ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Жоғары дисперсті болып келетін көміртекті материалдар матрицасынан тұратын: микрокристаллды графит және көп қабырғалы көміртекті нанотүтікшелер, сондай-ақ, никель гидрооксидінің нанобөлшектерінен тұратын толықтырғыштардан жасалған суперконденсаторлар үшін композитті электродтар алынды. β-Co(OH)2 және β-Ni(OH)2 наноұнтақтары ерітіндіден химиялық тұндыру әдісімен алынды. Электродтарды жасау үшін байланыстырушы материал ретінде поливинилиденфторид полимері ұнтақ түрінде қолданылды. Циклды вольтамперометрия әдісімен электродтарды жасаудың негізгі технологиялық кезеңдері, гальваностатикалық зарядразряд әдісімен алынған құрылымдардың параметрлері анықталды. Көміртекті электродтарды жасауда өткізгіштігі мен сиымдылығы жоғары болып келетін механикалық берік қабаттарды жасау үшін жоғары дисперсті көміртекті материалдардың, ерітінді мен байланыстырушы полимерлердің ең оңтайлы қатынастары анықталды. Алынған электрохимиялық конденсаторлардың сиымдылығын өлшеу мен конденсаторлы құрылымдарды жасаудың әдістемесі өңделді. Жоғары дисперсті көміртекті материалдардан жасалған конденсаторлар циклдік вольтамперометрия қисықтарының типтік тікбұрышты формаларын және гальваностатикалық заряд-разрядқа тәуелділіктің сызықтық төмен-көтерілуін көрсетті. Меншікті сиымдылықтың типтік мәндері алынды ~50 Ф/г. Көміртекті матрицадағы никель гидроксидінің нанобөлшектерінен жасалған композитті электродтар сыйымдылықтың ~180 Ф/г дейін жоғарылағанын көрсетті. Меншікті сиымдылығы жоғары конденсаторларды құру үшін композиттік электродтардың болашағының перспективтілігі көрсетілді.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Денсаулыққа зиян келтіретін ауыз су құрамындағы мышьяк мәселесі ашылды. Литосферадан мышьякты ауыз суға түсетінің негізгі жолдары көрсетілді. Мышьяктың тез еритін формаларға және оның табиғи сулардағы негізгі қосылыстарына ауысуының химиялық реакциялары келтірілді. Табиғи тұщы сулардың мышьякпен ластану қаупі туралы әлемнің толық картасы. Табиғи беткі және жер асты суларында мышьяктың қоныс аудару механизмі түсіндіріледі. Техногендік геохимиялық тосқауылдарда жерасты ластанған суларынан мышьяк оқшалауның әдісі сипатталды. Табиғи беткі және жер асты суларында мышьяктың қоныс аудару механизмі түсіндіріледі. Бангладеште шамамен 60 миллион адам мышьякпен ластанған жер асты суларын ішу үшін пайдаланады, сондықтан улану қаупі бар. Табиғи тұщы сулардың мышьякпен ластану қаупі туралы әлемнің толық картасы. Қазақстанда жер асты суларын табиғи түрде ластайтын мышьяктың көптеген геогендік кен орындары мен кен көріністері бар екендігі көрсетілген.Тек Шығыс Қазақстан шекарасында Батыс Калбинский кен белдеуі анықталды, оның ұзындығы 800 км-ге және ені 80–100 км, оның кен нысандары алтын-арсенопиритпен (құрамында мышьяк мөлшері 2–5% дейін) рудалармен ұсынылған. Сонымен қатар, Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің әсерінен мышьякпен судың ластануының айтарлықтай техногендік компоненті бар: тек Өскемен металлургия зауытының үйінділерінде 300 мың тоннадан астам мышьяк минералды өнімдері жиналып, жылдық өсімі 11 мың тоннаға жетті, жерлеу әдісі сипатталған. Осындай қалдықтар, сондай-ақ техногендік геохимиялық тосқауылдардағы жерасты ластанған суларынан мышьяктың локализациясы.
Бұл жұмыстың мақсаты - полиакриламидтің (ПАА) иондық емес БАЗ-мен қоспаларының беттік қасиеттерін зерттеу. Бұл жұмыста 1 * 10-5 ÷ 1 * 10-3 негіз- моль/л концентрация шегінде ПAA беттік керілуінің төмендеуінің кинетикалық қисықтары алынды. Беттік керілудің тепе-теңдік мәндері негізінде полиакриламид (ПАА) беттік белсенді заттармен - иондық емес амфотерлі N,N - диметилдодециламин N-оксид (ДМДАО) және иондық емес кокоамидопропил бетаин (КАПБ) негізіндегі композициялық қоспалардың сулы ерітінділерінің беттік керілуінің изотермалары алынды. Төмен концентрациялар аймағында полимер - беттік-активті заттың композицияларының беткі керілуі төмен болатындығы көрсетілген, бұл жеке беттік-активті заттармен салыстырғанда беттік-белсенді заттың - ПАА композиттерінің беттік белсенділігінің жоғарылауымен байланысты. Беттік керілу изотермаларынан БАЗ мен БАЗ-композицияларының критикалық мицелла түзілу концентрациялары (КМТК) анықталды. Полимер - БАЗ КМТК шамалары ДМДАО – ПАА қоспасы ұшін бір реттік шамаға төмендейды, КАПБ - ПАА қоспасы үшін екі реттік шамадан жоғары деңгейге төмендейді, бұл сонымен қатар беттік-активті зат - полимер қоспаларының беттік активтілігінің жоғарылағанын көрсетеді. Көбіктер мен эмульсиялар үшін тұрақтандырғыш ретінде беттік-активті заттармен ПАА композицияларын қолдану тиімді эмульгаторлар мен көбіктүзгіштерді дамытудың перспективаларын ашады.
ISSN 2790-332X (Online)