Preview

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы

Кеңейтілген іздеу
Том 51, № 4 (2018)

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР

15-21 285
Аннотация
Мақалада Атырау өңірінің құрметті азаматы, әдеби мұра және әдебиет тарихын зерттеуші, жинаушы, жариялаушы профессор Сабыр Қазыбайұлының ғылыми-зерттеу еңбектеріне тоқталып, бүгінгі таңдағы орны зерделенеді. Сонымен бірге С.Қазыбайұлының ұстаздық ұлағаты, ұлттық қазынамыз - тілді зерттеудегі ғылыми еңбегінің мәні де айқындалып беріледі. Ғалымның ғылыми-әдеби еңбегі, өмір жолы өзінен кейінгілерге өнеге, болашақ филолог мамандарға үлгілік сипаты сараланады.
21-26 212
Аннотация
Мақалада жазушы, публицист А.Тоқмағамбетовтың шығармаларына тоқталдық. Өзге де ұлы адамдардың пікірлері арқылы, Тоқмағамбетовтың әдебиеттегі ойып алар орнынан бөлек, адами қасиеттерін де дәлелдей түстік.
34-40 227
Аннотация
Мақалада БАҚ беттеріндегі экономикалық терминдерге түсінік жасалды. Қазіргі таңда заман талабына сай жаңа терминдермен танысып, және өзге тілден енген кірме терминдер де қарастырылды.
40-53 431
Аннотация
Мақалада жетімдер үйінде тәрбиеленіп отырған сәбилердің құқығы туралы айтылады. Сонымен қатар балалар үйіндегі тұрмыстық жағдайлардың оңтайландыру әдіс-тәсілдері де қарастырылған. Ұлыбритания секілді алып елдердің тәжірибесін де салыстырмалы түрде қарастырдық.
59-66 249
Аннотация
Мақалада қазақстандық тарих ғылымындағы тұлғатану мәселелері және тұлғатанудың теориялық-методологиялық мәселелері баяндалады. ХХ ғасыр басындағы халық-ағарту интеллигенциясының қалыптасуы тарихнамадағы соны ізденістер негізінде зерделенеді.
66-75 354
Аннотация
Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Новобогат ауданының жеңісті жақындатуға қосқан үлесі туралы қарастырылады.
75-82 272
Аннотация
Мақалада 1960-80 жылдары әдебиеттің проза жанрына өзінің елеулі үлесін қосқан, өмір шындығын бейнелеуде қалам тербеген жазушы Т.Әбдіковтың шығармаларының суреткерлік шеберлігі сөз болады. Туындыларының тілдік, стилдік ерекшелігінің бірі шығармада қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер және көркемдік форманың жекелеген элементтері - теңеулер мен эпитеттерді, басқа да бейнелеуіш сөз өрнектерін шығарма мәтініне, кейіпкер сөзіне, авторлық баяндауларда орын табуы
90-97 241
Аннотация
Бұл мақалада оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытуды ұйымдастырудың жалпыдидактикалық принциптерін басшылықта ұстау және түрлі әдістерді тиімді қолданудың маңыздылығы туралы айтылады.

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР

131-135 663
Аннотация
Бұл мақалада су негізгі тіршілік көзі болғандықтан, судың биологиялық айналымы және қазіргі кезде су қорларының ластануына байланысты суды тазалаудың технологиялары және қорғау шаралары баяндалады. Экологиядағы өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарының жағдайы болып табылады. Су ресурстарының болуы мен жай-күйі елдің экономикалық дамуына әсер ететін өмірлік маңызды фактор болып табылады. Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының жалпы жай-күйі мен сапасы айтарлықтай нашарлайды және олардың қарқынды ластануы қоршаған ортаға жойқын әсер етуі мүмкін. Республиканың барлық су объектілерінің сапалы жай-күйі, өндірістің құлдырауына және сарқынды су объектілерінің азаюына қарамастан, қанағаттанғысыз қалып отыр.


ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)