Том 48, № 1 (2018)
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
21-25 460
Аңдатпа
Мақалада кинофильмдердің аудармасындағы мәдени аспектілердің рөлін аударма стратегиясына әсер ететін фактор ретінде қарастырылады. Кинофильмдердің атауларын аударудың негізгі әдістерін және стратегияларын анықтау және атау мен мазмұн арасындағы байланыс орнату, сондай-ақ фильмдердің ағылшын тілінен қазақ, орыс тілдеріне аударылуының барабарлығын анықтау. Этнолингвистикалық жағдайлардың ең маңыздысы болып табылатын киножобалардың аудармасы жаһандану мен мәдениетаралық қарым-қатынастың заманауи үрдістеріне елеулі ғылыми қызығушылық тудырады.
26-32 280
Аңдатпа
Бұл мақалада баланың дүние есігін ашып, оның жеке тұлға болып қалыптасуындағы жанұяның орны, ата-ананың балаға психологиялық әсері туралы баяндалады. Кез-келген адамның қоғаммен қатынасы жанұядан бастау алады. Жанұя - бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты.
32-37 333
Аңдатпа
Бұл мақалада шетел тілін оқытудың маңызды элементі болып табылатын тыңдалым арқылы оқушылардың дыбыстық бейнелерді, тілдік құбылыстарды тануы және оларды түсінуі, шет тілінде тыңдаған ақпараттарын қажетті жерінде пайдаланып, қатынас жасай білу қабілет-дағдыларын арттырудың маңызы туралы айтылады.
37-42 302
Аңдатпа
Осы мақаланың мақсаты ағылшын тілін оқыту контексінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту туралы теориялық және практикалық идеяларды бөлісу болып табылады. Біріншіден, автор үш сұраққа жауап беруге тырысады, атап айтқанда, сыни ойлау деген не, неге қызықтырады және ағылшын тілін оқытуда сыни ойлауды дамытады және сабақты қалай жасау керек, соның ішінде сыни ойлаудың даму элементі. Сондай-ақ, осы мақалада сыни ойлауда, мысалы, когнитивтік және аффективтік аудандарда, сондай-ақ ABCD үлгісінде сабақ жоспарында қажетті компоненттерді қосудың ыңғайлы негізі ретінде сабақты дамытуда пайдалы болатын кейбір қосымша түсініктер келтірілген.
43-47 332
Аңдатпа
Бұл мақалада жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі, оның психологиялық факторлары қарастырылады. Өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады.
51-56 244
Аңдатпа
Мақалада Еңбек кодексінің қойылған талаптарынан жұмысшылар мен қызметкерлердің бөлек тарифтендіру және біріңғай тарифтік кесте болып бөлінетін тарифтік, тарифсіз және аралас түрінде қалыптасатын жұмысшылардың еңбек ақы жүйесі қарастырылды.
56-60 595
Аңдатпа
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау мәселелері қарастырылады. Білім беру жүйесінің басты мақсаты - жас ұрпақты үнемі өзгеріп жатқан қоғамда, белсенді өмір сүруге дайындау. Қазіргі заманғы қоғамның дамуы қарқынды, сондықтан білім беру процесінің басты міндеті - балаларға терең білім беру және замандағы болып жатырған өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік беретін қасиеттерді тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамытудың тиімді дидактикалық құралдарын іздестіру осы міндеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ойлау - бағдарлау, зерттеу, танымдық және трансформациялық сипатта болатын әрекеттер мен операциялардың жүйесін ұсынатын теориялық және тәжірибелік қызметтің ерекше түрі. Баланың ой-өрісін дамыту сенсорлы танымға, тілге, практикаға қатысты зерттелуі керек. Бала объектілерді қолданып, заттарды қабылдау арқылы ойлайды.
64-68 309
Аңдатпа
Тақырыпқа сай, бұл мақалада жалпы білім беретін орта мектептегі жазбаша және жазба сөз мәселесін талқылау, осы сөйлеу әрекет түрлерінің өзгешелігі және олардың ерекшеліктері сипатталады.
83-86 259
Аңдатпа
Мақалада орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына енгізілген өзгерістер, жаңартылған бағдарламаның жұмыс жүйесі, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы қарастырылған.
86-94 403
Аңдатпа
Мақалада білім беру жүйесіндегі технологиялардың шеберлігіне қойылатын талаптар және пайдалану қағидалары туралы айтылған.Технология кезеңдері, инновациялық жүйе, бастауыш білім беру саласы жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді зерттеу және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болатындығы.
95-98 284
Аңдатпа
Әлеуметтендіру - адам баласы дүниеге келгеннен басталатын және бүкіл өмірі бойына жетелейтін үрдіс. Бұл мақалада баланы әлеуметтендіру үрдісі жөнінде, баланың нені үйренетіні, сонымен қатар, қатарластарымен өзара әрекеттесу кезінде туындайтын мәселелер туралы және педагогтардың бұл мәселелерді шешуде балаға қандай көмек көрсететіні туралы баяндалған.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
99-104 281
Аңдатпа
Бұл мақалада Атырау облысының логистикалық компаниясында жүргізілген келісім-шарт аудитінің нәтижелері сипатталған. Кәсіпорындағы келісім-шарт жүйесін жетілдіру бойынша аудит нәтижелері туралы ұсыныстар берілді.
104-111 480
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің ұйымдастыру ерекшеліктерімен сақтандыру нарығының дамуындғы негізгі тенденцияларды қарастырады. Әр түрлі елдердегі сақтандыру қоғамдарын құру кезінде құқықтық-ұйымдастыру нысандарын қолдану тәжірибесі сипатталды.
111-115 265
Аңдатпа
Отанымыздың қазіргі кезде экономикалық жетістіктерімен, жаңа саяси құрылымымен экономикалық қарқынды өсу кезеңінде. Экономикалық өсімнің тұрақтануы және шикізат ресурстарын экспорттау арқылы ұлттық экономика дағдарыстан өтіп, соңғы жылдарда экономикалық өсім қарқынын үлкейді.
115-121 278
Аңдатпа
Мақалада экономиканы әртараптандырудың теориялық жақтары қарастырылды. Әртараптандыру түсінігі жан-жақты талқыланып, түрлі себептерге байланысты қолдану аясы нақтыланды. Мұнайгаз саласын әртараптандырудың негізгі бағыттарындағы басты басымдықтарға назар аударылды.
121-129 281
Аңдатпа
Мақалада елімізде және әлемде кәсіподақтардың қалыптасу кезеңдері туралы баяндалады. Қазіргі заманғы қоғамдық бірлестік ретінде, кәсіподақтардың қағидаттары, негізгі функциялары және құқықтық мәртебесі зерделенген. Авторлар әлемдік тәжірибеге сүйене отыра, жоғарыдағы қоғамдық бірлестік жұмысын жетілдіру жолдарын ұсынады.
135-140 232
Аңдатпа
Бұл мақала ауылдық жерлерді стратегиялық жоспарлаудың заманауи үрдістері мен шетелдік тәжірибелерін зерттеуге арналған. Қазақстандағы ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған шаралар сипатталған. Еуропалық Одақтың - LEADER стратегиялық жоспарлау модельдерін, сондай-ақ Беларусь тәжірибесін зерттеу ұсынылады.
ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
141-146 233
Аңдатпа
Мақалада қолданбалы математикалық есептерді шешудің кейбір сандық әдістерінің жетілдіру қазіргі ұрғыдан қарастырылған. Мащиналық әдістерді жетілдірілген алгоритмдерінің BorlandC++ ортасында программалық коды әзірленген. СЕТ сандық шешудің Брент әдісімен анықталған нәтижелері (жинақтылығының шапшаңдығы және дәлдігі) Больцано, «алтын қима» және қиюшылар әдістерімен салыстырып, оның басқа әдістерге қарағанда шапшаңырақ екені мысалмен нақтыланған
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
150-154 267
Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада Атырау қаласынның ақаба сулары мен олардың ағу, тазарту жүйелері туралы мәліметтер айтылады. Су желілерінің ұзындығы, жұмыс жасап тұрған су тазарту стацияларының саны, олардың суды булану аймағына айдалуы мен осы жауапты мекеме жайлы айтылған. Ағын суларды арнайы су айдындарына жіберер алдында тазарту үшін жүргізілетін шаралар кешені мен тазарту әдістері көрсетілген.
155-158 237
Аңдатпа
Қазақстанда мұнай химияны дамытудың маңыздылығы талас тудырмайды. Республикада мұнай химиясын кеңінен дамытуды жақсы шикізат қорының болуы, экономиканың қарқынды дамуы тартымды ете түседі. Көптеген өндірушілер пропиленге деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыратын әдістер қарастыруда.
163-167 242
Аңдатпа
Бұл мақалада цитрус өсімдіктерінің қазіргі таңда алатын орны ерекше екені айтылады. Соның ішінде адам денсаулығы үшін пайдасы зор. Сондай-ақ, компьютермен жұмыс жасауда цитрус өсімдіктері маңызды роль атқарады.
172-180 269
Аңдатпа
Мақалада Атырау қаласының және облысының тұрақты даму мәселелері, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (ББҰ) Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) орындау барысы қарастырылған. Осы жұмыста Атырау өнірінің жалпы сипаттамасы, экологиялық проблемалары, демографиялық көрсеткіштер және статистика мәліметтерін салыстырмалы түрде талдау жасалған.
ТАРИХ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ
3-10 281
Аңдатпа
Мақалада Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық мекенінен солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Райымтөбе обаларындағы археологиялық зерттеулер баяндалады. Бұл оба Жайық өзенінен 10 км., қашықта орналасқан. Жайық өзені өңірінде қазіргі кезеңде жүздеген обалар белгілі. Олар сонау қола дәуірінен бастап, ортағасыр кезеңін дейінгі уақыты қамтыған. Сонымен бірге ерте темір кезеңінің обалары да жеткілікті. Қазіргі кезеңде ондаған обалар қазылды. Бірақ олардың көбісі ерте кезден ақ тоналған. Соның бірі баяндалып отырған қабір. Ол, «кенотаф» болған болған[1].
11-14 258
Аңдатпа
Бұл мақалада Елбасының 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауындағы ұлттың тарихи санасын қалыптастыру, рухани жаңғыруымызға бастама болатын жайттар, осы мәселелерді жастар бойына дарыту, өткен тарихымызға құрметпен қарауда, әсіресе, көркем әдебиеттің, тарихи романдардың ролі баяндалады.
15-20 427
Аңдатпа
Мақалада қазақ және ағылшын мақал-мәтелдері этнолингвистикалық және этномәдени сипатта қарастырыла отырып, әсіресе олардың мән-мағынасына көп көңіл бөлінеді. Әр түрлі тақырыптағы мақал мәтелдерге тоқталып, олардың мағыналарының қалыптасуындағы уәждік негіздері анықталды. Ағылшын тілі сабағында мақал мәтелдерді тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
ISSN 2077-0197 (Print)
ISSN 2790-332X (Online)
ISSN 2790-332X (Online)