Мақалада «Сарайшық» музей-қорығының ғылыми қор коллекциясының қалыптасу тарихы қарастырылған және «Сарайшық» музей-қорығы қорында сақталған бірегей жәдігерлерге сипаттама берілген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» - республика көлеміндегі танымал, Атырау облысындағы туристер көп келетін мәдениет ошақтарының бірі.
«Сарайшық» музей-қорығының жәдігерлер топтамасы Қазақстанның материалдық, рухани мұраларын қамтыған.
Қазіргі таңда музей-қорық қорында 4000-нан астам жәдігерлер бар. Олардың көпшілігі Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің баға жетпес құндылықтары болып табылады.
Авторлар коллекцияға жіктеуді ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін талдай келе, оны қалыптастырудың екі негізгі жолын көрсетті. Бірінші және негізгі жолы – археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған артефактілер есебінен коллекцияны толықтыру. Ортағасырлық Сарайшық қаласы орнындағы археологиялық қазба жұмыстары және облыс көлеміндегі басқа да қазба-барлау экспедициялары арқылы. Екінші жолы - экспонаттар санын қарапайым азаматтардан қабылдай отырып «Музейге сый» акциясы есебінен және шет мемлекеттердегі жәдігерлер көшірмелерін алу арқылы. Мақаланың ерекшелігі де республикадағы басқа музейлердегі және шет ел көлемінде әкетілген жәдігерлер туралы жазылуында, олар туралы ақпараттардың берілуі.
Бұл мақала Сарайшықты зерттеуші үшін де, қала тарихына қызығушылық танытушылар үшін де пайдалы ақпарат болып табылады.
Бұл мақала негізгі тіл білімі мен мәдениеті тұрғысынан немістердің, қалмақтардың және британдықтардың ұлттық ойындарының атауларын зерттеуге арналған.
Ойын түрлерінің атауы оның теориялық және практикалық мәнін айқындап анықтайды. Ойын қоғамда маңызды рөлдердің бірі мен бірегей атқаратыны, оның дамуының барлық кезеңдерінде адамды қалыптастыратыны дәлелденді. Ойын атауларының түрлері орны және олардың атаулары тілдік оқуға лингвомәдени көзқарасты дамытуда анықталды.
Неміс, қалмақ және ағылшын ойындарының атауларын талдау, сондай-ақ олардың сипаттамаларын анықтау негізінде ойынның ерекше мәдени құбылыс ретіндегі ерекше мәртебесі жоғары екені анықталады. Оқытылатын тілдердің бұл бағытында жұмыстар кеңінен жүргізілген жоқ. Бұл тақырыпты зерттеу тілдің мәдениетке қалай енетінін, салт-дәстүрлер мен адамдардың өмір салты тілде қалай көрініс тауып, бекітілетінін ашуға мүмкіндік беріліп отыр.
Бұл ақпарат тасымалдаушылар менталитетінің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Тақырыптық негізгі қағида бойынша лексиканы талдау одан әрі семантикалық құрылымды, соның ішінде мәтіндік мәліметтер негізінде жасауға мүмкіндік береді. Бұл мақала аясындағы мәселе лингвистикалық деректер мен мәдениеттің басқа нысандарындағы ақпараттың үйлесуі мәдени-тілдік параллельдерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Мақала студенттерді рухани-адамгершілікке қазақ этнопедагогика мұрасы арқылы тәрбиелеуге арналған. Мақалада «руханилық» және «адамгершілік» ұғымдарының этимологиялық мағынасын антикалық және ортағасырлық ғалымдар мен ойшылдардың еңбектеріне сүйене отырып нақтылаған. Сонымен бірге, зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде қазақтың этнопедагогикалық мұрасын студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің құралы ретінде қарастырады. Ғылыми зерттеулерді талдау нәтижесінде халық шығармашылығын, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, педагогикалық идеяларды, көзқарастарды, тәрбие туралы халық білімін ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған этнопедагогикалық мұралардың рухани-адамгершілік құндылықтары халықтың рухани жай-күйімен тексерілген тарихи тәжірибемен, өмір сүруімен байланысты өмір салтымен ішкі әлемге әсер ететін рухани игіліктер және этнопедагогикалық мұра ретінде қарастырады. Қазақтың этнопедагогикалық мұрасы студенттердің тәрбиесі мен білімін тереңдетуді көздейтін ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісінде кезеңімен жүзеге асыратын дайын тетіктеріне сәйкес жұмыс жүйесін ұсынады. Мақалада болашақ қызметте қажетті қазақ этикалық мінез-құлық қағидаларының мәнін түсіну мақсатында студенттердің білім базасын тереңдетуге мүмкіндік беретін «этноэтикеттің» іскерлік қарым-қатынастағы қазақ этноэтикетінің тәрбиелік маңызы да ашып көрсетіледі. Авторлар ұсынып отырған мақалада көрсетілген қазақтың этнопедагогикалық мұрасын жоғары оқу орны студенттеріне арналған рухани-адамгершілік тәрбие беру жүйесін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының тәжірибесінде пайдалануға болады.
Бұл мақала ұлттық құндылықтарды нығайту үшін басты міндет-үздіксіз білім беруді жаңашылдау, ақпараттандыру, білім беруді одан әрі дамыту, зияткерлікті дамыту, қалыптастыру жөнінде болып отыр.
Ұлттың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру мәселесі кеңінен зерттелген,қаралған, негізгі индикаторлары көрсетілген.
Қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаның қалыптасуы-еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси өркендеуімен бірге келеді.
Ақпараттық технологиялар қарқынды дамуда, білім беруге деген көзқарас өзгеруде, әлем өзгерді. Бүгінгі білім беруге деген көзқарас жаңартылған және әлі де жаңарту мәселесі негізгі орында. Білім беру жүйесі тек қана оқыту емес, бұл жеке тұлғаның адам болып қалыптасуына, дамуына ықпалдылығы мол қоғамдық құбылыс ретінде қарастырамыз.
Мектеп пен жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің білім сапасын жақсарту мәселесі бүгінгі күннің ең негізгі сатысында. Жеке тұлғаның дамуы, қоршаған ортаға бейімделуі - оның қазіргі таңда болып жатқан экономикалық дағдарыс, өзгерістермен қатарласып, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде осы қоршаған ортада қалануы - міне, басты міндет. Сол себепті, еліміздің білім берудегі салалар құрылымдарын жаңашылдау қазіргі қоғамымыздың өркениетті дамуын қамтамасыз ететін басты тетік екенін білеміз.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін білім берудің барлық құрылымын жаңарту қазіргі қоғамның өркениетті дамуын қамтамасыз етудің басты тетігі болып табылады.
Білім беру жүйесі - бұл тек педагогикалық категория ғана емес, сонымен қатар адами капиталды дамытуға орасан зор әсер ететін әлеуметтік құбылыс.
Бұл мақалада болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары теориялық талдаулар арқылы ашып көрсетіледі. Қазіргі заманғы педагогика және психология ғылымында рефлексия мәселесі субъектінің ішкі психикалық актісі мен күйін тану процесі ретінде тереңірек түсінуді қажет етеді. Сондықтан рефлексияның ішкі табиғатын, құрылымын және оны дамыту мүмкіндігін теориялық, практикалық және әдістемелік деңгейде зерттеудің қажеттілігі қарастырылып отырған рефлексия ұғымының өзектілігін айқындай түседі. Рефлексия ұғымының (оның өзіне тән сипаттамасын) және оны дамыту ерекшеліктерін талдау негізінде болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары ретінде рефлексивті іс-әрекетті ұйымдастыру, рефлексивті ортаны қалыптастыру, рефлексиялық ісәрекетке қатысушылардың субъектаралық қарым-қатынасын белсендіру, рефлексивтілікті өзектендіру, бөліп көрсетіледі. Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың педагогикалық шарттары барысында өзіндік «Мен» туралы түсініктері кеңейеді. Олар өзінің іс-әрекетіне қатысты рефлексивті болады және өз сезімдері мен тәжірибесін талқылауда белсенділік көрсетеді, сонымен қатар өзінің абырой-беделі мен ішкі әлеуетін ашады. Осы тұрғыдан алғанда мақалада болашақ педагог-психологтарды кәсіби даярлауда тиімді нәтиже беретін жолдардың бірі – рефлексиясын дамытуда педагогикалық шарттар міндеттері көкейкесті мәселе болып табылатындығы жайлы мазмұндалады.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
Ең алдымен стратегиялық инвестициялық жобалар қаржыландыру көздерінің құрамын, сонымен қатар анықтайтын қаржылық қолдауды қамтиды. Себебі мүліктік қатынас бойынша қаржыландыру көздерінің негізгі бөлігі жүретіні бәрімізге белгілі. Қаржыландыру көздеріне меншікке жататын қаржылар, берешек қаржылар және тартылған қаражаттар жатады.
Инвестициялық қоржын меншікті бағдарламасы болып табылатын трансформациялаудың едәуір бөлігі. Іріктелген салымдық жобалардың жиынтығын осы мекемеде жүзеге асыруға негізделеді. Әрі қарай оңтайлы инвестициялық қоржынның түсінігін қарастыруға болады. Жалпы оңтайлы инвестициялық қоржын деп инвестициялық жобалардың жиынтығын айтуға болады. Ол инвестициядан пайданы қамтамасыз ететін тиімді құрал.
Мүліктік қайта құрылымдау жүзеге асырылады инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы. Олардың әрқайсысы белгілі бір инвестиция көлемімен сипатталады. Инвестициялар дегеніміз - жобаларды жүзеге асыруға салынған қаражат және басқа да капитал.
Мақаланы жазу барысында операциялық мүліктік кешендердің құрылымдық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістері бойынша шаралар кешенін және инвестициялық жобаларды іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсынатын мүліктік қайта құрылымдау бағдарламасы ұсынылды. Мекеменің экономикалық өсу стратегиясына сәйкестелетін және жаңа сапалы жағдайға әкелетін операциялық мүліктік кешенді (ОМК) өзгерту жөніндегі мақсатты үдерістерменшікті трансформациялау болып табылады.
ISSN 2790-332X (Online)