Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 50, № 3 (2018)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

56-60 278
Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі орта білім беру ұйымдарының бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру жағдайында оқушылар АКТ пәнін оқытудың тиімділі мен маңыздылығы қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық техникаларды меңгеріп, ақпараттық мәдениеттілікке үйреніп бейімделуі қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ

61-71 305
Аңдатпа
Әлеуметтік - еңбек инновациясы еңбек ресурстарын басқарудағы өзекті мәселе болып табылады. Мақалада ҚР-ның еңбек ресурстарының қазіргі жағдайына талдау жасалған, еңбек ресурстарын басқаруда әлеуметтік - еңбек инновациясының нәтижелік көрсеткіштерінің жіктелуі көрсетілген.
71-78 272
Аңдатпа
Қазақстан Республикасындағы азаматтық іс жүргізу қатынастарының қорытынды ретінде сот шешімдерінің қабылдануы мен заңдылығының құқықтық негізі туралы баяндалған. Азаматтық процесс субьектілерінің құқықтық мәртебесі туралы және іске қатысушылардың сот актілерінің орындалуына тікелей қатысушылар ретінде қарастырылуы туралы баяндалады. Сот билігінің тәрбиелеу функциясы нақты сот істерін қарау арқылы материалдық және процессуалдық нормаларды, көпшілік жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданумен іске асырылады. Оларды реттеу үшін мемлекет қалыптастырған ережелерді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлықтары мен әлеуметтік процестерге әсер ету жағдайлары қарастырылады.
78-88 273
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы үшін тура шетелдік инвестицияны тартудың қажеттілігі мен формалары қарастырылған. Тура шетелдік инвестицияның республика өңірлеріне әсерін бағалау үшін тура шетелдік инвестицияның белсенділік және интенсивтілік көрсеткіштері қолданылған. Осының нәтижесінде шетелдік кәсіпорынның ролін анықтау үшін өңірлердің инвестициялық белсенділігі бағаланып, талданды.
89-95 282
Аңдатпа
Жал есебін ұйымдастыруда жал қатынастарының дамуына сәйкес есепке алу тәртібін меңгеру және жал объектілерін нақты білу үлкен роль атқарады. Негізгі құралдарды жалға алу бүгінгі күні де өз маңыздылығын жойған жоқ.
96-104 242
Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның экономикалық өсу жағдайына әсер ететін кедейшілік себептері қарастырылған. Осы себептер бойынша талдау негізінде әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар арқылы кедейлікпен күрес жүргізу және оның механизмін жетілдіру туралы ұсынымдар беріледі. Осы міндеттерді шешу халықтың басым көпшілігінің мүддесі үшін жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды аясында мемлекеттік басқару сапасын арттыруды көздейді.

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

105-110 237
Аңдатпа
Үлкен жылу аймағында жұмыс істейтін көптеген құрылымдық элементтерде (газ турбиналары мен реактивті қозғалтқыштардың элементтері және т.б.) арнайы ыстыққа төзімді қорытпалар қолданылады. Атап айтқанда, ЭИ 598 қорытпасы. Бұл қорытпалардың негізгі артықшылығы олар температураның функциясы ретінде жылу кеңейту коэффициентіне ие. Жұмыс жасау уақытында математикалық модель, есептеу алгоритмі және ЭИ 598 ұзындығы шектеулі ыстыққа төзімді қорытпалардан жасалған серіппенің бойымен температураның таралуын анықтау мәселелерін шешу әдісі дайындалады. Жұмыс барысында серіппенің бір ұшы қысылып, екіншісі ұшы бос болады. Серіппенің бүйір беті ұзындығы бойынша жылудан оқшауланған. Жылу ағыны серіппенің қысылған бөлігінің көлденең қимасында жүргізілді. Серіппенің еркін ұшының көлденең қимасы арқылы қоршаған ортамен жылу алмасу жүреді. Сонымен қатар температураның таралу әсерінен серіппенің ұзындығының өзгеруі есептеледі.
111-115 270
Аңдатпа
Бұл жұмыста Arduino платформасы бағдарламасын қолдану бойынша қызығушылық танытқан ғылыми және инженерлік мамандарды оқытуға талдау жасалады. Зерттеу барысында бұл платформаны дәрістік демонстрацияларда, физикадан зертханалық жұмыстарда қолдануға ыңғайлы және ол робототехниканы бағдарламалау азаматын оқыту үшін оңтайлы. Оқушылардың көпшілігі роботтарды бағдарламалаудың осы платформасы туралы риза және жақсы жауап беретіні анықталды.
115-122 238
Аңдатпа
Жалпы жылу энергиясы мен серпімді деформацияның энергиясын азайту үшін энергетикалық принциптерге негізделген квадраттық элементтің үш тораптардың негізінде математикалық модель, есептеу алгоритмі және екі ұшы қысылған серіппенің көлденең қимасының жылу кернеулігі деформацияланған күйін сандық әдіспен есептелген, қажет жағдайында ішінара жылудан оқшаулану, жылу ағыны мен жылу алмасу процессі зерттелді.
123-128 2140
Аңдатпа
Мақалада нанотехнологияны пайдаланудың болашағы, нанотехнология және наножүйелер туралы негізгі түсініктер қарастырылған және наноматериалдар дамуының басым бағыттары мен жетістіктеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланған. Қазіргі таңда нанотехнологиялар үлкен сұранысқа ие болып отырған салалар қарастырылған. Нанотехнологиялардың көмегімен заманауи есептеуіш машиналар мен өндірістік технологиялардың өндіріліп жатқаны көрсетілген. Нанотехнологияның әр ғылым саласындағы маңызды рөлі және оның жетістіктері нақтыланған.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ

11-16 295
Аңдатпа
Мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы контекстінде отандық тарих ғылымы алдында тұрған қоғам дамуындағы жаңа проблемаларды, жаңа зерттеу объектілерін түсіндіру, шешу жолдарын көрсету, бұрынғы таптық идеологияға негізделген методологиялық әдістер орнына жаңа көзқарас, жаңа методологиялық ізденістер мен инновациялар енгізу, тарих ғылымының басқа қоғамдық ғылым және гуманитарлық білім салаларымен пәнаралық байланысын күшейту, сонымен қатар, отандық тарихнама ғылымының бұрынғы тарихшылар мектебімен сабақтастық дәстүрін сақтау секілді мақсаттары мен міндеттері сараланады.
21-30 238
Аңдатпа
Мақалада лексикалық сөздің және оның семантикалық өзгеруінің мәселесі бойынша ғылыми материалдарды жуйелендіру талданады.
30-35 418
Аңдатпа
Мақалада XX ғасырдағы қазақ зиялы қауымының аса көрнекті өкілдерінің бірі, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы педагог, ғалым Халел Досмұхамедовтың ғылыми мұраларының ішіндегі тарихи тақырыптағы еңбектерге мән беріледі. Х.Досмұхамедов өзінің тарихқа қатысты бірқатар мақалаларында дәстүрлі қазақ қоғамына қатысты ойларын тұжырымдады. Ғалымның еңбектерінен қазақ халқынының әлеуметтік құрылымына, соның ішінде батырлар институтына байланысты айтылған маңызды ақпараттар алуға болады. Атап айтқанда, азаттық көтерілісінің көсемдері Исатай мен Махамбет батырлардың тұлғасына қатысты құнды мәліметтер бар. Мақалада ғалымның еңбектеріне тарихи талдау жасауға мән беріліп, еңбектерінің тарихи-деректік құндылығына назар аударылады.
36-46 263
Аңдатпа
Бұл мақалада Жаңа Өзендегі мұнай өнеркәсібінің негізін салушы, танымал мұнайшы Рахмет Өтесіновтың зерттеу және әдеби мұрасы қарастырылады
46-49 214
Аңдатпа
Бұл мақалада Атырау облысының ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек еткен тұлғалар айтылған.Ауыл шаруашылығы - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі. Атырау облысында шаруашылық саласында рекордтық көрсеткіш көрсеткен тұлғалардың қызметі зерттелді.
50-55 394
Аңдатпа
Бұл мақалада публицист-жазушы Төлеген Жаңабайұлының шығармашылық өмірі мен публицистикалық шеберлігі айтылады. Төлеген Жаңабайұлының шығармалары талданып, жазушылық, ақындық қырлары сөз етіледі.


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)