсаттарға қолжеткізу үшін әртүрлі көздерден алынған деректер, сондай-ақ ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы бағдарламалары мен шараларын талдау нәтижелері пайдаланылды.
Теориялық маңыздылығы: 1. Академиялық салаға қосатын үлесі: Бұл зерттеу жұмысы Қазақстан жағдайында ШОБ-ты мемлекеттік қолдау туралы білімді кеңейту арқылы академиялық салаға маңызды үлес қосады. Зерттеушілерге, студенттерге және академиялық қоғамдастыққа осы елдегі кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мәселелері мен аспектілерін жақсырақ түсінуге көмектеседі. 2. Теориялық әзірлемелер: Қазақстандағы ШОБ-ты мемлекеттік қолдаудың тиімділігін талдау шағын және орта бизнесті дамытудың қолданыстағы теориялық тұжырымдамалары мен үлгілерін толықтырады. Ғылыми мақала кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудағы мемлекеттің рөлі туралы теориялық түсініктерді кеңейтуге көмектеседі.
Практикалық маңыздылығы:
- Шешім қабылдауды қолдау: ғылыми мақала аясында жүргізілген зерттеу Қазақстанның Үкіметі мен бизнес-қоғамдастығы үшін практикалық маңызға ие болады. Нәтижелер мен ұсынымдар ШОБ-ты
мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын жақсарту және сектордың дамуына ықпал ететін жаңа шараларды әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
- Бизнестің тиімділігін арттыру: мақалада талқылауға шығарылатын ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанның кәсіпкерлері мен шағын бизнесіне өз тиімділігін арттыруға, кедергілерді еңсеруге және қолжетімді ресурстарды тиімдірек пайдалануға көмектесуге қабілетті.
Осылайша, ғылыми мақаланың теориялық және практикалық маңызы бар, ғылыми білімнің дамуына ықпал етеді және бизнестің нақты тәжірибесі мен кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатқа құнды ұсыныстар береді.
Нарықтық экономикадағы тұрғын үй экономиканың әртүрлі секторларының даму динамикасын және халықтың өз болашағына және тұтастай алғанда елдің болашағына деген сенімін көрсететін өсудің ең жарқын көрсеткіші болып табылады. Қазіргі уақытта елдің ірі қалаларында жылжымайтын мүлік нарығын дамыту үрдістері Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мүдделерін айқындайтын өзекті мәселелер болып табылады. Осыған байланысты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және тиісінше қалыптасқан үрдістерді нақты бағалау үшін оның аудитін жүргізу мәселесі ең өзекті болып табылады.
Кейбір секторлар үшін қаржылық есептілікте әділ құндылықтарды ұсыну проблемалары әсіресе күрделі. Фирмалардағы жылжымайтын мүлік активтерін ұстау осындай мысалдардың бірі болып табылады, өйткені жылжымайтын мүлік активтерінің нарықтық құнын бағалау қиын міндет болып табылады. Жылжымайтын мүлік секторында әділ бағалауды қалай қамтамасыз ету керектігі туралы алаңдаушылық білдірілді.
Өздеріңіз білетіндей, жылжымайтын мүлік – бұл жоғары құндылықтардан тұратын капиталды қажет ететін сала, ең алдымен бастапқы инвестициялар тұрғысынан емес. Сонымен қатар, ең бастысы, жылжымайтын мүліктің құны өте өзгермелі және белгісіз. Себебі қасиеттер өте жақсы, егер мінсіз болмаса, гетерогенді және асимметриялық ақпараттың тиісті жоғары деңгейі бар.
Нәтижесінде жылжымайтын мүлік нарығындағы транзакциялық шығындар жоғары және инвесторлар үшін ашықтық төмен болуы мүмкін. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлік активтерінің құнын бағалау көптеген басқа салаларға қарағанда күрделірек. Қиындық активтердің құны күтілетін болашақ капиталдандырылған төлемдерге негізделгендігімен байланысты. Сондықтан сыртқы мүдделі тараптармен қарым-қатынаста мүліктік активтерді сенімді бағалау туралы есеп беру қажеттілігі осы секторда ерекше маңызға ие болады деп күтуге болады.
Соңғы жылдары Қазақстан киноиндустриясы айтарлықтай өсім мен дамуды көрсетуде. Отандық кинематографтың репертуалары кеңейіп, халықаралық аренада танылатын ұлттық картиналар саны артып келеді, бұл саланың дамуы мен елдің мәдени имиджінің нығайғанын айғақтайды. Мақалада қазақстандық кинолардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларының талдауы және негізгі үрдістері сипатталған.
Бұл мақалада қазіргі кезеңде Қазақстан киноиндустриясын дамытудағы негізгі бағыттары мен инновациялары қамтылған. Зерттеу цифрлық технологияның кинопродукцияларын өндіруге және таратуға әсерін талдауға, сондай-ақ аудиторияның қалауы мен маркетинг стратегияларындағы өзгерістерді қарастыруға бағытталған. Қазақстандық кинематографияны интернационалдандыруға, шетелдік студиялармен және фестивальдармен ынтымақтастықта бірге жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Мақалада келесі өндірістік процестерді диджитализациялау және ағындық қызметтердің кино өнімдерін таратуға әсері, жанрлардың эволюциясы және форматтармен эксперименттер қазақстандық кинематографистердің инновациялар мен визуалды шешімдердің алуан түрлілігіне деген ұмтылысының көрінісі ретінде, патриоттық кинематографияның өсуі, тарихи және әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда кинопродукция жасауда мемлекеттік бастамаларды қолдау, копродукцияны дамыту және халықаралық байланыстарды нығайту: қазақстандық фильмдердің әлемдік кинофестивальдерге қатысуы, шетелдік инвестицияларды тарту және әлемдік киностудиялармен әріптестік, заманауи трендтердің қазақстандық мәдениет пен ұлттық бірегейлікті дамытуға бірегей және есте қаларлық контент жасауға әсері кеңінен талданады.
Мақаланың қорытындысы қазақстандық киноиндустрияның ағымдағы жай-күйі мен перспективаларының талдауы қорытындылайды, оның әлеуеті мен жақын болашақта оның алдында тұрған сын-тегеуріндерді атап көрсетеді. Автор мемлекет тарапынан индустрияны қолдау қажеттілігіне және тұрақты даму мен халықаралық табысты қамтамасыз ету үшін жаһандық үрдістерге бейімделудің маңыздылығына баса назар аударады.
Ғылыми зерттеулер ғылыми сыйымды экономика жағдайында инновациялық жүйенің маңызды буыны ретінде инфрақұрылымды дамыту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстардың негізіне алынған теориялық және практикалық жасақтамаларды әзірлеуден тұрады. Алынған жаңа нәтижелер инновациялық жүйелердің (ұлттық, өңірлік және салалық) түрлері бөлінісінде инновациялық инфрақұрылымды талдауға және авторлардың Қазақстанның ҰИЖ (ұлттық инновациялық жүйе) тұрақты даму мәселелеріне стратегиялық көзқарасы негізінде инновациялық саясатты әзірлеуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың теориялық-әдістемелік негіздерін зерделеу және ғылымды сыйымды экономика жағдайында оны дамыту бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешіледі: ғылыми сыйымды экономика жағдайында инновациялық инфрақұрылым ерекшеліктерінің теориялық аспектілерін зерделеу; инновациялық жүйедегі инфрақұрылымдық буындардың жай-күйі мен дамуын бағалаудың әдістемелік негіздерін бағалау; ұлттық, өңірлік және салалық инновациялық жүйелердің жай-күйін олардың инфрақұрылымдарын дамытудың барабарлығы тұрғысынан талдау; экономикалық-математикалық тәсіл әдістерін қолдану негізінде инновациялық қызметті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне баға беру; инновациялық дамудың келешекті стратегиялық бағыттарын әзірлеу және ғылыми сыйымды экономика жағдайында Қазақстанның инновациялық жүйесінің инфрақұрылымдық буындарын қалыптастыру және дамыту жөнінде ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру жүйесі өте өзекті, өйткені ол азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік қызметкерлер Үкіметтің функцияларын орындауға және миллиондаған адамдардың өміріне әсер ететін саясатты жүзеге асыруға жауапты.
Мотивация мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмысында мақсатты, өнімді және есеп беруін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Жақсы ойластырылған мотивация жүйесі талантты адамдарды мемлекеттік қызметке тартуға және сақтауға көмектеседі, сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігіне ықпал етеді.
Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметті құрмай-ақ басты мақсатқа – гүлденген Қазақстанды құру мүмкін емес, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру мемлекеттік қызметкердің кәсіби қызметінде уәждеменің тиімді жүйесін құрмай мүмкін емес. Мемлекеттік қызметкерді ынталандыру жүйесі мемлекеттік сектордың жалпы тиімділігі мен есептілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің уәждемесін, мақсаттылығын және есептілігін қамтамасыз ете отырып, біз азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және қоғамдарымыздың дамуына ықпал ететін неғұрлым тиімді мемлекеттік қызмет құра аламыз.
Зерттеудің мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жетілдіру болып табылады және зерттеу объектісі мен пәні ретінде Атырау облысы әкімінің аппараты қаралды, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің уәждемесіне әсер ететін факторлар және олардың жұмысының тиімділігі мен есептілігін арттыратын уәждеменің тиімді жүйесін әзірлеу зерттеу пәнінің негізін қалады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жан-жақты түсінуді және оның жұмыс тиімділігі мен есеп беруіне әсерін қамтамасыз етуге бағытталған. Зерттеу әртүрлі көздерден, соның ішінде құжаттарды талдаудан деректерді жинау және талдау үшін сапалық және сандық әдістерді біріктіретін аралас әдістерді қолданды.
Террористік бағыттағы қылмыстарға қарсы күрес мәселесі құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Алайда, террористік сипаттағы қылмыстарды тергеудің арнайы әдістерін жасамай, қорқынышты салдары бар бұл құбылыспен сәтті күресу мүмкін емес. Терроризмді тергеу әдістемесі заңдылық талаптарына сәйкес тергеуді неғұрлым тиімді жүргізу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу мақсатында террористік сипаттағы қылмыстарды ашуды, тергеуді және алдын алуды ұйымдастыру және жүзеге асыру заңдылықтарын зерделейді.
Тергеу практикасын жалпылау тергеушінің жұмысында жаңа ғылыми негізделген жолдар мен формаларды іздеу сияқты терроризмге қарсы маңызды күресті дамытуды қамтиды. Қылмыстарды тергеудің сәттілігі тергеу процесіне әдістемелік тұрғыдан дұрыс көзқарасқа ғана емес, сонымен бірге жедел қызметкерлермен тығыз қарым-қатынасқа, арнайы білімнің ақиқатын анықтау үшін тиімді пайдалануға, бұқаралық ақпарат құралдары мен халықтың көмегіне байланысты. Мақала мақсаты террористік қылмыстарды тергеудің негізгі ерекшеліктерін анықтап, қылмыстың басқа түрлерін тергеумен салыстыруды жүргізу. Зерттеудің негізгі нәтижелері террористік сипаттағы қылмыстарды тергеу әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ мұндай істерді тергеу кезінде құқық қорғау органдарына назар аудару керек негізгі ойларды анықтау болды.
Жүргізілген зерттеудің теориялық маңыздылығы террористік қылмыстарды тергеу әдістері туралы білімді кеңейту және құқық қорғау органдарының алдында тұрған негізгі қиындықтарды анықтау болып табылады. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы терроризмге қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін террористік сипаттағы қылмыстарды жоспарлау және тергеу кезінде әзірленген ұсыныстарды пайдалану мүмкіндігінен тұрады.
Бұл мақаланың негізгі мақсаты адам өмірінде тумысынан берілетін, ажырамас, аса бағалы қазынасы танылатын адам құқықтарының халықаралық құқықтық теориясының бірнеше мәселелерін қарастыру болып табылады. Адам құқықтарының теориялары бастау алатын Ежелгі Грекия, Рим кезеңінен бастап, XVII-XVIII ғасырлардағы Еуропа ұлы ғұламаларының адам құқығы жөніндегі теорияларын зерттеп, 1789 жылғы Француз революция кезеңі мен Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында енгізілген өзгерістерге үңіліп, қазіргі күнге дейінгі адам құқықтарының дамуын түсіндіре отырып, халықаралық қатынастарда, халықаралық құқық саласында алатын орны қарастырылады. Халықаралық деңгейде ұлы философтардың адам құқықтары ұғымына берген әртүрлі түсініктемелері мен көзқарастары, оның ішінде иерархия, бірлік, біржүйелілік, тәуелсіздік, билік, әділеттілік және заңдылық мәселелері сияқты халықаралық құқықтың теориялық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, адам құқықтарының халықаралық құқық саласындағы құндылығы, ерекшелігі, тәуелсіздігі, өзара теңдігі және оларды қорғауда мемлекет және өзге де құқықтық институттарының міндеті туралы түсінік беріледі. Халықаралық қатынастарда утилитаризм, конструктивизм, либерализм, феминизм, космополотизм және басқа да теориялардың шығуы мен мәні, қазіргі замандағы адам құқықтары туралы түсінікке қосқан үлесі қарастырылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропалық адам құқықтары Соты сияқты халықаралық ұйымдардың адам құқықтарын қорғау мен насихаттаудағы рөлі және аталған ұйымдардың нормативтік актілерді әзірлеп, оған мүше мемлекеттердің актілерді сақталуын бақылауы, адам құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарды қарап, реттеу секілді қызметтері көрсетіледі.
Бұл мaқaлaдa coттaлғaн әйeл құқықтapының жaғдaйы қapacтыpылaды. Әйeлдep құқығын қopғaу тұжыpымдaмacындaғы мaңызды тeтiк aдaм құқықтapы жөнiндeгi Уәкiл инcтитуты бoлды. Ocы мeмлeкeттiк құқық қopғaу инcтитутын қaлыптacтыpу Қaзaқcтaндaғы дeмoкpaтияны тepeңдeтудiң мaңызды қaдaмы, мeмлeкeттiң бapлық ұмтылыcтapынa қapaмacтaн, әйeлдep әлi дe тұpмыcтық жәнe бacқa жaғдaйлapдa зopлық- зoмбылыққa ұшыpaйтыны бaca aйтылaды. Oтбacындaғы aгpeccия жaзacыздықпeн, құқықтық тәpтiп opгaндapының жeткiлiкciз бacтaмaшылығымeн жәнe қoғaмның әйeлдepгe қapcы мәжбүpлeу aктiлepiнe төзiмдiлiгiмeн бaйлaныcты пpoблeмa бoлып қaлa бepeдi, aл Қaзaқcтaндaғы әйeлдepдiң жaғдaйы нaқты қoлдaу мeн гeндepлiк түзeтудi қaжeт eтeдi. Aдaм құқықтapы caлacындaғы хaлықapaлық cтaндapттapдың қaйнap көздepi хaлықapaлық шapттapдың бaптapы, хaлықapaлық ұйымдapдың қapapлapы, caяcи кeлiciмдep, кoнфeдepaция мeн кeздecулepдiң құжaттapы, хaлықapaлық әдeт-ғұpыптap бoлып тaбылaтындығы дa cөз бoлaды. Aдaм құқықтapы caлacындaғы хaлықapaлық cтaндapттapдың epeкшeлiгi – oлapдың бapлығы дepлiк жaзбaшa құқық түpiндe пaйдa бoлуы. Aдaм құқықтapын қopғaу caлacындa әдeттeгi нopмaлap хaлықapaлық ұйымдapдың шapттapындa нeмece қapapлapындa бeкiтiлгeн нopмaлapды жaлпы тaну жәнe қoлдaну apқылы қaлыптacaды.
Мақала мaқcaты: Қaзaқcтaндa сотталған әйeлдep құқықтapының caқтaлуынa әcep eтeтiн фaктopлapды aнықтaп, әйeлдepдiң құқықтapын қopғaуғa жәнe қaмтaмacыз eтугe бaғыттaлғaн пpaктикaлық ұcынымдap әзipлeу.
БҰҰ-ның көпжылдық қызмeтi aдaм құқықтapын Хaлықapaлық қopғaу aдaм құқықтapын қopғaу caлacындa жaлпығa бipдeй ұcынымдap мeн мeмлeкeттepдiң адaм құқықтapы caлacындaғы өздepiнiң хaлықapaлық мiндeттeмeлepiн opындaуын тeкcepу, мeмлeкeттepгe зaңды мiндeттeмeлep жүктeйтiн aдaм құқықтapы туpaлы хaлықapaлық кeлiciмдepдi әзipлeу жөнiндeгi apнaйы тeтiк жacaудaн тұpaтынын көpceтeдi.
ISSN 2790-332X (Online)