Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 49, № 2 (2018)

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР

13-30 218
Аңдатпа
Мақалада Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабауауылынан 8 км., солтүстіке қарай жатқан обаларға жүргізілген археологиялық зерттеулер баяндалады. Қарабау жерінде қазіргі кезеңде ондаған обалар белгілі. Олар сонау қола дәуірінен бастап, ортағасыр кезеңін дейінгі уақыты қамтыған. Сонымен бірге ерте темір кезеңінің обалары да жеткілікті. Қарабау ауылы жанындағы Жолайшағыл құмынан ерте темір кезеңінің қыш құмырыралары, қару жарақ, зергерлік бұйымдар және алтын әшекейлер табылған. Қарабау жерінде бұл зерттеліп отырған тұнғыш қорған.
40-43 391
Аңдатпа
Мақалада әлем тілдерінің ішіндегі классификациясы екі түрлі тілдердің салыстырмалы грамматикасы қарастырылған. Ағылшын және қазақ тілдеріне анализ жасай отырып, оны оқыту әдістемесі де ұсынылған. Қазақ тілі латын әліпбиіне негізделген жағдайда, оларды меңгерудің методологиялық принциптері басшылыққа алынды.
43-49 233
Аңдатпа
Мақалада Б.Момышұлының абзал қасиеттер мен азамат тәрбиесін тереңнен ойланып, тағылыммен толғанған, парасатты ойшылдығы сипатталады. Қаламгердің даналық сөздерінің ұлттық рухтық маңызы, халықтық педагогикадан алар орны да кеңінен бағамдалған. Сонымен қатар Б.Момышұлының қанатты сөздерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі танымдық мәні талданылып беріледі.
49-55 245
Аңдатпа
МақаладаҚазақстанның батыс аймақтық топономикалық жүйедегі басқа тілден енген атаулардың тарихи-әлеуметтік, лингвистикалық негіздері туралы айтылған.
56-63 185
Аңдатпа
Қазақ поэзиясында ХХІ ғасырда өзіндік стилімен және поэтикалық жүйесімен көш бастап тұрған ақын С.Нұржанның шығармашылық ерекшелігі хақында жазылды.
63-70 310
Аңдатпа
Мақалада Батыс өңірін мекендеген қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері және олардың басқа өңірлермен салыстырғандағы ерекшеліктері туралы айтылған.
70-73 224
Аңдатпа
Мақалада қытай тіліндегі сөз тіркестерінің жіктелуі туралы жазылған. Қытай тіліндегі сөз тіркестеріне әр лингвисттердің көзқарастары беріледі. Сөйлемдердің сөз тіркестерінің деңгейінде талдаудың қиындықтары туралы айтылады. Сөз тіркестерінің қай конструкцияға жататыны туралы лингвисттердің ойлары беріледі.
74-78 374
Аңдатпа
Берілген мақала көлемінде ұлтымыздың сан ғасырлық жемісі мақал-мәтелдердің құрамындағы архаизм сөздердің лексика-семантикалық топтары қарастырылған. Мақал-мәтелдердің идеялық-эстетикалық мән - мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдіреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады.
78-82 356
Аңдатпа
Берілген мақала көлемінде жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы соғыс шындығы талқыланды. Соғыс тақырыбына арналған еңбектері сараланды. «Ақиқат пен аңыз» романы басты нысанға алынды.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

83-87 240
Аңдатпа
Әлемнің тілдік көрінісінде тұжырымдамалық ұқсастығы мен ерекшеліктері және тілдік бірліктер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде «күшті, батыл, жігерлі, батырлық, шабыт» сияқты лексикалық-семантикалық топтарға бөлінеді. Лингвистикалық мәдениеттердегі осы тұжырымдардың арасында болу және белгілі бір қатынастарды растайды. Әлемнің қазақ, орыс және ағылшын ұлттық суреттерінің негізін құрайтын мәдениет бейнесі ретінде концепцияның зерттеу және іргелі мәдени тұжырымдамалардың бірі болып табылады, бұл адамдардың ойлау мен рухани өмірінің этникалық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ

111-118 238
Аңдатпа
Жаңа деңгейге көшірілген мемлекеттік мекемедегі еңбекақы жүйесі еңбекақының нәтижелеріне, материалдық ынталандырудың нышанына, жүйесіне және көлеміне жаңаша сипат берді.

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

123-126 220
Аңдатпа
Вентилді асинхронды қозғалтқыштың қоздыру орамасының қоректендіруін қамтамасыз ететін жиілікті түрлендіргіштің математикалық моделі құрастырылды және зерттелді. Matlab моделдеу ортасымен жұмыс жасау барысында электр қозғалтқышты іске қосу кезіндегі айналу жиілігін реттейтін электрлік схема құрастырылды. Осы электрлік схема бойынша параметрлерді өлшеу жүзеге асырылды.
127-133 215
Аңдатпа
Бұл мақалада BorlandC++ Builder ортасында веб-браузер жасақтау, компоненттер және олардың мүмкіндіктерін қосымша жасауда қолдану туралы айтылған.
133-139 218
Аңдатпа
Мақалада робототехника элементтерінің физикалық және логикалық принциптерін түсіндірудің қарапайым мысалдары қарастырылады. Пәнге деген қызығулықты арттыруға жасақталған тәжірибелік тапсырмалар келтірілген.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

140-146 300
Аңдатпа
Салауатты өмір салтын сақтау үшін дәрілік өсімдіктерді қодану маңызды. Негізгі себебі қазіргі кезде дәрілер өте қымбат және оларды ұзақ уақыт қолданатын болсақ адам ағзасына таблеткалар кейбір дәрілер теріс әсер етеді. Қазіргі кезде дамдар дәрілік шөптерді көп қолданады, оларды уақытында қабылдау ағзаны көптеген аурулардан емдейді.
151-155 219
Аңдатпа
Автокөлік жолдар құрылысының қажеттілігі битум өндірісінің үлкен сұранысына әкеліп соқтырады. Битум өндірісі мұнай өңдеу саласының негізгі бір бөлігі болып табылады. Сондықтан мұнай өңдеу процесі май фракциясының терең өңдеуімен сипатталады, соның нәтижесінде битумды алуға арналған май фракцияларына қосалқы жүретін қалдықтар, оның сапасынының төмендеуіне әкеледі, автокөліктердің көбеюі жолға үлкен әсер етеді, жолға көп жүктің түсуі пайдалану сапасын жақсартуға әкеледі.


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)