
Журналдың құрылтайшысы және баспагері — «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ
Журнал Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген. 14.02.2003 ж. №3631-Ж есепке қою туралы куәлік. 2022 жылғы мамырда журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде қайта тіркелді. 04.05. 2022 жылғы № KZ21VPY00048733 баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік.
Журнал халықаралық мерзімді басылымдар орталығында тіркелген, online ISSN 2790-332X, ISSN 2077-0197 баспа нұсқасының индексі бар.
Журналда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің, эксперименттік әзірлемелердің нәтижелері, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша ғылыми-ақпараттық материалдар жарияланады: тарих және археология, педагогика және психология, экономика және құқық.
«Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Хабаршысы» ғылыми журналының «тарих және археология», «педагогика және психология», «экономика», «құқық» бағыттары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдардың тізімі) кіреді.
Бағыттардың ҚР БҒМ БҒСБК ұсынылған журналдар тізіміне енгізілу мерзімі:
- «Тарих және археология» - қаңтар, 2023 жыл. Бұйрық №263, 02.2024 ж.
- «Экономика» - қазан, 2023 жыл. Бұйрық №177, 002.2024 ж.
- «Педагогика және психология» - сәуір, 2024 жыл. Бұйрық №374 26.03.2024 ж.
- «Құқық» - қаңтар, 2024 жыл. Бұйрық № 494 29.05.2024 ж.
Ағымдағы шығарылым
ЖАРИЯЛАНДЫ: 27.06.2025.
Бүгінгі жаңа халықаралық қатынастар жүйесінде Орталық Азия өзінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің алпауыт мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызы бар аймақ болып отыр. Бұл ең алдымен аймақтың географиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи, мәдени факторлар қызметіне қарай геосаяси және геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып отыр. Сондықтанда аймақтың стратегиялық маңызы зор.
Екіншіден, Орталық Азия теңізге тікелей шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ. Әлемнің теңіз жолдарына тек көрші мемлекеттер арқылы шыға алады. Сондықтанда Орталық Азия мемлекеттері үшін, көрші елдермен байланыс орнатудың мәні қаншалықты екендігі айтпасада түсінікті.
Үшіншіден Орталық Азия аймағы табиғи ресурстарға өте бай аймақ болып отыр. Табиғи
ресурстардың ішінде, мұнай, газ, түсті металдар, және басқада пайдалы қазбалар көздері бар. Орталық Азия елдерінде ауыл шаруашылық дақылдарға мақта, астық, көкөніс және т.б. экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы. Сондықтанда ауыл шаруашылығы зор экономикалық әлеуетке ие.
Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда Орталық Азия аймағы өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі және ислам мәдениеттерімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс өркениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
Мақаланың мақсаты Түркияның Орталық Азияға тығыз ықпалдасуын ашу, экономикалық қатынастарды дамыту және өңірдегі саяси ықпалды күшейту болып табылады. Ғылыми мақаланың өзектілігі ең алдымен Түркия мен Орталық Азия аймағының қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаясат тұрғысынан алғанда - Түркия мемлекетінің қазіргі дамуы, әлемнің негізгі геосаяси күштерімен қарым-қатынасы стратегиялық маңызды мәселе және оның Орталық Азия байланысты ұстанып отырған саясаты да үлкен өзектілікке ие.
Мақала еліміздің музей саласының тарихын зерттеуге бағытталған. Соның ішінде Қазақстан музейлерінің ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттауға бағытталған көрме ұйымдастыру қызметін жан- жақты ашып көрсетуді мақсат тұтады. Тақырыпты зерттеу барысында пайдаланылған әр түрлі тарихи дереккөздердің ерекшеліктері сипатталып, көрме ұйымдастыру қызметінің зерттелу дәрежесіне шолу жасалады. Мақалада ХІХ ғасырдың І ширегінен бастап Қазақстандағы алғашқы музейлердің ашылуы, олардың бастамасымен ұйымдастырылған экспозициялық-көрме жұмыстары жан-жақты талқыланады. Сондай-ақ жергілікті интеллигенция өкілдерінің, мәдениет жанашырларының қазақ халқының тарихы мен бай мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға қосқан үлесі қарастырылады. Мақаланың тағы бір бөлімі кеңестік замандағы музей құрылысын, мемлекеттік идеологияның көрме қызметіне әсерін зерттеуге арналады. Музейлер санының артуы, бір жүйеге келтірілуі сияқты жетістіктермен қатар көрме ұйымдастыру қызметінде орын алған түрлі қиындықтар архив құжаттары, нормативтік-құқықтық актілер, статистикалық деректер негізінде көрсетіледі. Кеңестік кезеңде үстемдік еткен қатаң мемлекеттік бақылау мен цензураның, материалдық-техникалық және қаржылық мәселелердің музей ісіне әсері зерделенеді.
Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі музей саласында жүргізген жаңа реформалары, олардың көрме ұйымдастыру қызметіне әсері зерделенеді. Отандық тарих пен мәдениетті ұлттық мүдде тұрғысынан насихаттауға бағытталған көрмелердің тақырыптық, құрылымдық ерекшеліктері, музейлер қорындағы жәдігерлердің көрмеге шығарылу көрсеткіштері қарастырылады. Әсіресе республикалық және өңірлік музейлердің шетелдік көрмелерге белсене қатысуы, халықаралық деңгейде өтетін көрмелердің тақырыптық ерекшеліктері талданады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шыңжаңда кішігірім мемлекеттердің бірі болған Құлжа (Іле) сұлтандығы өте аз уақыт өмір сүргенімен, ол аймақта бірқатар саяси факторлар мен тарихи процестердің орын алуына түрткі болды. Оның ішінде мемлекет құру жолдарын ұйымдастырып, аймақта дербес өмір сүруге талпынған ұйғырлар мен дүнгендердің саяси қимылдарынан туындады. Бұл кезде Шыңжаңдағы Іле өңірінде әр түрлі халықтар өмір сүріп, олардың ең негізгісі ұйғырлар мен дүнгендер болды. Іле өңіріндегі ұйғырлар мен дүнгендер Қытайдың қысымынан құтылу үшін көтеріліске шықты және олардың арасында қазақтар да болды. Құлжа сұлтандығының құрылуына тікелей себепкер болған ұйғырлар (тараншылар) мен дүнгендердің көтерілісі отандық ғылымда маңызды тақырыптардың бірі саналады. Ұсынылып отырған ғылыми мақала мақсаты - ХІХ ғасырдың 60-жылдары Іле өңіріндегі ұйғырлар мен дүнгендердің дербестік үшін көтерілісінің тарихы қарастыру, көтерілістің саяси себептеріне және оның барысы мен нәтижелеріне жаңадан ғылыми талдау жасау. Осы кезеңдегі Іле өңіріндегі басқа да түркі-мұсылман халықтарының саяси- әлеуметтік жағдайы мен олардың тағдырына тарихи баға беріледі. Сонымен қатар, Іле өлкесінде болып жатқан саяси мәселелерге қатысты Ресей империясының саясаты көрсетіледі.
Мақалада кәрістер отбасыларының тізімі көпсалалы зерттеулердің маңызды көзі ретінде тарих ғылымына алғаш рет шығарылып, қарастырылады. 1990 жылы «өте құпия» айдарымен кәрістердің депортацияланғаны туралы көптеген жылдар бойы сақталған жазбалар жарияланды, бірақ отбасылық тізім арнайы зерттеулердің тақырыбы болған жоқ, ол туралы тек кейбір басылымдарда айтылды. Ақпараттардың шектеулі болуына қарамастан, он мыңдаған адамдардың тізімі 1937 жылғы шығарылу ілімдерін анықтау және кәріс халқының демографиялық көрсеткіштеріне қатысты жаңа мәселелерді қарастыру үшін жан- жақты материал бере алады, оның ішінде кәріс отбасыларының орташа саны, олардың құрамы, кәріс балаларының саны және т. б. Депортацияланған кәрістердің тізімінде тегі ( әкесінің аты), аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), антропологиясы, кәріс тайпаларының транскрипциясының ерекшеліктері, орыс тілінде айтылатын жалпы атаулардың формалары, депортацияланған кәрістердің азаматтығы тақырыбы белсенді және негізгі болып табылады, өйткені ол зерттеу дискурсында «ақталды». Бұл мәселедегі пікірлер түбегейлі қарама-қайшы. Көптеген авторлар депортацияланған кәрістер КСРО азаматтары емес, керісінше, кәрістердің көпшілігі ересектер және кеңестік төлқұжаттары болған деп санайды. Вагондар тізімінде көптеген төлқұжаттар мен шот-фактуралар бар, олардың негізінде кәрістердің көпшілігі КСРО азаматтары екені анық. Мақалада Ресей Федерациясының мұрағаты тізімдерінің бір бөлігі ғана пайдаланылады, сондықтан әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар деңгейінде осы саладағы дереккөздерді іздеуді жалғастыру қажет.
Бұл мақалада кеңестік тарихнаманың қазақ тарихына тигізген ықпалы жан-жақты қарастырылады. Кеңес кезеңіндегі тарихи зерттеулер төрт негізгі кезеңге бөлініп талданады: 1930-1950 жылдардың ортасы, 1950-1960 жылдар, 1960-1980 жылдар және 1980 жылдардан кейінгі қайта құру кезеңі. Зерттеуде әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері, идеологиялық ұстанымдары мен ғылыми еңбектерге қойылған цензура талданады. Кеңес билігі жүргізген тарихнамалық саясаттың нәтижесінде қазақ тарихына қатысты зерттеулерде бұрмалаушылықтар орын алғаны анықталады. Сонымен қатар мақалада кеңестік биліктің тарихи зерттеулерге жасаған ықпалына ерекше мән беріледі. Кеңес дәуірінде тарих ғылымы коммунистік идеологияға негізделіп, тарихи деректердің объективті зерттелуіне шектеу қойылды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарының сипаты кеңестік кезеңде бұрмаланып көрсетілген. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігіне нұқсан келтіретін идеологиялық шектеулер енгізіліп, ресми тарихнаманың біржақты ұстанымы қалыптасты.
Зерттеудің негізгі мақсаты – кеңестік тарихнаманың қазақ тарихын зерттеуге ықпалын талдау және тарихи еңбектердегі цензура мен идеологиялық шектеулерді көрсету болып табылады. Әр тарихи кезеңде қазақ тарихына қатысты зерттеулер қалай жүргізілді, қандай өзгерістер орын алды деген сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен қатар, И.Сталин мен Л.Брежнев кезеңіндегі саясаттың тарихи дискурсты қалыптастырудағы рөлі қарастырылады. Қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарының бұрмалануы, Ресей империясының отарлық саясатының ақталуы сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады.
Зерттеу нәтижесінде кеңестік тарихнаманың социалистік идеология үстемдік еткенін, қазақ тарихын объективті түрде зерттеуге кедергілер болғанын көруге болады. Кеңестік билік мәдени ассимиляция мен орыстандыру үдерістерін негіздеп, ұлттық тарихты екінші кезекке ығыстырды. Қазіргі заманғы зерттеулерде бұл мәселелерге жаңаша көзқарас қажет екендігі, кеңестік тарихнаманың ықпалын қайта қарастырып, жаңа методологиялар мен кешенді зерттеу әдістерін енгізу қажеттілігі атап өтіледі.
Мақала тұлғатану бағытында жазылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Алаш зиялылар қауымы қазақ қоғамының дамуына елеулі өзгерістер әкелді. Алаш интеллигенция өкілдерінің саяси күрес алаңындағы басты мақсаты – ұлтты ұйыстыру, бейбіт жағдайда азаттығымызды айқындау, сол арқылы қазақтың рухани өміріндегі маңызды салалар – оқу-ағарту, ана тілі, дәстүр-салтымызды сақтау мәселелері тұрды. Мақалада Хайретдин Болғанбаевтың ағартушылық жолдағы қызметіне қатысты мәліметтер архив құжаттары негізінде баяндалады. Зерттеу мақсаты – ұлт зиялыларының қатарында тәуелсіздік жолында аянбай күрескен Алаштың көрнекті қайраткері Хайретдин Болғанбаевтың өмірі мен ағартушылық қызметін тарихи деректер негізінде зерделеу, ағартушылық жолдағы қызметін және Алаш зиялыларымен бірге жасаған қоғамдық-саяси еңбегін көрсету болып табылады. Нәтижесі ретінде архив қорларынан алынған деректер арқылы Хайретдин Болғанбаевтың Қызылжар қаласындағы оқытушылық қызметі туралы кеңінен зерттелді. Алаш қайраткерлері аңсаған халықтың сауатты болуы жолындағы қажырлы еңбегін атап өтуге болады. Қайраткердің өмірі қиындықтарға толы күрестер мен тартыстардың ортасында өтті. Дегенмен, өзінің қажырлы күрескерлігінің арқасында ұлт жолындағы еңбегін абыроймен атқарып, артында мол мұра қалдырған қоғам қайраткері ретінде тарихта ізі қалды.
Мақалада Қазақстан ауыл селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің тарихи-демографиялық және әлеуметтік келбеті сөз болады. Мақаланың аумағы соғыстан кейінгі кезеңді яғни 1946-1991 жылдарды қамтиды. Авторлар экскурс ретінде соғысқа дейінгі жылдардағы интеллектуалдық әлеуеттің жұтаңдығына тоқтала келіп, соғыстан кейінгі жылдардағы интеллектуалдық әлеуеттің даму сатыларына толықтай мәлімет берген. Оның тарихи-демографиялық және әлеуеттің келбеті архив деректерімен, статистиқалық мәліметтермен бекітілген. Интеллектуалдық әлеуеттің дамуына халықтың біліми-мәдени деңгейінің өсуінің ықпалына ерекше көңіл бөлінген. Осы орайда объективтік қажеттілік пен мемлекеттік қолдаудың бір жерден шыққандығы фактілермен дәлелденген. Бұл сәйкестік өзінің жемісін беріп, Қазақстан ауыл- селосындағы интеллектуалдық әлеуетке арқау болған маман кадрлардың оқып, өсіп жетілуі фактылармен көрсетілген. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіндегі интеллектуалдық әлеуеттің өсуі, оның ерекшеліктері мен көлеңке жақтары әсерлі баяндалған. Сонымен бірге мақалада аграрлық жұмысшылар санындағы колхозшылардың санының азаюы, азаю себептері цифрлар арқылы келтірілген.
Мақаланың мақсаты 1946-1991 жылдары Қазақстанның ауылдары мен ауылдарының зияткерлік әлеуетінің әлеуметтік, тарихи және демографиялық бейнесін, сапалы әлеуметтік сауықтыру және одан әрі дамуын зерттеу. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтар, оның ішінде білім мен мәдениеттегі өзгерістер әсерлі баяндалған. Ауыл селоның интеллектуалдық әлеуетінің қаладан артта қалуының себептері тарихи документтер арқылы зерделенген.
Аңдатпа. Қазақ даласы мен Түркістанның Ресей империясы тарапынан біртіндеп отарлануы күрделі әскери-саяси және рухани-мәдени өзгерістермен қатар жүрді, олардың ішінде ислам факторы жүйе қалыптастырушы элементке айналды. II Екатерина тұсында жарияланған түркі-мұсылман халықтарының діни институттарына араласпау принципіне қарамастан, кейінгі онжылдықтарда жергілікті халықты орыстандыру мен шоқындыру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылды. Рухани интеграцияның жүйелі құралдарының бірі ретінде «Жарғы молдаларын» тағайындау қалыптасты. Бұл мұсылман дінбасылары империялық биліктің әкімшілік және нормативтік нұсқауларын діни тәжірибелер арқылы жеткізу үшін арнайы бекітілген критерийлер негізінде таңдалған тұлғалар еді. «Жарғы молдалардың» қызметін екі кезеңге бөлуге болады: XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың соңын қамтыған алғашқы кезең кәдімшілер бәсекелестікке бағытталған болса, ХХ ғасырдың басындағы жәдидтік қозғалысының күшеюімен байланысты екінші кезең реформаторлық бастамалар мен дәстүршіл тәсілдер арасындағы қарама- қайшылықтармен ерекшеленді. Бұл үдерісте татар және башқұрт зиялыларының, сондай-ақ жергілікті молдалардың рөлі ерекше болды. Олардың қызметі мектептер, медреселер мен мешіттер салуды, сондай-ақ түркі-мұсылман халықтары арасында империялық нормативтік актілерді енгізуді қамтыды. Мақаланың мақсаты - Ресей империясының отарлық саясаты жағдайында түркі-мұсылман қоғамындағы «жарғылық молдалардың» қызметін зерттеу. Зерттеу мұрағат құжаттарды контент-талдау, тарихнамалық шолу және салыстырмалы талдаудан тұратын әдіснамалық синтезге негізделген. «Жарғы молдалардың» дәстүршіл және реформаторлық ағымдармен өзара әрекетін талдау түркі-мұсылман қоғамының күшейіп келе жатқан отарлық жағдайындағы әлеуметтік-мәдени өзгерістерге бейімделу механизмдерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл бейімделудің ерекшеліктерін анықтау Ресей империясының отарлық саясаты аясындағы рухани-мәдени интеграция мен қарама-қайшылық үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.
Әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін сипаттайтын, қайталанбайтын, тек өзіне тән айқын белгісі болатыны тәрізді, көшпелі қоғамның да ерекше ұстанатын ұстанымдары болды. Ұланғайыр далада тыныштық пен сақтықты, достықты сақтаудың да, әр істі орындаудың да, айтқан сөзге тұрақты болудың да өзіндік жолдары қалыптасқан. Сондай әлеуметтік құрылымды үйлестіруші институттардың бірі – ант. Мақалада түркі-моңғол халықтары мысалындағы анттың көрінісі, тарихи әрі өмірлік маңызы және оның жеке адамның ғана емес, ел өміріндегі атқаратын қызметі жайында деректер мен зерттеулерге негізделе отырып қарастырылады. Зерттеудің мақсаты ортағасырлық түркі және моңғол халықтарының әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді ант институты негізінде ашып көрсету болып табылады. Ал осы мақсаттан туындайтын міндеттер келесі тізбені құрайды: ортағасырлық түркі және моңғол халықтарының әлеуметтік құрылымын, қарым-қатынас мәселелерін реттестіруші институт анттың көшпелі қоғамдағы орны мен маңызын фольклорлық деректер мен жазба дерек беттеріндегі мәліметтер негізінде ашып көрсету; ерекшеліктері мен өзара ықпалдастықтарын зерттеу. Көшпелілер қоғамының өзара ұйымдасуының өркениеттік ерешеліктері туралы жаңашыл тұжырымдар басшылыққа алынып қарастырылады. Мақалада қарастырылған ант ұғымы ел мен жер тағдырын, ер тағдырын анықтауда тұлғалардың жеке емес, қоғамның ажырамас бөлшегі ретінде көпшілікпен санаса әрі бір-біріне тәуелді бола отырып, көшпелі қауымның ортақ игілігін іске асыруда өзара бір-бірін қолдаудың және анты мен әрекетіне берік болу арқылы оның кепілі ретінде көрсетілетін әрекетімен елдегі мәселелерді шешуге ықпал жасаудың принциптері түркі-моңғол халықтарының мысалында тұжырымдалады.
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Ғылыми ойлау орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытуда маңызды рөл атқарады, өйткені ол оқушыларға ғылыми құбылыстарды түсіну және талдау үшін қажетті танымдық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Физика сияқты пәндерде бұл түрдегі пайымдауды қалыптастыру оқыту үдерісінде маңызды болып табылады. Бұл зерттеу Гвадалахара университетінің Запопан орталық аймағындағы орта мектеп оқушыларының ғылыми пайымдау деңгейлерін бағалауға бағытталған. Осы мақсатта осы оқу орнына қарасты алты орта мектептің күндізгі бөлімінің екінші семестрінде оқитын n = 351 оқушысына Сыныптағы ғылыми пайымдау тесті жүргізілді. Нәтижелер 336 оқушының ғылыми пайымдау деңгейлерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көрсетті (p = 0,667 > 0,05), бұл оқушылардың эмпирикалық-индуктивті пайымдауға негізделетінін айқындады. Бұл нәтижелер сыныптағы стратегиялар мен іс-әрекеттерді енгізу қажеттілігін көрсетеді, олар комбинаторлық және корреляциялық ойлауды, сондай-ақ айнымалыларды бақылау қабілетін дамытып, ғылыми ойлаудың жоғары деңгейлеріне қол жеткізуге ықпал етеді.
Мақалада программалау курсы бойынша студенттердің программалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бағалау жүйесін жасау мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – программалаудан студенттердің когнитивтік, практикалық және алгоритмдік дағдыларын әділ әрі тиімді бағалауға мүмкіндік беретін дескрипторлық бағалау жүйесін жасау.
Кешенді талдаудың нәтижесінде студенттердің программалау дағдыларын нақты бағалауға мүмкіндік беретін программалау курсының айнымалылар мен деректер типтері, шартты операторлар, қайталау құрылымдары, функциялар және параметрлер, қателерді өңдеу мен енгізу/шығару сияқты негізгі бөлімдері таңдалып алынды. Осы бөлімдер негізінде студенттердің білімін бағалау критерийлері және Блум таксономиясының когнитивтік деңгейлеріне сәйкес келетін құрылымдалған бес деңгейлі дескрипторы жасалды. Бұл студенттердің тек теориялық білімін емес, сонымен қатар практикалық шешім қабылдау, логикалық құрылым құра білу және алгоритмдік ойлау қабілеттерін кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді. Дескрипторлар тілдік бейімдеуге икемді етіп құрылып, программалау тілдерінде бағалаудың бірізділігін қамтамасыз етеді.
Жүйе оқытушыларға бағалау үдерісін жүйелі түрде ұйымдастыруға көмектеседі, ал студенттер үшін оқу мақсаттарын нақты түсініп, жеке оқу траекториясын дамытуға бағыт береді, сонымен қатар алдағы оқу кезеңдеріне сапалы дайындалуға ықпал етеді.
Жаттығулар мен когнитивті қабілеттер арасындағы байланыс - бұл жақында ғана ашыла бастаған маңызды зерттеу тақырыбы. Мақаланың мақсаты-графомоторлық дағдыларды және олардың электронды қосымшаны қолдана отырып, балалардың интеллект деңгейіне әсерін зерттеу. Мақалада авторлар электрондық саусақ қосымшасын қолданғаннан кейін алынған графомоторлық дағдылар туралы мәліметтерді қолдана отырып, балалардың IQ деңгейін есептеумен тәжірибе жасады, бұл электрондық қосымшаның ұсақ моториканы дамытуға және тапсырмаларды орындау дәлдігіне бағытталғанын ескере отырып, стандартты Векслер шкаласы әдістерін қолдану негізінде жасалуы мүмкін. Авторлар балаларға арналған Векслер интеллект шкаласының (WISC-IV) екі IV субтестін қолданды. Екі WISC-IV субтесттері -
«Блок дизайны «және» Алфавиттік үлгі « — басқа когнитивтік функциялармен мағыналы корреляцияны көрсетті, бұл олардың балалардағы графомоторлық және когнитивтік дағдыларды бағалаудағы маңыздылығын растайды. Графомоторлық дағдылар оқу үлгерімі мен когнитивті функцияға әсер ететіні көрсетілген. Нәтижелер физикалық дағдылар мен танымдық қабілеттердің әртүрлі аспектілері арасындағы байланысты зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.
Мақалада студенттердің, университеттердің, мемлекеттің және жұмыс берушілер ұсынатын заманауи еңбек нарығының сапалы біліміне деген қызығушылықтары туралы сұрақтар ашылып отыр. Жұмыста автор негізгі назарды білім беру бағдарламаларының әлеуетті тұтынушылары – студенттер мен жұмыс берушілер талаптарының нарықтық конъюнктураның өзгеруіне аударады. Оқыту нәтижелеріне және олардың еңбек нарығының үнемі өзгеретін жағдайларына сәйкестігіне үлкен көңіл бөлінеді. Мақаланың мақсаты түлектердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда ЖОО-ның жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет тәжірибесін зерттеу болып табылады. Зерттеу тапсырмасы ретінде авторлар жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларын талқылауға қатысуының негізділігін бағалау әрекетін анықтады, тиісті ғылыми- педагогикалық эксперименттер жүргізді. Автор университеттер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту тенденцияларына және олардың кәсіби дағдылар мен дағдыларды қалыптастыруға ықпалына жалпылама сипаттама береді. Бұл бағыт сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының оқу нәтижелерін бағалауға ықпалы мен білімін жаңартуға, жоғары оқу орындары түлектеріне қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай кәсіби өсуге ұмтылуын ескерумен толықтырылады. Жұмыс берушілердің университеттік білім сапасын қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәселе әлі де даулы болып отырғаны белгілі, дегенмен университеттер өзекті мәселелерді шешуге практиктерді жиі тарта бермейді, мұны кафедраның құзыретті профессорлық-оқытушылар құрамы ынталандырады.
Мақала мақсаты - кәсіпкерлік құзыреттерді кәсіби даярлау үдерісіне кіріктіруге бағытталған университеттік білім беру аясында болашақ мұғалімдердің кәсіпкерлік белсенділігін дамытуға арналған моделін қарастырып, ұсыну. Зерттеудің өзектілігі педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттердің инновациялық білім беру ортасы мен олардың кәсіби қызметіндегі жаһандық өзгерістер талаптарына сәйкес келетін дағдыларды дамыту қажеттілігімен айқындалады. Зерттеу барысында модельдеу әдісі қолданылды, ол тәсілдерді жүйелеуге және модельдің негізгі құрамдас бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді. Мақсаттық компонентте болашақ педагогтардың білім беру жобаларын сәтті жүзеге асыруы үшін қажетті уәждеме мен кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған мақсат пен міндеттер айқындалады. Мазмұндық компонентке когнитивтік, уәждік-құндылықтық және әрекеттік блоктар кіреді, бұл студенттердің білімі, уәждемесі, тәжірибелік біліктері мен дағдыларын кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Үдерістік компонент қазіргі заманғы педагогикалық тәсілдерге (құзыреттілік, тұлғалық-бағдарлы және жобалық-әрекеттік) сүйенеді, сондай-ақ оқыту қағидаттары, әдістері, педагогикалық шарттары, ұйымдастыру формалары мен құралдарын қамтиды, олардың барлығы студенттердің кәсіпкерлік әлеуетін тиімді дамытуға ықпал етеді. Бағалау-нәтижелік компонент кәсіпкерлік құзыреттердің қалыптасу деңгейін бақылауға және бағалауға бағытталған. Сызбалық бейнелеу модель компоненттерінің құрылымы мен өзара байланысын көрсетеді. Бұл модель педагогика мамандығы бойынша оқитын студенттерден тұратын шағын пилоттық топта алдын ала сыналды, бұл оның қолданбалығын және өзектілігін растады. Модельді енгізу болашақ педагогтардың кәсіпкерлік қызметке дайындығын, көшбасшылық қасиеттерін, креативтілігін және білім беру ортасының қарқынды өзгерістеріне бейімделу қабілетін арттыруға септігін тигізеді.
Екі ел - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы білім беру ортасын цифрландыру жағдайында химик — студенттер мен оқытушылардың асинхронды өзара іс-қимылының аспектілері талқыланады. Асинхронды өзара әрекеттесу химияның символдық-графикалық тілін, нақты схемалар мен графиктерді қолдана отырып, хабарламалар мен оларға қоса берілген файлдармен алмасуды қамтиды. Химия пәні бойынша студенттердің ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту қажеттілігі туралы айтылады. Зерттеу мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы студенттер мен оқытушылардың химиялық пәндер бойынша өзіндік жұмыс процесінде электрондық білім беру ортасының ресурстарын пайдалануды талдау болып табылады.
Күндізгі оқу форматында студенттер мен химия оқытушыларының қашықтықтан өзара әрекеттесу ерекшеліктері зерттелді. Химия факультеті студенттерінің пәндерден студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары бойынша химиялық реакциялардың теңдеулерін, толық және қысқартылған иондық теңдеулерді, реакция механизмдерін жазу сияқты химияның символдық тілін пайдалана отырып мәтін түріндегі тапсырмаларды орындайтыны көрсетілген; сондай-ақ графикалық, мысалы, атом және гальваникалық элемент диаграммалары; тәжірибелік зертханалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы графиктер мен графикалық есептеулер. Оқытушылардың көпшілігі Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің қашықтықтан оқытуды қолдау орталығында, Абай атындағы ҚазҰПУ-де
«Универ» жүйесінде студенттердің өзіндік жұмыстарға арналған материалдар мен тапсырмаларды орналастыратыны анықталды, алайда оқытушымен өзара асинхронды әрекеттесу үшін студенттер электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер. Жіберілген материалдар негізінен фотосурет немесе қолмен жазылған мәтіннің сканерленген көшірмесі немесе мәтіндік форматтағы цифрлық құжат болып табылады. Химия мамандығының студенттерінде химиялық формулаларды жазу және өңдеу, графиктерді құру және өңдеу үшін электрондық ресурстарды пайдалануда білім мен дағдылар жеткіліксіз. Оқудың бірінші семестрінен бастап, «Химия» пәні бойынша ақпараттық құзіреттілікті дамыту қажет деген қорытынды жасалды.
Көптілді адамның екінші шет тілін меңгеру процесінде металингвистикалық сана басты рөл атқарады. Металлингвистикалық сана деп адамның тілдің тікелей қолданысынан тыс, тіларалық салыстырулар жасау қабілеті түсіндіріледі. Металлингвистикалық сана бойынша зерттеулерді есепке алу екінші шет тілін оқытудың негізінде жатқан тетіктерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді, сол арқылы екінші шет тілін оқыту әдістемесін жетілдіреді.
Бұл мақаланың мақсаты – көптілді адамның металингвистикалық санасының екінші шет тілін меңгеру процесіне әсерін талдау. Жұмыста жаңа шет тілін үйрену кезінде қолданылатын когнитивті стратегиялар, сондай-ақ жеке тұлғаның бұрынғы тілдік тәжірибесінің осы стратегиялардың қалыптасуына әсері қарастырылады. Атап айтқанда, бұрыннан игерілген тілдердің байланысы мен жаңа шет тілін меңгерудің тиімділігі зерттеледі.
Авторлар металингвистикалық сананың келесі негізгі компоненттерін анықтайды: тілдік рефлексия, тілдік сана, өзін-өзі түзету және тілдік салыстыру. Сондай-ақ көптілділіктің бірнеше шет тілдерін үйренуге әсері және лингвистикалық және мәдени құзыреттілікті дамытуға мәдени контексттің әсері қарастырылады.
Мақалада көптілді адамдар біртілділермен (есть такое слово? салыстырғанда металлингвистикалық хабардарлықтың жоғары деңгейін көрсетеді деген гипотезаны растайтын эмпирикалық зерттеулердің деректері ұсынылған. Бұл өз кезегінде, екінші шет тілін тиімді меңгеруге ықпал етеді.
Жұмыстың қорытындылары оқу процесінде, әсіресе көптілді білім беру жағдайында металлингвистикалық дағдыларды дамытудың маңыздылығын атап көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы студенттердің көптілділік тәжірибесін ескере отырып, шет тілдерін оқытудың бейімделген әдістерін құру мүмкіндігінде жатыр.
Болашақ педагог-психологтардың зерттеушілік құзыреттіліктері – олардың кәсіби қызметінде маңызды орын алатын дағдылар мен білімдердің жиынтығы. Педагог-психолог мамандары тек теориялық біліммен шектеліп қоймай, сонымен қатар әртүрлі психологиялық әдістер мен зерттеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Олар мектептегі және басқа да оқу орындарындағы білім алушылардың психологиялық жағдайларын зерттеу, олардың дамуындағы өзгерістер мен проблемаларды анықтау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Зерттеушілік құзыреттілік болашақ педагог-психологқа маңызды аспектілеріне тоқталады. Осылайша, болашақ педагог-психологтардың зерттеушілік құзыреттіліктері олардың кәсіби қызметінде маңызды рөл атқаратындығы мақалада келтірілген. Бұл дағдылар оларды әртүрлі психологиялық мәселелерді шешуге, ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдануға қабілетті етеді, сонымен қатар педагогикалық процестің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі қоғамда білім беру тек академиялық біліммен шектелмей, оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік дамуына бағытталуы тиіс. Осы мақсатта болашақ педагогтар мен психологтардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту қажеттілігі айқындалады. Педагог-психологтардың зерттеушілік дағдылары олардың кәсіби қызметінің маңызды бөлігі болып табылады және білім беру әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді Мақала мақсаты - педагог-психологтардың зерттеушілік құзыреттілігі, олардың білім беру мен психология саласындағы рөлін қарастырып, дамыту жолдарын ұсыну.
Бұл зерттеуде Қазақстандағы шағын жинақты мектептердің (ШЖМ) мұғалімдері үшін арнайы әзірленген қашықтықтан оқыту моделінің әзірленуі мен енгізілуінің нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі осы мектептердің мұғалімдері кездесетін ерекше мәселелермен, соның ішінде физикалық оқшауланумен, техникалық ресурстардың жетіспеушілігімен және шектеулі оқу материалдарымен бірге аралас жастағы сыныптарда сабақ беру қажеттілігімен анықталды. Мақаланың мақсаты ауылдық шағын жинақты мектептер (ШЖМ) мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қарастыру және оларды цифрлық оқыту платформаларының көмегімен арттыру болып табылады. Қолда бар біліктілікті арттыру бағдарламалары мен қашықтықтан оқыту курстары осы мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз деп танылды, бұл жаңа модельді Discord платформасын пайдалану арқылы жасау қажеттілігін туғызды. Зерттеуде 31 ШЖМ мұғалімімен сұраныс жүргізу мен сұхбат жүргізуді қамтитын сапалық және сандық әдістер қолданылды, олардың нақты қажеттіліктері мен мәселелерін анықтау үшін. әзірленген модель бейне сабақтарды, практикалық тапсырмаларды және ауылдық мектептердегі сабақ беру жағдайларына бейімделген менторлық компонентті қамтыды. Discord кросс-платформалық функционалдылығы, қарапайымдылығы және синхронды әрі асинхронды коммуникацияны қолдауға қабілеттілігі үшін таңдалды. Нәтижелер 92 % қатысушылар платформаны қолжетімді деп тапқанын, ал 67 % жаңа дағдыларын тәжірибеде сәтті қолданғанын көрсетті. Модельдің табысындағы кілт рөлді өзара оқу және менторлық атқарды, бұл мұғалімдердің кәсіби дамуына және эмоционалды қолдауына ықпал етті. Зерттеуде заманауи цифрлық платформалардың ауылдық білімге интеграциялануы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін айтарлықтай арттыруы мүмкін екендігі қорытындыланады және аралас жастағы ауылдық мектептерде қашықтықтан оқытуға стандартты ұсынымдарды әрі қарай дамыту ұсынылады.
Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілін ерте оқыту мәселесі барған сайын маңызды бола түсуде. Көптеген онжылдықтар бойы әдіскерлер мен лингвистер бұл мәселеге көп көңіл бөлді, өйткені кіші жастағы балалар ағылшын тілін бастауыш деңгейде оңай және қызығушылықпен үйренуге дайын. Мақаланың мақсаты кіші сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудағы педагогикалық тәсілдің ерекшеліктерін зерттеу. Оқыту процесінде әртүрлі ойын технологияларын қолдану кіші жастағы оқушылар үшін олардың әлемді тұтас қабылдауына сәйкес келетін және балалардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттеріне қажетті жағдай жасайтын оңтайлы тәсіл болып саналады. Дәстүрлі сабақтар кіші сынып оқушыларының қызығушылығын оятып, керісінше, оларды шаршатып та жіберуі мүмкін. Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін сабақ барысына жаңалық енгізу қажет. Осылайша, кіші жастағы оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық, ойлау және ізденімпаздық қабілеттері қалыптастырылады. Бастауыш мектепте осы мақсатта ойын технологиясын қолданған жөн. Зерттеу нәтижелері бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу процесінде ойын технологиясын қолдану ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастыру болып табылады. Таңдалған ойын арқылы материалдың практикалық презентациялары студенттерге мазмұнды жақсырақ түсінуге және алған білімдерін оқу ортасынан тыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Мақала ақпарат құралдарының жалпы адам өміріндегі маңыздылығын; яғни жасөспірімдердің медиамәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық аспектілерін талдауға арналады. Қазіргі кезде өміріміздің барлығын білім; ғылым және де адамдар арасындағы қарым-қатынас; оқу; білім; бәрін ақпарат көздерінсіз елестеу мүмкін емес. Мақала мақсаты - жоғары сынып оқушыларының бойында медиамәдениетті дамытудың маңызды факторы іскерлігі; дағдысы негізінде жаңа цифрлық технологияларды меңгеруді зерттеу болып табылады. Сондықтан ғылыми мақалада контент-талдау; сараптамалық бағалау; құжаттарды жинақтау әдістері қоланған. Демек; медиамәдениет адамның тұрмыс- тіршілігінде ғана емес; оның рухани өмірінде қоғамдық пікірдің қалыптасуына өзіндік әсерін тигізетін болса; онда адамзат медиамәдениет аясында өмір сүргендіктен; оның әсеріне түсе келе тұлғалық дамуына жол ашылып; белгілі бір өлшемде дами түседі. Мақаланың зерттеу міндеттері жоғары сынып оқушыларын цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Қазіргі кезде цифрлық технолдогияларды меңгерген және заманауи өзгерістерге тез бейімделетін мектеп оқушылары ақпарат құралдарын белсенді қолданушылар болып табылады. Бүгінгі жастардың интеллектуалдық; шапшаңдық деңгейі өте жоғары және олар «Z» ұрпақтарының өкілі ретінде танылған; яғни ақпаратты тез меңгерген; цифрлық жағдайларға тез бейімделетін; тұлғааралық инновациялық қабілетке ие; жаңа әсерлерге кедергісіз икемделіп; бәсекеге қабілеті жоғары болып табылады. Жаңа цифрлық технологиялардың кемшіліктері де бар; дегенмен сол ақпарат құралдарын дұрыс қолдана білсек; ол рухани өмірімізді байыта түсері анық. Нетижесінде сөйлеу мәдениеті; өзін өзі ұстау мәдениеті; сыртқы сипаты мен мінез құлық мәдениеті; шығармашылық ойлау жоғары тұлғаның қалыптасуына негіз болады. Сондықтан цифрлық мәдениетті ұрпақ тәрбиесіне дұрыс пайдалануымыздың педагогикалық-психологиялық аспектілері ғылыми мақала мазмұнында жан-жақты талданады.
ЭКОНОМИКА
Мақаланың мақсаты жоғары технологиялық экспорттың даму тенденцияларын анықтау және оның өсуіне тікелей әсер ететін негізгі детерминанттарды анықтау болып табылады. Авторлар салыстырмалы және регрессиялық талдау әдістерін жоғары технологиялық өнімдер экспортының көлемі мен ҒЗТКЖ шығындары, зерттеушілер саны, зияткерлік меншікті пайдаланудан түсетін кірістер, зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлемдер, кең жолақты Интернет, тікелей шетелдік инвестициялар көлемі сияқты факторлар арасындағы байланысты бағалау үшін пайдаланады.
Зерттеу нысаны - 2021 жылға арналған экспорттың жалпы көлеміндегі жоғары технологиялық экспорттың үлесі бойынша көшбасшы елдер тобына енген Малайзия, Вьетнам, Корея Республикасы, Қытай, Сингапур, Чехия, Таиланд елдері. 2000-2021 жылдары әлемде жоғары технологиялық өнімдер экспортының көлемі 3,4 есеге ұлғайғаны анықталды. Дағдарыс кезеңдерінде жоғары технологиялық өнімдер экспортының төмендеу қарқыны тауарлар экспортының жалпы көлемінің төмендеу қарқынына қарағанда оң нәтижелерді көрсетеді. Бөлінген факторлар жоғары технологиялық экспортпен оң корреляцияның болуымен сипатталады.
Жүргізілген талдау негізінде авторлар әр елдің басым факторларға негізделген жоғары технологиялық көшбасшылық профилі бар екенін анықтады. Қытайда бұл зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлемдер және ҒЗТКЖ шығындары, Вьетнамда - Интернетке кең жолақты қолжетімділік және тікелей шетелдік инвестициялар көлемі, Оңтүстік Кореяда - ҒЗТКЖ шығындары, Чехияда - ҒЗТКЖ шығындары мен зерттеушілер саны, Малайзияда – зияткерлік меншік пен ТШИ пайдаланғаны үшін төлемдер, Сингапур үшін - ҒЗТКЖ шығындары ҒЗТКЖ және тікелей шетелдік инвестициялар, Таиланд үшін - зияткерлік меншікті пайдаланғаны үшін төлемдер.
Көлік инфрақұрылымы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйі жүк ағынын ұлғайту үшін жаңа теміржол маршруттарының тиімділігін бағалау кезінде ескеру қажет маңызды аспект. Қазақстанның теміржол желісі ауқымды, мыңдаған шақырымды қамтиды және еліміздің түрлі өңірлерін байланыстырады. Теміржол инфрақұрылымы әртүрлі желілерді, терминалдар мен станцияларды, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету депосы мен қоймалар сияқты байланысты нысандарды қамтиды. Бұдан басқа, теміржол инфрақұрылымы халықаралық саудаға жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады, өйткені Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін маңызды транзиттік дәліз ретінде қызмет етеді.
Жаңа теміржол маршруттарын дамыту, әсіресе транзит пен халықаралық сауда контекстінде жүк ағындарының көлемін арттыруда шешуші рөл атқарады. Соңғы жылдары жүк ағындарының айтарлықтай өсуі байқалды, бұл инфрақұрылымды жақсартумен және логистикалық процестерді оңтайландырумен байланысты. Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жаңғырту жағдайында ел ішінде жүк ағынын ұлғайтуда жаңа теміржол маршруттарының тиімділігін зерделеу өте маңызды. Ғылыми мақаланың мақсаты «ҚТЖ «ҰК» АҚ мысалында жүк тасымалын ұлғайтуда жаңа теміржол маршруттарының тиімділігін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Зерттеудің маңыздылығы: жаңа теміржол
бағытын салу Қазақстан аумағы арқылы өтетін жүк ағындарының ұлғаюына әкеледі деп күтілуде.
Мақалада аймақтық контексте еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуіне кешенді талдау берілген. Өсіп келе жатқан жаһандану мен экономикалық қызметтің орталықсыздандырылуына байланысты аймақтық еңбек нарығының динамикасын түсіну саясаткерлер, зерттеушілер және бизнес үшін өте маңызды болды. Зерттеудің өзектілігі оның мақсатты саяси шаралар туралы хабардар ету, стратегиялық кадрларды жоспарлауды жеңілдету және аймақтық экономикалық дамуға күш салу әлеуетінде жатыр. Мақаланың мақсаты - белгілі бір географиялық аймақтардағы осы өзара әрекеттесулерді талдау және түсіндіру үшін негіз ұсыну. Аймақтық еңбек нарығындағы тепе-теңдік моделі, кеңістіктегі сәйкессіздік теориясы, жалақы дифференциалының моделі, жергілікті еңбек нарығының динамикасы моделі, көші-қон және еңбек ұтқырлығы моделі және адами капиталды жинақтау моделі сияқты әртүрлі модельдерді қарастыру арқылы бұл мақала факторларды толық түсінуді қамтамасыз етуге арналған.аймақтық еңбек нарығының нәтижелерін қалыптастыру. Күтілетін іс-шараларға аймақтық еңбек нарықтарымен байланысты эмпирикалық зерттеулерге, теориялық негіздерге және саяси талдауға шолу кіреді. Сонымен қатар, мақалада аймақтық деңгейдегі жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының динамикасына әсер ететін негізгі факторларды біріктіретін тұжырымдамалық негіз ұсынылады. Мақала жазу кезінде қолданылатын әдістерге әдебиеттерге жүйелі шолу, нәтижелердің сапалы синтезі және теориялық және эмпирикалық дәлелдерге негізделген тұжырымдамалық негізді әзірлеу кіреді. Тұтастай алғанда, мақала аймақтық еңбек нарықтарының өзара әрекеттесуін зерттеуге құрылымдық тәсілді ұсына отырып, бар білім көлеміне үлес қосады.
Қонақүй бизнесі қаржылық тұрғыдан қатаң бақылауды талап ететін сала. Елдегі туризм дамыған сайын сапалы, санаты жоғары қонақүйлерге деген сұраныс арта түсті. Сұраныстың артуы қонақүйлерді экономикалық басқарудың жаңа жолдарын көрсетті және оның бірі түнгі аудит арқылы қонақүйдің күнделікті қаржылық жағдайына талдау жасау. Зерттеу мақсаты Қазақстандағы қонақүй бизнесін басқару сапасын арттыру мақсатында түнгі аудит процесінің мазмұнын, ұйымдастырылу ерекшеліктерін және оның қонақ үй қызметінің тиімділігіне әсерін жан-жақты зерттеу арқылы бұл процесті оңтайландырудың нақты жолдарын ұсыну. Мақалада түнгі аудит процесі, оның мәні мен ерекшеліктері келтіріліп, Қазақстан қонақүй нарығындағы тиімділігі жайлы талдау жасалынды. Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары санатты қонақүйлер санының артуы байқалады, бұл тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында осы уақытқа дейін бұл тақырыпқа жазылған шетелдік авторлардың жұмыстары мен Қазақстандағы орналастыру орындары бойынша статистикалық ақпарат зерттелді. Елімізде бұл тақырып жайлы ғылыми жұмыстар саны аз болғандықтан, негізгі ақпарат көзі ретінде шетелдік әдебиеттер көп қолданды. Зерттеу барысында «түнгі аудит» термині халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатынын және қонақ үй бизнесінде тиімді құрал болып табылатынын анықталды. Сонымен қатар, Қазақстан қонақүй саласында түнгі аудит процесінің қолданулы тәжірибесі мен болжамы жасалынды. Зерттеу нәтижесінде түнгі аудит қонақүйдің күнделікті табысы мен шығысын, қонақтардың төленбеген есептерін тексеру және болжам жасау үшін өте тиімді екендігі анықталды. Сондықтан, түнгі аудит Қазақстанның қонақүйлеріне, атап айтқанда жоғарғы санатты қонақүйлерге ұсынылатын тексеріс түрі деп айта аламыз.
Мақалада кедендік бақылаудың тиімді бағыты ретінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау сипатталды. Қазақстандағы тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау интеллектуалды, тәуекелге бағытталған және цифрлық тәсілге көшуге бағытталған жүйелі жаңғыртуды талап етеді. Бұл бюджет шығындарын азайтып қана қоймай, сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын арттыруға, адал кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетуге және экономикалық құқық бұзушылықпен күресті күшейтуге мүмкіндік береді. Мақаланың мақсаты - Қазақстандағы посткедендік бақылауды ұйымдастырудағы және жүргізудегі проблемалық мәселелерді анықтау және тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау бөлімшелерінің қызметін талдау негізінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Мақалада кедендік тексерулер мен посткедендік бақылаудың теориялық негіздері қарастырылады. Қазақстанда тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылауды енгізудің орындылығы негізделген. Кедендік бақылаудың зерттелетін бағытының қалыптасу кезеңдері сипатталған. Посткедендік бақылау бөлімшелерінің тиімділігіне талдау жүргізілді. Есептеу кезінде жүргізілген кедендік тексерулердің саны, қосымша есептелген және өндірілген кедендік баждардың, салықтар мен өсімпұлдардың сомасы сияқты көрсеткіштер ескерілді. Зерттеу жүйелік және тарихи талдау әдісіне негізделген. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізген жұмыс нәтижелерінің деректері негізінде ситуациялық әдіс және статистикалық талдау қолданылды. Мақалада цифрлық құралдарды енгізу арқылы бизнес-процестерді жақсартуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған посткедендік бақылауды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.
Ұлттық әл-ауқаттың негізі болып табылатын адами капитал экономикалық ғылымда басты орын алады. Экономикалық өсуге әсер ету механизмдерін зерттеу демографиялық, білім беру және мотивациялық факторларды қоса алғанда, маңызды аспектілерді анықтайды. Зерттелетін компоненттер еңбек ресурстарының сапасын, өнімділік деңгейін және жоғары технологиялық салалардың дамуына қосқан үлесін анықтайды. Адами капиталдың әсері инновацияны ынталандыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту арқылы көрінеді. Теория мен практикадағы елеулі жетістіктерге қарамастан, адами капиталды бағалаудың бірыңғай тәсілдері шешілмеген міндет болып қала береді. Жаһандану және үдемелі технологиялық прогресс жағдайында Қазақстан орнықты өсу мен әлеуметтік- экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін адами капиталды басқару әдістерін жетілдіру қажеттілігіне тап болады.
Зерттеудің мақсаты адами капиталға инвестициялардың экономикалық өсу қарқыны мен тұрақтылығына әсерін көрсететін эконометрикалық модельді дамыту және қолдану болып табылады. Экономикалық өсу модельдерін қарастыра отырып, зерттеу адами капиталды макроэкономикалық талдауға біріктірудің маңыздылығын көрсетеді. Экономикалық модельдерге білім беру параметрлері ментехнологиялық өзгерістерді енгізу елдер арасындағы алшақтық пен конвергенция процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Эндогендік өсу теориялары ішкі факторларға назар аудара отырып, Инновациялық әлеует пен экономикалық өсу қарқынын білім мен дағдылардың жинақталуымен байланыстырады. Зерттеу нәтижелері білім беру, денсаулық сақтау және кәсіби дайындыққа инвестиция салу қажеттілігін көрсетеді.
Бұл шаралар қоғамның әл-ауқатын арттырып, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін нығайта отырып, ұзақ мерзімді экономикалық даму үшін жағдай жасайды. Инклюзивті өсуге және тауарларды әділ бөлуге бағытталған экономикалық саясат тұрақты дамудың кепіліне айналады. Адами капиталдың жоғары сапасын сақтау білім беру стратегияларын әзірлеуді, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруды және ресурстардың қолжетімділігін арттыруды қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. Демек, адами капитал ұзақ мерзімді перспективада инновациялық даму мен қоғамның әл-ауқатының негізгі драйвері болып табылады.
Халық санының өсуі, урбанизация және қалдықтар көлемінің артуы жағдайында азық-түлік қалдықтарын басқару мәселесі барған сайын өзекті бола түсуде.
Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша тиімді жүйенің болмауы олардың полигондарда жиналуына алып келеді, бұл экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағынан елеулі салдарға әкеп соғады.
Зерттеудің мақсаты Қазақстанның жоғары оқу орындарында тамақ қалдықтарын тұрақты басқару моделін әзірлеу болып табылады. Бұл жұмыста Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ENU) жүргізілген зерттеу негізінде әзірленген Қазақстанның жоғары оқу орындарында азық-түлік қалдықтарын тұрақты басқару моделі ұсынылады. Модель қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыруды, оларды өңдеуге арналған инфрақұрылымды дамытуды, білім беру іс-шараларын өткізуді, сондай-ақ экологиялық мінез-құлық үшін ынталандырулар мен жеңілдіктер сияқты мотивациялық механизмдерді енгізуді қамтиды.
Зерттеу аясында ENU-дің оқу ғимараттары мен жатақханаларында түзілетін азық-түлік қалдықтары туралы деректер жиналды, сондай-ақ студенттердің азық-түлік қалдықтарына қатысты мінез-құлқын анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Сауалнамада қалдықтармен жұмыс істеу дағдыларына ғана емес, сонымен қатар студенттерді экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған ықтимал ынталандыру шараларына қатысты сұрақтар да болды.
Осылайша, бұл зерттеу университет ортасындағы азық-түлік қалдықтарының көлемін (кг/күн) сандық бағалауды, сондай-ақ тұрақты қалдықтарды басқару шараларын енгізу кезінде парниктік газдар шығарындыларын қысқарту әлеуетін есептеуді қамтиды.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен сапасы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен олардың кәсіби құзыреттіліктерінен тәуелді болып келеді. «Халық үніне құлақ асатын», «сервистік», «ең алдымен адамдар» қағидатын ұстанатын, кәсіби, прагматикалық мемлекет үлгісі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыреттіліктері мен жеке қасиеттерін дамытуды талап етеді. Бұл бағытта ғылыми мақаланың мақсаты –«адамға бағдарланған» мемлекеттік қызмет моделін қалыптастыру жағдайында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруде талантты кадрларды анықтау және дамыту үшін заманауи ассессмент-орталығы құралын пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу болып табылады. Белгіленген мәселені шешудің ең перспективалы тәсілдерінің бірі құзыреттілік тәсіл болып табылады. Құзыреттілік тәсіл – бұл адам ресурстарын басқарудың интегративті құралы болып табылады және кадр резервімен жұмыс жасаудың әртүрлі бағыттарын синхрондауға мүмкіндік береді: кандидаттарды таңдау және іріктеу, ынталандыру және дамыту. Мақсатқа қол жеткізу үшін персоналды бағалаудың құралдарына, оның ішінде ассессмент-орталығының артықшылықтарына баға беріледі. Ғылыми мақалада Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі талантты мемлекеттік қызметшілердің Президент Әкімшілігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігімен бірлесе әзірленген құзыреттілік моделі аясында көшбасшылық, шешім қабылдау, проактивтілік, талдау және мәселелерді шешу, сонымен қатар сендіре білу сияқты құзыреттіліктерін бағалаудың мәні, оның негізгі құралдары қарастырылады. Персоналдың құзыреттіліктерін бағалауды дамыту мүмкіндіктері зерделенеді.
Зерттеу барысында ғылыми зерттеудің талдау, синтез, бақылау, салыстыру әдістері басшылыққа алынды. Автордың мақаланы жариялау идеясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының басшылығымен өткізілген құзыреттіліктерді бағалау жобаларына қатысу нәтижесінде туындады. Зерттеу материалдары ретінде жүргізілген бағалау қорытындылары алынды.
Мақаланың мақсаты-елдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қол жетімділік деңгейін анықтау, сондай-ақ ондағы проблемаларды реттеудің негізгі тетіктерінің бірі ретінде аграрлық сектордағы еңбек ресурстарының рөлін зерттеу. Мақалада Республика халқының 2018-2024 жылдар аралығындағы әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерін тұтыну көлемінің динамикалық өзгерістеріне және ол көрсеткіштердің жан басына шаққанда тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормасына сәйкестігіне талдау жасалды. Сонымен қатар, экономикалық қызмет түрлері бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыспен қамтылған халық саны және олардың жалақысына салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар анықталды, олар: жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің тұрақсыз динамикасы, азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділік, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласындағы проблемалар, ауыл шаруашылығы секторындағы жұмыс күшінің азаюы және бұл саладағы жалақының ең төменгі мөлшерінің сақталуы. Мақалада аталған проблеманы тиімді шешудің негізгі тетігі ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек ресурстарын тұрақты жұмыспен қамту және орташа жалақының тұрақтылығын сақтау қажеттігі көрсетілді. Ол үшін мемлекет және жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің әр түрлі ұйымдық формаларын дамытуға, ауыл шаруашылығы емес қызмет түрлерін кеңейтуге баса назар аудару керек екендігі ғылыми негізделді.
Мақалада қазіргі кездегі қаржылық даму жағдайындағы және өнеркәсіптік салаларды тұрақтандыруды қамсыздандырудағы инвестициялардың ролі анықталды. Дамыған елдер Қытай, Швеция, Бельгия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Германия тәжірибесі мысалында саудадағы, қаржы нарығындағы инвестициялық құралдардың, құнды қағаздардың экономиканы одан әрі құрылымдық нығайтудағы ролі анықталды. Қазақстанда инвестициялық қызметтің даму деңгейі 2024 жылғы жалпы көлем 19,4 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,5% - ға артық болып, тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекелестік орта дамып, монополиялық жүйе әлсіреді, нарықтық қатынастардың дамуы, жеке капиталды құру мен жинақтауға адамдардың ынталарын артқандығы байқалды. Қазіргі кезде кәсіпорындардың кез-келген активтерін, жылжымайтын мүлікті сатып алуы мен тез сатуы, қосымша акцияларын шығаруы, өндірістік қызметтерінің жалпы жағдайы экономикалық талдаудың әдістері арқылы жүзеге асып, кәсіпорындарға инвестиция тарту арқылы қаржы құралдарын қамсыздандыру тәуекелдердің артқандығын көруге болады. Елдегі құбылмалы инфляциялық жағдай мен экономикалық-қаржылық өзгерістердің тұсында, кәсіпкерлік субьектілерін несиелеудегі ең өзекті мәселелердің бірі – монетарлы активтердің құнын дұрыс анықтау мен инвестициялардың жеткіліктілігі көлемін дұрыс бағалау. Мақаланың мақсаты - қазіргі кездегі дамып келе жатқан не дамушы елдердегі кәсіпорындарға инвестициялар тарту барысындағы қиындықтарды, кейбір келеңсіз факторларды анықтау, қаржыландыруға қажетті қаржылық талдау шараларын бағалау, ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бұл мақалада қазіргі кезде әлемдегі инвестициялық ахуалдың өзгеруі салым құнының өзгеруі әсерінен, кейбір елдердегі кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынатын инвестицияның көлемі өзгерістері мен себептері, банктердің, компаниялардың, ШОБ кәсіпорындарының инвестиция тартудағы кездесетін мәселелері, инвестициялық саясаттың ұлттық экономикаларға әсері зерттеледі.
Өңірлік даму құралы ретінде орнықты туризм бүкіл әлемде, әсіресе Батыс Қазақстан сияқты табиғи және мәдени ресурстары мол өңірлерде маңызға ие болып келеді. Табиғи қорықтарымен, бай тарихымен және мәдени мұрасымен танымал бұл аймақ экономиканы әртараптандыруға және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа ықпал ететін туризмді дамытудың үлкен әлеуетіне ие. Климаттың өзгеруі және тұрақты даму қажеттілігі сияқты жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, экономикалық дамуға ықпал етіп қана қоймай, табиғи және мәдени мұраны сақтайтын туризм үлгілерін әзірлеу маңызды.
Бұл зерттеудің мақсаты тұрақты туризмге көзқарастардың Батыс Қазақстанның өңірлік экономикалық дамуына қалай ықпал ететінін зерттеу болып табылады. Зерттеу қазіргі туристік тәжірибені талдауға, тұрақты туризмнің әлеуетін бағалауға және аймақ үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайданы барынша арттыратын стратегияларды әзірлеуге бағытталған.
Күтілетін нәтижелер Батыс Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту үшін негізгі ресурстар мен мүмкіндіктерді, соның ішінде табиғи саябақтарды, тарихи көрікті жерлерді және мәдени іс-шараларды анықтауды қамтиды. Сондай-ақ, жергілікті экономикаға, қоршаған ортаны қорғауға және жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік дамуына ықпал ететін кешенді туристік модель әзірлеу жоспарлануда. Жергілікті тұрғындарды туризмді дамытуға тарту, оқытуды ұйымдастыру және жергілікті деңгейде әлеуетін ашу және хабардарлық деңгейін арттыру стратегиялары маңызды қадамдар болады. Нәтижелер туристерді тартып қана қоймай, табиғи ресурстарды қорғайтын және жергілікті қауымдастықты туристік секторда белсенді рөл атқаруға ынталандыратын саясатты жоспарлауға негіз болады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл стратегиялар аймақтың тұрақты өсуіне, оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның бірегей табиғи және мәдени ортасын сақтауға ықпал етеді.
Еңбек нарығы кез-келген экономиканың маңызды элементі болып табылады, өйткені ол ұлттық экономиканың жай-күйін, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін және мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Соңғы онжылдықтарда жаһандық еңбек нарығында жаһандану, технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер және еңбек ресурстарына сұраныс құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде бірқатар өзгерістер байқалды. Зерттеудің негізгі мақсаты экономика салалары бойынша жұмыспен қамту, жұмыссыздық және жастар жұмыссыздығының динамикасын талдау болды. Зерттеу барысында әр түрлі салалардағы еңбек нарығына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылып, осы салалардағы жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін негізгі тенденциялар мен проблемалар анықталды. Жұмыста жастар жұмыссыздығы проблемасына, сондай-ақ еңбек көші-қонын, әлеуметтік шиеленісті және экономикалық теңгерімсіздікті төмендетудің негізгі жолдарын зерделеуге және анықтауға ерекше назар аударылған.
Зерттеу барысында экономикалық-статистикалық талдау, салыстыру және салыстырмалы шамалар, индукция және дедукция және т.б. әдістері қолданылды. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді талдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2020-2024 жылдардағы деректері, жұмыссыздық мәселелерімен және оларды шешу жолдарымен айналысатын отандық және шетелдік ғалымдардың жарияланымдары мен ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Болашақ зерттеу жолдары. Зерттеу тақырыбы өзекті болып табылады және барлық мәселелерді бір мақалада ашу мүмкін емес сияқты. Осыған байланысты авторлар жұмыспен қамту проблемаларын зерделеу, сондай-ақ халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендету және шетелдік тәжірибені зерделеу және еңбек нарығының қазақстандық моделіне бейімделу жолымен оларды шешудің негізгі жолдарын айқындау бойынша одан әрі зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.
Мақала бизнес-кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін жобалаудың қазіргі теориялық мәселелеріне арналған. Зерттеу объектісі нарықтық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін құру мен іске асырудың заманауи теориялық мәселелері қамтиды. Зерттеу пәні тікелей ұйымдастырушылық және инвестициялық-экономикалық компоненттерді қамтитын әлеуметтік жауапкершілік тетіктері болып табылады. Зерттеудің мақсаты - бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің теориялық тетіктерін микро және макроэкономикалық деңгейлерде оларды кейіннен практикалық сынақтан өткізу, аймақтық экономикалық жүйелерде қолдану үшін модельдеу.
Қазіргі нарықтық жағдайда экономикалық жүйенің жұмыс істеуінің барлық деңгейлерінде бизнес- кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігінің төмен деңгейі орын алады. Бизнес және кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігі проблемаларының кең спектрі іс жүзінде әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін пысықтаудың жеткіліксіз деңгейімен байланысты.
Әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін жобалау мәселелерін зерттеу екі бағытта – микроэкономикалық және макроэкономикалық деңгейлер бойынша қарастырылды. Микроэкономикалық деңгейде әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін жобалау кезінде кәсіпорындардың меншігінің ұйымдық-құқықтық нысаны, арнайы ұйымдық-басқару құрылымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілік бағдарламаларын әзірлеу және олардың техникалық-экономикалық негіздемесі, әлеуметтік жауапкершілікті инвестициялық қамтамасыз ету әлеуеті сияқты факторлар ескеріледі. Микроэкономикалық деңгейге қатысты бизнес-ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігіне инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесі ұсынылды.
Макроэкономикалық деңгейде әлеуметтік жауапкершілік тетіктерін жобалау кезінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметі, өңірлік, ұлттық деңгейлерде әлеуметтік жауапкершілік қорларын қалыптастырудың экономикалық әлеуеті сияқты факторлар ескерілді. Макроэкономикалық деңгейге қатысты әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асырудың экономикалық тиімділігінің нұсқалары тұжырымдалған. Барлық ықтимал әсер ету факторларын зерттеуді ескере отырып, бизнес-ұйымдардың әлеуметтік жауапкершілігін іске асыру тетіктерінің авторлық модельдері жасалды.
Зерттеудің негізгі әдістері ұжымдық әдіс, аналитикалық әдіс, қатынастар мен заңдылықтарды құру әдісі, синтетикалық әдіс және гипотезаларды жобалау әдісі болды.
ҚҰҚЫҚ
Мақала мақсаты - өндірістік тәуекелдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында құқықтық реттеудің дербес әрі маңызды нысаны ретінде қарастыру. Тақырыптың өзектілігі, әсіресе қауіп-қатер деңгейі жоғары кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы тәсілдердің жеткіліксіздігінен, осы салада құқықтық трансформация қажеттігімен айқындалады. Өндірістік тәуекелдерді ғылыми тұрғыдан түсіну тек техникалық немесе ұйымдастырушылық талдаумен шектелмей, нақты нормативтік өлшемшарттарды, біріздендірілген бағалау рәсімдерін, тәуекелдерді басқарудың жүйелі әдістемесін және заңды жауапкершілік тетіктерін қамтитын кешенді құқықтық тәсілді қажет етеді.
Кәсіби тәуекелдерді басқаруды реттейтін қолданыстағы заң нормалары мен қосалқы нормативтік құқықтық актілерге сыни талдау жүргізіліп, тәуекелге негізделген тәсілдерді еңбек қатынастарына тиімді енгізуге кедергі келтіретін олқылықтар, құқықтық қайшылықтар мен институционалдық тосқауылдар анықталды. Жұмыс орындарын аттестаттаудың бірыңғай әдістемесінің болмауы, нормативтік базаның бытыраңқылығы мен келісілмеуі, сондай-ақ бақылаушы органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің жеткіліксіз регламенттелуі құқықтық ықпалдың тиімділігін төмендетіп, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мүмкіндіктерін шектейді.
Автор өндірістік тәуекелдерді құқықтық реттеудің алдын алуға, құқықтық айқындыққа, кемсітушілікке жол бермеуге, әділеттілік пен үйлесімділік қағидаттарына негізделген біртұтас әрі тұрақты тұжырымдамасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тәуекелге бағдарланған басқару жүйесін реттейтін арнайы нормативтік актіні қабылдау, мемлекеттік бақылауды күшейту, инспекциялық қызметті жаңғырту, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің заңды жауапкершілігін арттыру сияқты заңнаманы жетілдіру бағыттары ұсынылады. Сонымен қатар, еңбек инспекциясы органдарының институционалдық әлеуетін арттыру, еңбек қатынастарына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын көтеру және кәсіби тәуекелдердің алдын алу мен еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Мақала Қазақстан Республикасындағы сыйлық сертификаттарын құқықтық реттеуді зерттеуге арналған. Мақала мақсаты қазақстандық заңнамада сыйлық сертификаттарының нақты нормативтік анықтамасының болмауына байланысты құқықтық аспектілерді, сондай-ақ олардың құқықтық табиғатын иеленушінің тауар немесе қызмет алу құқығын куәландыратын жазбаша құжат ретіндегі құқықтық табиғатын қарау болып табылады. Сертификаттарды пайдалану тәжірибесі мен азаматтық заңнаманың ережелері арасындағы қайшылықтарға баса назар аударылады. Атап айтқанда, бөлшек саудада сатып алу-сату ережелерін және алдын ала келісімдерді қолдану мүмкіндіктері талданады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі салыстырмалы құқықтық талдауды, қазақстандық және халықаралық актілерді құқықтық талдауды, сондай-ақ сертификаттарды пайдалану тәжірибесін эмпирикалық зерттеуді қамтиды. Канада мен АҚШ заңнамасының мысалдары кейбір провинциялар мен штаттардағы сыйлық сертификаттарының жарамдылық мерзіміне тыйым салуды қоса, үлкен реттеуді көрсетеді.
Мақалада Қазақстанда сыйлық сертификатының заңнамалық анықтамасының жоқтығы, пайдаланылмаған сертификаттар үшін қаражатты қайтару кезінде тұтынушылардың құқықтарының шектелуі және олардың пайдаланылуын бақылаудың жеткіліксіздігі негізгі проблемаларға тоқталған. Ол сондай-ақ қосымша құқықтық реттеу тетіктерін талап ететін электрондық коммерция үлесінің артуы жағдайында электрондық сыйлық сертификаттарының өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.
Мақалада заңнаманы жетілдіру, оның ішінде сертификаттарды беруге міндетті талаптарды енгізу, оларды пайдалану кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, қолданылу мерзімін шектеуге тыйым салу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жазылған. Бұл сыйлық сертификаты нарығындағы ашықтықты қамтамасыз етеді, заңды тәуекелдерді азайтады және тұтынушылардың сенімін нығайтады. Бұл жұмыс азаматтық құқық және электрондық коммерциямен айналысатын заңгерлерді, зерттеушілерді және кәсіпкерлерді қызықтырады.
Қазақстанда бірнеше жыл талқылаудан кейін тиісті заң жобасы қабылданып, 2024 жылдың соңында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылды. Заңнамалық негізін бекіту жолында денсаулық сақтау саласын реттейтін заңнамаға толықтырулар енгізілді, сақтандыру тәртібін айқындайтын жауапты министрліктің арнайы бұйрықтары шықты, өзге де нормативті актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Ғылыми мақаланың мақсаты - жаңа сақтандыру түрінің құқықтық негізіне шолу жасау, тәжірибеде енгізу мүмкіндігі мен бар тәуекелдерді талдау және медицина қызметкерлерін әлеуметтік-құқықтық қорғаудың нысаны ретінде кәсіби жауапкершілікті сақтандырудың қажетті және жеткілікті шарттарын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес мақалада медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың мәні мен туындайтын қатынастардың құқықтық табиғаты зерттеледі, аталған сақтандыру жүйесін елімізде енгізудің бүгінгі күнде қажеттілігі мен өзектілігі талқыланады. Авторлар сақтандырудың заңнамалық негізін қалыптастырумен қатар, оның тәжірибеде қолдану сұрақтары өзекті екенін атайды. Сол себепті мақалада сақтандыруды тәжірибеде қолдану кезіндегі тәуекелдер кеңінен талқыланады.
Авторлар қабылданған нормативтік актілер пакеті елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібін толығымен айқындайды және әзірше, бастапқы денгейде оны енгізу үшін жеткілікті болуы тиіс деген қорытындыға келеді. Алайда, сонымен қатар авторлармен көтерілген мәселелердің негізгі дені болжамдық сипатта болуына қарамастан сақтандыруды тәжірибеде енгізуге байланысты тәуекелдердің бар екендігі де аталады және оларға авторлық баға беріледі.
Мақала әкімшілік сот ісін жүргізудегі мөлшерлестік қағидатының ерекше рөліне арналған. Шет мемлекеттердің тәжірибесіне негізделген мөлшерлестік қағидаты Қазақстан Республикасының әкімшілік әділет жүйесінде нормативті түрінде бекітілді. Мөлшерлестік қағидаты жалпы қағидаттардың жүйесінде өздігінен жеке дара дами алмайды. Себебі, бұл қағидаттың негізділігі жарамдылықтың, қажеттіліктің және пропорциялы үйлесімімен байланысты. Әкімшілік іс жүргізу заңнамасының ережелерін іске асырудың шетелдік және ұлттық тәжірибесін зерттеу негізінде мөлшерлестік қағидатының қазақстандық әкімшілік соттардың тәжірибесінде қолданылуының қажеттілігі тиіс екендігі бағаланды.
Мақаланың мақсаты - әкімшілік сот ісін жүргізуде мөлшерлестік қағидатын қолдану заңдылықтарын талдау. Бұл жерде басты сұрақ: соттың талқылауында қандай құқықтық құндылықтар (азаматтардың құқықтары мен мүдделері немесе мемлекеттік қоғамдық игіліктер) басым болып табылады.
Зерттеудің ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Әкімшілік процестің ғылыми доктринасы мен шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін зерттей келе мөлшерлестік қағидатын маңыздылығын толықтай ашу алғаш рет орын алып отырғаные атап өткен жөн. Алынған нәтижелер мен қорытындылар әкімшілік дауларды қарауға мамандандырылған судьялардың тәжірибесінде лайықты қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеудің өзектілігі сот жүйесінде Big Data және жасанды интеллектті қолданумен байланысты мәселелерді шешу қажеттілігімен түсіндіріледі. Электрондық сот төрелігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тез және тиімді қорғауға, сот төрелігін қолжетімді және ашық етуге мүмкіндік беретін сот жүйесін жаңғыртудың негізгі векторларының бірі болып табылады. Сот жүйесінің негізгі міндеттері IT сервистері арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот өндірісін автоматтандыру және озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, үлкен деректермен жұмыс істеу, соның ішінде, электронды соттарды, қылмыстық істерді басқару жүйелерін, сөзді таныту функционалдығын құру, оны мәтіндік форматқа түрлендіру, жұмыс процестерін автоматтандыру.
Мақаланың мақсаты-қазіргі сот жүйесінде үлкен деректер мен жасанды интеллекттің қолданылуын зерттеу. Азаматтық процесс, cот төрелігі сияқты соттарда жасанды интеллектті қолдану тиімділігін арттырып, оның адам құқықтарын қорғау әлеуетін күшейтті. Прокурорлар азаматтар мен бизнестің құқықтарын, қоғамдық мүдделерді қорғау үшін смарт шешімдерді пайланады.
Азаматтық сот процесінде қазіргі таңда негізгі мақсаттардың бірі болып - IT-сервистер арқылы сот төрелігіне кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді автоматтандыру және озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, үлкен деректермен жұмыс істеу, оның ішінде электрондық соттарды, қылмыстық істерді басқару жүйесін, сөйлеуді тану функционалын құру, оны мәтін форматына түрлендіру, жұмыс процестерін автоматтандыру болып табылады.
Адвокаттар ақпаратты талдаудың жаңа технологиясымен бетпе – бет келетін тағы бір сала-адам үшін шешім қабылдай бастайтын алгоритмдерді әзірлеу үшін үлкен деректерді пайдалану болып табылады. Міне осы бағдарламаларды қолдану ең проблемалық мәселелердің бастамасы болып табылады, атап айтқанда, заңгерлерге қателіктер туындаған жағдайда құқық қолдану туралы сұрақ туындайды. Сондықтан бұл мақаладағы зерттеулер көптеген заңгерлерге үлкен деректерді қолдану барысында пайдалы септігін тигізетіні сөзсіз.
Соңғы он жылда Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны күрт өсті. Алайда, зорлықсыз жыныстық қылмыстардың айырмашылық белгілерін талдайтын зерттеулер өте аз жүргізілген.
Зерттеудің мақсаты қолданыстағы заңнамадағы «бұзылған әрекеттер» ұғымын зерттеу және авторлық анықтама беру болып табылады. Зерттеу барысында сапалы әдістер қолданылып, Қазақстан Республикасында және шетелдерде осы қылмыстық құқық бұзушылық түрлерін қолдану тәжірибесі талданады, сондай-ақ көрші елдердегі әріптестердің кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің жыныстық қол сұғылмаушылығына қол
сұғатын қылмыстар туралы зерттеулері бағаланады. Нәтижесінде, мақалада «азғындық әрекеттер» ұғымына авторлық анықтама беріледі, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың негізгі белгілері, азғындық әрекеттердің түрлері (интеллектуалдық және физикалық, байланыстық және байланыссыз), қылмыстың объективтік жағына кіретін барлық жыныстық әрекеттер, Қазақстан Республикасының ҚК 124- бабында көзделген қылмыстың объективтік жағына талдау жасалады, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғатын сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттердің объективтік жағы талданады. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар да беріледі.
Мақалада Қазақстандағы білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беруді зерттеу және бағалау жүргізілді. Ғылыми қызығушылықты республика мен батыс елдеріндегі инклюзияны дамыту тәжірибесі, инклюзивтілікті қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық заңнаманы зерттеу, сондай-ақ республиканың жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді дамытудың тәсілдері мен ерекшеліктері тудырады. Білім беру ортасын терең талдау негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін одан әрі белсенді пайдалану үшін оқыту технологиясын дамытудың бағыттары анықталды. Автор әртүрлі инклюзиямен студенттердің білімін алуға бағытталған ЖОО студенттерін оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасайды.
Зерттеудің мақсаты – заңнамалық актілерді қарау және мүгедектердің білім беру процесін реттеудегі халықаралық тәжірибені зерделеу негізінде Қазақстандағы инклюзивті білім берудің құқықтық негіздерін бағалау. Зерттеу пәні инклюзияны нормативтік қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.
Мақала мақсаты – білім сапасын арттыру үшін заңнамаға сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың жақсы білім алуын қамтамасыз етудің әртүрлі әдістерін қарастыру. Шетелдік зерттеушілер мен практиктердің теориялық көзқарастары, республикадағы және басқа елдердегі инклюзия жағдайын талдау және бағалау, инклюзивті білім беруді реттеу мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды жіктеу негізгі әдістер болды. Мақалада инклюзивті білім беруді енгізудің халықаралық тәжірибесіне және АҚШ, Ұлыбритания мен Еуропадағы құқықтық реттеуге салыстырмалы талдау жүргізілген.
Білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында республика заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғары оқу орындарының автономиясы мен басқарушылық дербестігі кеңейіп келеді, бұл білім беру ұйымдарында инклюзияны дамытуға оң әсер етеді. Дегенмен, бүгінде өзекті болып отырған және құқықтық тетіктер мен құралдарды қолдану негізінде шешілуі тиіс инклюзивті білім беруді дамытуға қатысты жекелеген мәселелер бар. Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді дамытуға арналған талдау және бағалау академиялық қауымдастықты ақпараттандыруға бағытталған және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қызметкерлері, жоғары оқу орындарының басшылары мен білім сапасын қамтамасыз ету саласындағы мамандар үшін қызықты болуы мүмкін.
Бүгінде Қазақстанда "Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы "Қазақстан Республикасы Заңының жобасы белсенді талқылануда және эндаумент-қорларды құру жаңа бағыт болып отыр. Коммерциялық емес ұйымдар жанындағы эндаумент-қордың болуы жылдық табыс үлесін және қаржылық тұрақтылықты арттыруға, жоғары оқу орнының беделін көтеруге және қазақстандық ғылымның ұстанымын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада авторлар эндаумент қорларының қызметіне меценаттарды тартудың, сондай-ақ, олар үшін артықшылықты жағдайлар жасаудың маңыздылығы мәселесін қарастырады. Ұйымдық және құқықтық нысандарды жою қажет. Эндаумент қорларын белсенді және дұрыс дамыту үшін қажетті сенімгерлік басқару арқылы жоғары оқу орындарын өзін-өзі қаржыландыруды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі бола тұра университеттердің әлі де мемлекеттік қаражыландыруды жалғастыруы зерттеудің өзектілігін анықтайды. Донорларды тартуға байланысты кейбір ғылыми мәселелерді шешу ұсыныстары лұл зерттеудің теориялық маңыздылығын білдіреді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы - бұл материалды оқу процесінде және осы бағыттағы әрі қарайғы зерттеулерде қолдану мүмкіндігі. Эндаумент-қорларды құрудың нақты реттелген жүйесін құру білім беру саласындағы ауқымды міндеттерді шешуде жаңа инновациялық даму серпініне мүмкіндік береді.
Қазіргі серпінді әлеуметтік өзгерістер мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері ерекше өзекті болуда. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстар қазіргі криминология, психология және әлеуметтану жүйесіндегі ең күрделі және даулы мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл әрекеттер қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың жоғары дәрежесімен ғана емес, сонымен бірге зардап шеккендердің психофизиологиялық дамуы үшін терең деструктивті зардаптармен сипатталады, бұл мәселені жан-жақты пәнаралық талдауды қажет етеді. Зерттеу мақсаты - ішкі психологиялық механизмдерді, әлеуметтік детерминанттарды және девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына цифрлық ортаның әсерін анықтап, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар феноменін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Қазіргі заманғы зерттеулер кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасауға ықпал ететін психопатологиялық сипаттамаларды қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын биопсихоәлеуметтік факторлар кешенін анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік оқыту теориясы, психодинамикалық тәсілдер, когнитивті-мінез-құлық моделі және нейробиологиялық зерттеулер сияқты ғылыми тұжырымдамалар эмоционалдық және моральдық дамудың қалыпты механизмдерінің бұзылуы көбінесе генетикалық бейімділіктердің, ерте балалық жарақаттардың және қолайсыз әлеуметтік жағдайлардың күрделі өзара әрекеттесуінен туындайтынын көрсетеді.
Мақалада Қазақстан Республикасы соттарында азаматтық-құқықтық шартты «contra proferentem» қағидасын қолдана отырып түсіндіру қазіргі қолданыстағы құқықтық нормаларымен реттелмеуі немесе қарастырылмауына назар аударылды. Отандық құқықтық әдебиеттерде, экономикасы дамыған елдердің құқықтық жүйелердегі «contra proferentem» қағидасы шартты түсіндіру ережесінің қазіргі заманғы даму тенденцияларын ескеретін арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады.
Мақала мақсаты - кешенді түрде азаматтық-құқықтық шарттық талаптарын түсіндіру институтына
«contra proferentem» қағидасын құқықтық тұрғыдан талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар беру. Мақалада осы қағиданы ұлттық және халықаралық құқықтық тәртіпте қолданудың құқықтық негіздері, оның шарттың әлсіз жағының мүдделерін қорғаудағы рөлі, сондай-ақ сот ісін жүргізуде қолдану тәжірибесі қарастырылады.
Авторлар аталған қағиданың теориялық негіздерін, оның әртүрлі құқықтық жүйелердің құқықтану контекстінде дамуын, сондай-ақ оның іс жүзінде жүзеге асырылуын көрсететін сот практикасын талдайды. Contra proferentem қағидасын тең емес жағдайы бар субъектілер арасындағы қатынастарда-атап айтқанда, қосылу шарттарын, тұтыну келісім шарттарын және сақтандыру келісімдерін жасасу кезінде қолдануға ерекше назар аударылады. Қағиданың әлсіздікті қорғау және шарттық қатынастардағы әділеттілікті қамтамасыз ету механизмі ретіндегі маңыздылығы туралы қорытынды жасалады. Авторлар келісім шарттық міндеттемелерде әділеттілік пен адалдықты қамтамасыз ету құралы ретінде contra proferentem маңыздылығын атап көрсетеді, сондай-ақ заңды даулардың тәуекелдерін азайту үшін келісімшарт талаптарын неғұрлым нақты тұжырымдау бойынша ұсыныстар ұсынады.
ISSN 2790-332X (Online)